Бірінші типі тұлғаның обьективті жағдайларды немесе қоршағандардың талаптарын жете бағалай алмауына байланысты тым жоғары қоятын талаптарымен сипатталады.
Екіншітипі өзіндік қажеттіліктердің қайшылықтарымен, тілек пен борыш, міндет арасындағы моральдық принциптер мен жеке құштарлықтар арасындағы тартыспен сипатталады.
Үшіншітиптегі конфликт невроастениялы тұлғаның мүмкіндіктері мен оның өзіне қоятын тым жоғары талаптары арасындағы қойшылық болып табылады. Мұндай жағдайларда индивидтің өз-өзіне бағытталған агрессивті әрекеттері мысалы: суицидальді әрекеттер болып табылатын аутоагрессияның пайда болуы мүмкін.
Әлеуметтікконфликт.Әлеуметтікконфликтдегеніміз– әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама- қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.Егер конфликт субьектілері қарама- қарсыәрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады (передконфликтными).
Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.
Конфликт психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: тұлғаішілік конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер.
Конфликт психологияның орталық обьектісі - әлеуметтік конфликтілер ал олардың ядросы – тұлғааралық конфликтілер болып табылады. Басқа әлеуметтік конфликтілермен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылытын тұлғааралық конфликтілерді зерттеу конфликтілі өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін.Психикада болып жатқан және адамның конфликтілі мінез-құлқын анықтайтын процестерді зерттемей әлеуметтік конфликтілердің мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.
Отандық психологияда әр түрлі конфликтіні зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты.Еңбектердің 83 %-ке жуығы тұлғааралық конфликтілерді зерттеу болып келеді.Ішкітұлғалақ конфликтілерге 8%-ке жуық публикациялар арналған. Шағын , орта және үлкен топтар арасындағы конфликтілердің, халықаралық конфликтілердің психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ ресей психологтары адамзаттың әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі және қатынастар сфераларындағы конфликтілерді зерттейді:
-әлеуметтік конфликтінің түрі; обьектісі, еңбек қатынастары мен оларды қамтамасыз ету шарттары болып табылатын
-еңбекконфликтілері ( Н.В.Гришина, Т.М.Данькова, С.И.Ерина, А.А. Ершов, А.Г. Ковалев және т.б.)