Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Дүниетанымның философиялық негіздеріне түсінік.
Жеке тұлғаның құндылық бағдары.
Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тəсілдері.
4 апта
№7 Дәріс тақырыбы: Педагогтың үздіксіз өсуінің факторлары
Жоспары:
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдерістің субъектілері арасындағы өзара әрекеттің негізі ретінде.
Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері
Педагогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады.
Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, «... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи...». Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, «Адам-Адам» схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. «...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, – онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады...» Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын
К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді . Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады. Қарым – қатынас – адамдар арасындағы бірлескен іс-әрекет қажетті-лігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс.Қарым – қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: ақпараттық-коммуникативтік ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі танумен байланысты; реттеуші-коммуникативтік адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру; аффективтік-коммуникативтік адамның эмоционалдық аясымен байланысты; Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністік-ке қол жеткізу.Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тың-дап, түсіне білудің маңызы зор.Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып табылады.Ал қарым-қатынас мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр адамның білім, тәрбие және әлеуметтену деңгейін көрсететін, мінез-құлық мәдениетінің құрамдас бөлігі. Қарым-қатынас туралы түсінік және оның құрылымы туралы алғаш ұсынған 1970 жылы Б.Д.Парыгин.Ол қарым-қатынастың негізгі өлшемдерін атап өтті: психикалық контакт ( тұлғаның бірін-бірі қабылдауы ), хабар алмасу вербальді және вербальді емес қарым-қатынас, өзара әсер, өзара бірлескен іс-әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |