Дәріс мазмұны: Білім беру мекемесі басшысының қызмет бағыттары (функциялары)
Мектеп басшысының басқару мәдениеті.
Мектептiң педагогикалық ұжымы, оның ерекшеліктері.
Басшылық стилі ұғымы, оны қалыптастыру факторлары.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль – адамның өзі» деп тұжырымдайды.
Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым қатынас туғызады.
Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.
Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әркеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Басшының дербесжәне жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әркетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны түгелдей, егжей-егжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрі обективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Іс-әрекет сипаты;
2. Басшы мен бағыныштылар арасында өзара байланыс;
3. Психологиялық қасиеті;
4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріп отырады.
Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.
Стильдің қалыптасуы-бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсаты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Басқару стильдері:
1. Авторитарлық стиль –бұл адам барлығына тең нұсқау жасайды, тек бұйырады. Басқа адамдардың айтқанын тыңдамайды. Көбінесе жекіріп сөйлейді. Осы адамның қол астындағылардың барлығы бағынышты жағдайда болады. Бұл стиль күрделі жұмыс жасаған кезде қолайлы болатын шығар, мұндай стилді Наполеон стилі дейді.
2. Либералды стиль.Еркіндіктің жоғары дәрежесі. Анархияға жақын өзімен - өзі жүзіп бара жатқан қайық. Мұндай басшылар көбінесе тәртілікті сақтамайды, ережелерді қиналып орындайды, қиналып міндетін атқарады, адамды аз сынайды. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Мен саған, сен маған».
3. Мейірбанды стиль.Өктемшілдік, сөзді тыңдаған кезде күлімсіреп, иығыңызға қолын салады, ал одан кейін өзі қалай істегісі келсе солай жасайды. Бірақ мұндай басшы өзімен істес болған адамдар жөнінде шынында да қамқорлық жасай алады. Алайда шешім қабылдау әрдайым осы адамның қолында болады. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Мен сізді түсінемін, бірақ ...», « Мен сізді тыңдап тұрмын, бірақ....»
4. Демократиялық стиль.Демокртиялық әкімшілік басқару стилінің жоғары деңгейі. Ол үшін әкімшілік пен басқару тобының және ұжым мүшелері арасындағы тұрақты өзара қатынас түсіністік ұйымшылдық және өзара қарым – қатынас жүйесі қолданылады. Басшы мен бағынушылар мақсат пен проблемалармен жұмыс істейді. Шешімдерді бірауыздан қабылдайды және топтың барлық мүшелері жаупкершілікті өз мойына алады. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
5. Кооперациялық стиль.Басқару жөніндегі өкілеттіліктің бір бөлігі ұжымға берілген әкімшілік басқару процесіне қатысушылардың оның пікірінше өздері мүдделі болып отырған мәселелер бойынша кеңес береді. Қызметкерлер бір мезгілде басқару органының мүшелері болып табылады.
6. Араласпау стилі. Бұл стиль кез келген басқа әкімшілік стильден алшақтау болады. Әкімшілік қиын қыстау кедеңде басын құмға жасырады. Ол дұрыс жасамағандардан теріс айналып кетеді. Адщамдарды ешқашан объективті түрде бағаламайды. Әрбір ұжым мүшелеріне қолайлы ыңғайлы болса, солай істеуге мүмкіндік береді, төтенше жағдайда қашып кетеді. Жауапкершілікті ешқашан өзіне алмайды.
7. Агрессивті бумеранг стиль. Бұл адам басқалармен жекіріп сөйлейді. Қызуы тез көтеріледі, басылуы қиын сөйлеу мәнерлігідөрекі. Шыдамсыз кейде кекетіп сөйлейді. Көптеген мақал – мәтелдерді қолданады. Ең сүйікті сөзі «Мен». Мимикасы өте шапшаң, мұндай адамдар өзін - өзі басқара алмайды.
№7 дәрістің тақырыбы:Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау Дәріс мазмұны: Мектепiшiлiк бақылау, оның мақсаты мен міндеттері
Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi және әдiстерi
Педагогикалық қызметте бақылау функциясының маңызы зор. «Бақылау басқарушы циклдің барлық функцияларымен тығыз байланысты, бұл байланыс педагогикалық талдау функциясымен айқын көрінеді, себебі мектепішілік бақылау барысында алынған ақпарат педагогикалық талдаудың өзегі болады. Бақылау мол, жүйеге келтірілген ақпарат беріп, қойылған мақсат пен алынған нəтиже арасындағы айырмашылықты көрсетеді, ал педагогикалық талдау осы айырмашылықтар мен бұрмалаушылықтардың себептерін, жағдайларын анықтауға бағытталған. Бақылау үдерісі барысында алынған нақты материал педагогикалық талдауға тартылатынын еске саламыз. Бұл жағдай мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдаудың мазмұны мектеп қызметінің бір бағыттарын құрайтынын дəлелдейді» . Білім беру мекемесінің қызметін бақылау білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған күрделі, көп қырлы, иерархиялық ұйымдасқан жүйе болып табылады. 84 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 ж.) заңының «Білім беру сапасын басқару» 55-бабында «білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған жəне ол білім беру сапасын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін құралдарды тиімді пайдалануды бағалау жəне білім беру жүйесінің қызметінің жалпы тиімділігін бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайды» деп көрсетілген . Сондай-ақ мұнда «білім беру сапасын сырттай бағалауға лицензия беру рəсімдері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім беру ұйымдарын аккредиттеу, бірыңғай ұлттық тест өткізу, аралық мемлекеттік бақылау, сондай-ақ барлық түрдегі білім беру ұйымдарын саралау рəсімдері мен техникалық жəне кəсіби, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын тұлғаларға біліктілік беру рəсімдері кіреді. Білім беру сапасын іштей бағалауға сапа менеджменті жүйесі, білім беру ұйымдарының барлық қызмет түрлеріндегі өзін-өзі бағалаудың түрлі рəсімдері, үлгерімді ағымдағы бақылау, оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалау енеді» делінген . Білім беру сапасын сырттай жəне іштей бағалауды кешенді пайдалану, бағалауға білім беру мекемесінің өзі, түрлі уəкілетті органдардың қатысуы, оны үздіксіздік, жүйелілік жəне т.б. ұстанымдары негізінде өткізу білім беру мониторингін енгізумен тығыз байланысты. Бұл мəселе одан əрі сəйкес бөлімде қарастырылады. Ал мұнда білім берудің жеке ұйымын басқаруда бақылау қалай жүргізілетініне тоқталайық. Т. И. Шамова шығарған мектепішілк бақылау түрлері мен нысандарының жіктелімін қарастырайық. Ауқымдарына (қамту ауқымына) байланысты құрған жіктелімнің бірінші деңгейінде бақылаудың екі түрі бар: тақырыптық жəне тұтас. Бақылау нысанының белгісі бойынша, яғни ол не нəрсеге бағытталуына қарай мыналарды бөлуге болады: – жеке бақылау, ол жеке педагогтың жұмысын талдау жəне жұмысын бағалау үшін пайдаланылады; – сыныптық-жалпылауыш бақылау, ол оқу əрекетінің табыстылығын жəне/немесе жеке сыныпты тəрбиелеу үдерісін зерттеуге бағытталған. Мұнда осы сыныпта сабақ жүргізетін барлық пəн педагогтарының жұмысы да бақылау пəні болады; – пəндік-жалпылауыш бақылау жеке пəнді оқыту сапасын зерттеуге бағытталған. Бақылаудың бұл түрі бір сыныптағы, сыныптар параллеліндегі, бүкіл мектептегі пəнді оқытуды қамтуы мүмкін; – тақырыптық-жалпылауыш (тақырыптық) бақылау əртүрлі мұғалімдердің, əртүрлі пəндер бойынша, əртүрлі сыныптардағы 85 жұмысын зерттеуі мүмкін. Мұндағы біріктіруші жағдай – өз шешімін табуы қажет болатын қандай да болсын өзекті тақырып (мəселе). Мысалы, оқушылардың қабілеттерін дамыту, мектеп оқушыларының танымдық уəждемелерін қалыптастыру, олардың өкілеттіктерін қалыптастыру жəне т.с.с. – кешендік-жалпылауыш бақылау бір немесе бірнеше сыныпта оқу пəндерінің бірқатарын зерттеудің тиімділігін талдаумен байланысты болуы мүмкін. Бақылаудың осы түрлер тобын бөлуге Т. И. Шамова пайдаланатын белгі де жүзеге асыру ауқымымен байланысты сияқты. Бақылау нысаны бойынша мектепте бағалауға бағытталған бақылаудың келесі түрлерін бөліп көрсету қисынды болар еді: – жаппай білім беру заңын орындау; – пəндерді оқыту жағдайы; – бейінді даярлау алдындағы жəне бейінді оқыту ұйымдары; – оқушылардың кəсіптік бағдарлануы; – оқушылардың тəрбиелік жəне даму деңгейі; – мектеп құжаттамасын жүргізу; – əдістемелік жұмыс; – тəжірибе-эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмыстар; – педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың кəсіпқойлығын жетілдіру жəне т.б. Пайдалану мерзімі бойынша бақылау ағымдағы, аралық (шекаралық), қорытынды болуы мүмкін. Білім беру ұйымының ішінде бақылауды осы ұйым басшысы, оның орынбасарлары, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады. Мектепте жəне ТжКБ мекемелерінде бұл – директор, олардың орынбасарлары, мектеп əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, пəндік-цикл комиссияларының төрағалары. Жоғары оқу мекемелерінде – ректор, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері жəне т.б. директорлардың, мектеп оқу ісінің меңгерушілерінің, ƏБ мен ПЦК жетекшілерінің, жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің функцияларына педагогтар жүргізетін сабақтарға қатысу, одан кейін алған ақпаратты талдау жəне ұсыныстар əзірлеу де енеді. Басшының неше сабаққа қатысуға тиіс екендігіне қатысты қатал сандық нормативтер мұнда орынсыз. Бұл айтарлықтай мөлшерде білім беру мекемесінің мақсаттарына, педагогтар санына, олардың кəсіпқойлық деңгейіне, білім беру үдерісінің сапасына жəне т.б. байланысты. Ұзақ уақыт бойы оқу-тəрбие үдерісінің жоғары сапасын көрсететін, педагогикалық тəжірибесі мен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейі бар педагогтар басқаша айтқанда, өзін-өзі бақылауға алуы мүмкін. Бұл 86 педагогтардың біліктілігі сондай, олар өздерінің кəсіптік қызметінде кемшіліктерді өздері анықтап қана қоймай, сонымен қатар туындаған мəселелерді шешу жолдарын да өздері таба алады. Бұдан басқа, тəжірибе көрсеткендей, өзін-өзі бақылауға ауыстыру педагогтың жауапкершілігін, өзіне деген талап қою деңгейін, кəсіптік қызмет сапасына деген талаптарын арттырады. Г. Б. Скок педагогтың өзін-өзі бағалау мен қызметі туралы ақпараттың басқа дереккөздерімен үйлесу қажеттілігін ашып көрсетеді, бұл дамыған педагогикалық рефлексияны дəлелдейді. Атап айтқанда, ол педагогке өз қызметінде педагог қол жеткізген соңғы нəтижеге; ол əзірлеген жəне енгізген əдістемелерге; оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлеріне; əкімшілік пікірі сияқты аспектілерге көңіл аударуды ұсынады Бақылаудың тиімді түрі, сондай-ақ жақын бағыттарда жұмыс істейтін педагогтар (бір оқу пəнін жүргізетін, тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың сабақтас тақырыптарымен жұмыс атқаратын жəне т.с.с.) жүзеге асыратын өзара бақылау да тиімді болып табылады. Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру барысында пайдаланылатын əдістердің ауқымы өте кең: бұл психологиялық диагностика əдістері, педагогикалық жəне əлеуметтік зерттеу əдістері, оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін дəстүрлі бақылау əдістері. Сол сияқты, білім беру тəжірибесінде мектеп құжаттамасын, оқушылар əрекетінің өнімдерін зерттеу, байқау, ауызша жəне жазбаша сұрау əдістері (əңгімелесу, сауалнама), ауызша жəне жазбаша бақылаудың түрлі əдістері. Бұл əдістерді пайдалану максималды дұрыс жəне объективті ақпарат алуды кепілдік ететіндей ұйымдастырылуы тиіс, мысалы, əдістер жүйе ішінде, кешенді түрде пайдалануы тиіс, бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін, бақылау жүргізілетін межелер мен көрсеткіштерді анық айқындау қажет. Аттестаттау бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Оқушыға қатысты қарастырғанда, ол – оның алған білімінің деңгейін анықтайтын қорытынды рəсім. Педагог қызметкерді аттестаттау – ол қызметкердің біліктілік деңгейінің талапқа сəйкестігін анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің аттестаттауы жүргізіледі, оның барысында олармен ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы, іс-əрекеттерінің барлық жақтары сапасының ішкі жəне сыртқы аудиті іске асырылады. Аттестаттау ең алдымен сыртқы бақылау құралы болатынын айта кету қажет. Мектепішілік бақылаудың қазіргі тəжірибесіне кейбір кемшіліктер тəн. «Біріншіден, директор жəне оның орынбасарлары арасында бақылау нысандарын бөлу болмаған кезде, бақылау тек есеп үшін ғана жəне тексерілген сабақтардың санын жинау үшін ғана ұйымдастырылған 87 жағдайда бақылау жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Екіншіден, бұл бақылауды ұйымдастырудағы формализм, онда анық қойылған мақсат жоқ..., бағалаудың объективті межелері жоқ немесе олар пайдаланылмайды. Үшіншіден, белгілі бір тарапты бақылау, педагогикалық үдерістің бір бағдарын бақылау деп танитын мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. ... Төртіншіден, бақылауда тəжірибелі мұғалімдер, əдіскерлердің қатысуынсыз тек лауазымдық тұлғалардың қатысуы немесе, керісінше, əкімшілік өкілдерінің аз қатысуы» . Бұл кемшіліктер оқушының білім алу барысын бақылауда да орын алады. Бақылауды тек қорқыту құралы ретінде ғана қарастыруға болмайды, тіпті кемшіліктер анықталған жағдайда басшы тарапынан педагогке, мұғалім тарапынан оқушыға қатысты жазалау емес, осы сəйкессіздіктердің пайда болуына себепкер болған себептерді анықтау жəне оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдануы тиіс. Бақылау, əсіресе, оны басқа адам (басшы, əріптес жəне басқалары) жүргізгенде, шиелініс сипатында болуы мүмкін, сондықтан оны ойластырып ұйымдастыру қажет. Бақылау бүкіл педагогикалық ұжымға жəне жеке педагогтарға түсінікті мақсаттарда, іс-əрекеті тексерілетін адамдарға жеткізілген межелерде негізделуге тиіс. Бақылау үдерістеріне жұмылдырылған барлық білім субъектілері бақылаудың бірінші кезекте көмек көрсетуге, проблемаларды анықтауға жəне шешуіне бағытталғанына сенімді болу керек. Осының нəтижесінде бақылауға басқару функциясы ретінде бірқатар талаптар қойылуы мүмкін: – бақылаудың басқа функцияларымен тығыз өзара байланыс (жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеме); – педагогикалық қызметті, білім беру сапасын жетілдіруге бағытталуы; – бақылаудың барлық кезеңдерінің жариялығы; – бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құрметтеу; – педагогтарды бақылау құралдарын жобалауға, оны жүзеге асыруға жəне қорытынды шығаруға тарту; – бақылау-бағалау рəсімдерін үнемі жетілдіру жəне т.б. Бақылау функциясының өзіндік өзегі – білім беру мекемесінің бұрынғы уақыт мерзіміндегі қызметі туралы деректерді анықтап, талдау, бұл өз кезегінде, болжалдық көрсеткіштер мен одан əрі жұмысты жоспарлауға негіз болады. Бұл аспектіде бақылау басқарудың қосымша функциясы – ақпарат функциясымен тығыз байланысады. Ақпарат жинауды ұйымдастыра отырып, алдын ала қандай деректер бүкіл мекеме жұмысын, жеке құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер жұмысын басқаруда ең маңызды болып табылатын аспектіде сипаттайтын деректерді анықтау қажет.
№8 дәрістің тақырыбы:Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау
1. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны мен мектептің жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип түрлері.
1.Мектептегі жоспардан басқа да жүргізілетін құжаттар және оларға сипаттама. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс – әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары қолданады.Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз – өзіне қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарларда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқада шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттері қалыптастыру бойынша шаралар көретіледі. Оқушыларға эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата – анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата – аналармен кездесу өткізу, оларға ақыл – кеңес беруді ұйымдастыру, ата – аналар жиналыстарын өткізу, ата – аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата – аналарды мектептегі тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен қорытындылау жұмыстары қарастырылады.“Педагогикалық кадрлармен жұмыс” тарауында мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымы мүшелерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай – ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәсіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспар – графикпен толыќтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар – график түрінде де қарастырылады). Жоспар – графиктің ең қарапайым түрі 3 графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа – шаралары тізімі, екінші графа – осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады.Жоспар – графиктік басқа түрлерінде, сондай – ақ, мақсат графасы (мақса бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу бағытын бақылау графасы, тараудың орындалғаны турлы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.Мектеп жұмысын барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық процесс туралы ақпаратты пайдалану.Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасаудың формаларының мазмұндық бірлігі (жалпы мекткптік жоспарлау, тақырыптық және сабан жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыстарының жоспарлары және т.б.).
№9 дәрістің тақырыбы:Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау