Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары



бет3/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

2. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Маденова Лаззат Мутиголлиевна, 87016358871, lazat.pedagog@mail.ru
Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы 87769000788 nabi.zhanar@inbox.ru
3.Курстың саясаты:
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқият, толық жағдайда жауап берген уакытта алады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттермен жұмыстану барысында аудиожазбалар мен бейнежазбалар қолдану, жеке түрде мессенджер топтарын пайдалану.
Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.
Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып (дауысын дыбыссыз режимге) қоюы керек.
Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.
Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде балл есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды бағаға әсер етеді.
Бақылау жұмысы (жиынтық бағалау) Сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін мүмкіндіктер. Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін сараланған тапсырмаларды мүмкіндігінше орындау үшін жағдай жасалатын болады. Көру қабілеті бұзылған студенттер үшін аудиолекциялар, есту қабілеті бұзылған студенттер үшін университет https://www.youtube.com/user/wksutv/videos сайтында (аудиожазбалар мәтіндік презентациялар түрінде ) видеолар, арнайы тапсырмалар қарастырылған
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуге тиіс

  • білім жүйесіндегі дамытудың заманауи стратегиясын;

  • білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;

  • білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;

  • білім берудің даму ошақтарын;

  • білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;

  • білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;

  • қазіргі білім берудің жаңашыл және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;

  • білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтарды;

  • білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.

  • білім берудегі өзекті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;

  • өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын;

  • отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет