Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова С. Н оқытушы, психология магистрі



бет65/92
Дата27.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#160005
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92
Байланысты:
Психология силлабус copy-1 (4)

Топаралық өшпенділік. Тұңғыш рет Г.Лебон (1896) мен У.Мак- Дугаллдың (1916) еңбектеріне сүйене отырып З.Фрейд (1925, 1930) сипаттады. З.Фрейд топтық кез-келген өзара әрекеттесуінде топаралық өшпенділіктің универсалдылығы фактісін постулаттады. Ол осы өшпенділікті топтың топтың топталып, нығаюын қолданудың басты құралы ретінде түсіндіре отырып,
оның функциясын анықтады. З.Фрейд «өзгелерге» деген дұшпандықтың қалыптасу көздерін анықтаған.
Аталмыш механизм өз дамуының жалғасын Д.Доллард (1939), Н.Миллер (1941) және Л.Берковитцтің еңбектерінен тапты. Мысалы, Л.Берковицтің адамның агрессияның барлық «басқаларға», оған бұрынғы кезде, «әлеуметтік үйрену» процесінде фрустрациялаушы әсер тигізгендерге ұқсайтындарға тасымалдануынан құтыла алмайтындығын дәлелдеді (1972). Бұл жерде топаралық агрессиядан қашып құтыла алмаушылық қайтадан постулатталады.
«Фрустрация- агрессия» теориясын ұстанушылар
адам фрустрациялаушы әсерді тікелей бастан кешірмей, тек оның пассивті куәгері болып табылған жағдайда агрессияның пайда болу мүмкіндігін көрсетті (Берковиц, 1965 Берковиц Джин, 1965).
Мүдделердің обьективті конфликтісі. Аталмыш механизм Д.Кэмпбелл жасаған топтық конфликтінің реалистік теориясында анағұрлым толық сипатталған (1979). Бұл теорияның негізін төмендегі жағдайлар құрайды.

    1. Әр түрлі топтар мүдделерінің конфликтісі топаралық конфликтіні туғызуы мүмкін.

    2. Мүдделердің конфликтісі, сондай-ақ бұрынырақ орын алған топаралық конфликт топтың жекелеген мүшелерінің басқа топ тарапынан болатын қауіп -қатерді қабылдауына себепші болады.

    3. Қауіп-қатер топтың жекелеген мүшелерінің қауіп-қатер көзіне өшпенділігін оятуға себепші болады.

    4. Қауіп-қатер топ ішіндегі ынтымақтастыққа себепші болады.

    5. Қауіп-қатер индивидтің өзіндік топ құрамында болушылығын анағұрлым толық ұғынуға себепші болады.

    6. Қауіп-қатер топтық шекаралардың өткізбеушілігін, жасырындылығын арттырады.

    7. Қауіп-қатер индивидтердің топтық нормалардан ауытқуын азайтады.

    8. Қауіп-қатер жазалау шараларын және өз тобына берілушілікті бұзғандардың шеттетілу дәрежесін арттырады.

    9. Қауіп-қатер топтық нормалардан ауытқыған топ мүшелерін жазалау қажеттілігіне әкеледі (шынайы қауіп-қатер догматизм мен этноцентризмді арттырады).

    10. Топ мүшелерінің сыртқы топ тарапынан болатын қауіп-қатерді қате қабылдауы топ ішіндегі ынтымақтастықтың жоғары болуына және сыртқы топқа қатысты өшпенділікке себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет