Курстың міндеттері:
1. Көптеген пәндер, соның ішінде педагогика қарастыратын маңызды ұғымдарды игеру: тәрбие, білім беру, оқыту, даму, тұлға, және т.б.;
2. Маңызды заманауи педагогикалық идеялармен және теориялармен, оқытудың жаңартылған мазмұнының негізгі аспектілерімен танысу;
3. Студенттердің педагогикалық теорияны оның тұжырымдамалық және нормативтік аспектілерінде терең және шығармашылық тұрғыдан игеруін қамтамасыз ету; жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі тұжырымдамалық тәсілдерін ашу;
4. Функционалдық сауаттылықты, критериалды бағалауды, тілдік дағдыларды дамытуды, цифрлық технологияларды пайдалануды қамтитын білім беру мазмұны жаңаруының негізгі бағыттары мен жолдары туралы білімдерді меңгеру;
5. Функционалдық сауатты, жоғары білімді, талантты, шығармашыл жаңа тұрпатты мұғалімнің сапалы дайындығын қамтамасыз ететін білім беру сапасын басқарудың теориялық-әдіснамалық тәсілдері мен жетекші міндеттері туралы тұтас түсінікті қалыптастыру;
6. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасайтын пәнаралық білімдерді өзектендіру;
7. Білім алушыларға практикалық қызметте әртүрлі тәсілдер мен технологияларды білуде, түсінуде және қолдануда көмек көрсету;
8. Пән мазмұнын игеру және қажетті құзыреттерді қалыптастыру бойынша дербес қызметті ынталандыру, функционалдық сауаттылық, білім беру траекторияларын таңдаудағы жауапкершілік және тіршілік әрекетінің барлық түрлерінде өзін-өзі дамыту;
9. Танымдық, зерттеу әрекетін белсендендіру, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру және саналы өзін-өзі анықтауға және кәсіби қызметке дайын болуға ынталандыруды дамыту үшін жағдай жасау;
10. Кәсіби рефлексияның бастапқы дағдыларын (өзін-өзі бағалау) игеру.
Пререквизиттер: Философия, Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы, т.б.сондай-ақ педагогикалық циклдің пәндерін оқытылады.
Постреквизиттер: келесі курстарда оқытылатын пәндер: оқыту әдістемесі (шет тілдерін, географияны, бейнелеу өнері мен көркем еңбекті, орыс тілі мен әдебиетін, дене шынықтыруды, педагогиканы, физиканы және т.б.), әлеуметтік педагогика, бағалаудың өлшемдік технологиясы, білім берудегі менеджмент және т.б.бұл пәндер педагогиканың негізгі қағидалары мен ережелеріне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |