М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
SYLLABUS
Пәннің атауы Педагогика
Құрастырғандар:
Маденова Л.М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі
(ТАӘ,, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Нәбиева Ж.Ж. оқытушы, педагогика магистрі
(ТАӘ,, лауазымы, ғылыми дәрежесі
Орал, 2021 ж.
SYLLABUS әрбір «Педагогикалық ғылымдар» бакалавр білім беру бағдарламасының негізінде әзірленді.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының «10» 09 2021ж. мәжілісінің
№1 хаттамасымен қаралды
Кафедра меңгерушісі Д.Г.Хабиева
П ікір беруші: Ергалиева Г.А.
1. Пән туралы мәліметтер:
-
Кредит
|
5
|
Курс
|
2
|
Семестр
|
1,2
|
Қорытынды бақылау түрі
|
КТ
|
Дәріс (сағаты)
|
30
|
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
|
15
|
СОӨЖ (сағаты)
|
20
|
СӨЖ (сағаты)
|
85
|
Барлық сағаттар
|
150
|
«Педагогика» курсы – теориялық және практикалық пән; пәннің бұл бағыттылығы педагогиканың ең алдымен философиямен, психологиямен, тілдік пәндермен және т.б. кіріктірілуін білдіреді. Жалпы педагогика студенттерді психологиялық-педагогикалық даярлаудың жалпы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді ғылыми талдау және болжау әдістерін игеруге, білім алушы тұлғасының даралығын, шығармашылық әлеуетін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Педагогика» курсын оқытудың мақсаты – ойлаудың педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру; заманауи педагогикалық жағдайларды өз бетінше түсіну, шешу және оларды авторлық әдістемелерді, педагогикалық технологияларды әзірлеуде құзыретті қолдану үшін педагогикалық білімді қолдануға қабілетті студенттерді кәсіби-педагогикалық дайындыққа бағыттау, білім алушылардың жаңартылған білім беру мазмұнының теориясы мен әдістемесін игеруге бағыттылығын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |