Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Тәрбие мен білім беру мақсатының мәнін ашыңыз.
Тәрбие теориясы дегенді қалай түсінесіз?
Оқыту дегеніміз не?
№16 Дәріс тақырыбы: Тəрбие формалары, әдіс-тәсілдері
1. Оқушылар тəрбиесінің формалары мен əдістері туралы.
2. Тəрбие əдістерінің жіктелу жолдары.
Мектеп жағдайындағы тəрбие - арнайы ұйымдастырылған, саналы түрде жүзеге асырылатын педагогикалық іс-əрекет. Тұлғаның қоғамдық, əлеуметтік тəжірибені игеруге бағытталған іс- əрекетін ұйымдастырудың жолы, амалы ол тəрбие арқылы жүзеге асады. Тəрбие міндеттерін шешуге бағытталған тəлімдер мен тəрбиеленуші арасындағы қарым-қатынасты сипатайтын əрекет тəрбие əдісі болып табылады. Сонда тəрбие əдісі дегеніміз мектеп тəжірибесінде белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолы, тəсілі, амалы. Ал тұлғаға берілетін тағылымдық бағыт-бағдар меноқушынын мінез-құлқын, əдебін жəне адами қасиеттері мен еңбек дағдыларын қалыптастыру тəрбие əдістеріне байланысты. Сондай-ақ тəрбие əдісін оның тəсілдерінен бөлмей бірлікте қараушарт. Өйткені тəрбиелеушінің сезімі, ерік-жігері, ынта-ықыласы қойылған мақсат бір-бірінеүйлессе тəрбие əдісі де тез жетіліп, тұлғаның кемелденіп өркендей беруіне мүмкіндікті кеңейтетүседі. Екінші жағынан қарағанда, тəрбие əдісі оның құралдарымен де байланысты. Тұлғаны іс- əрекетке ұмтылдыратын ойын еңбек болса, мұның құралдары ойыншық, компьютер т.б. заттар, ол рухани мəдениет жағынан өнер, табиғат, қоғамдық өмір деп түсінеміз. Ал оқу орындарында өткізілетін кештер, кездесулер, жиын, жиналыстар т.б. тəрбие жұмысының түрлеріне арналған нақты іс-əрекеттің көздеген нəтижеге жетуі оның əдіс, тəсілімен де іштесіп жатқан құбылыс. Осы орайдан кейбір педагогикалық ғылыми зерттеулерде тəрбие құралдарын оның əдіс, тəсілдері мен түрлерін бөлмей бірлікте қарайды. Тəрбие əдісінің тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаға сезімдік серпіліс туғызып,
өткізілетін іс-əрекетке музыкалық əуенді жалғастырып, құрылымдық жүйеге басқаша леп беруге де болады. Дəстүрлі жолға кіргізілген жаңалық қолданылған əдіске, оның тиімділігіне ықпалды əсерін тигізіп, əрекеттің пəрменділігін арттыра түсуі де ықтимал. Мектептегі тəрбие жұмысының түрлері - саяхат, мəдени кештер, əдеби қойылымдар, түрлі жанрдағы ойындар, əдептілік тақырыбындағы əңгімелер, оқушылар конференциясы т.б. Тəрбие жұмысының түрлері екендігіне қарамастан бұларды тəрбие əдістері мен құралы ретінде талдап, талқылауда жиі ұшырасады. Əрине, бұл əдіс, тəсіл, форманы тəрбие ісінде бір- бірінен мүлде бөліп тастауға келмейтін өзара іштесіп жатқан бірлігін дəлелдейді. Солай болғанмен де əдіс тəрбие жүйесіндегі негізгі категория, өйткені бұл тəрбие жұмыстарының тиімділігін жетілдіріп, оның өмірлік мəнін арттыра түседі.Əдістің қолданыстағы тиімділігін тереңірек тану ерекшеліктерін жіктей отырып топтастыру керек. Бірақ педагогикада ондай классификация қағида боларлықтай тұрғыда тиянақты жасалмаған.
Қазіргі қолданыстағы тəжірибеден эмпирикалық жіктеуде негізінен бес түрлі əдіске топтастырылған. Ол əдістер мыналар: сендіру əдісі, жаттықтыру əдісі, үлгі-өнеге əдісі, мадақтау əдісі, жазалау əдісі. Педагогиканың тəрбие теориясы саласын зерттеуші ғалымдар соңғы жылдары тəрбие əдістерінің іс-əрекетгегі тұжырымдамалық ережелеріне сəйкес тəрбие əдістері үш жүйеге топтастырған. Тəрбие үрдісіндегі əдістің атқаратын мəніне қарай топтастыру мына тұрғыда: 1- топтағы əдіс - тұлғаның санасын қалыптастыру. Мұнда тұлғаның көзқарасын қалыптастыру, нəтижені сараптап бағалау мəселелері көзделген. 2-топтағы əдіс-тұлға меңгеруге тиісті мінез- кұлық, іс-əрекетті ұйымдастыру. 3-топтағы əдіс - тұлғаны əдептілікке, іс-əрекетке ынталандыру жоспары қарастырылады. Осы топтастырудағы бірінші əдісте - сана мен мінез-құлықтың бірлігі тұлғаның көзқарасын қалыптастыруға жасайтын ықпалын қамтиды. Əлем жөніндегі адамның оның санасына байланысты болса, мұның өзі міне ықпал ететіндігіне негізделген. Ал екінші топтағы тұлғаның іс-əрекет арқылы қалыптасатындығы туралы басты салаларын қамтиды. Үшінші топтағы əдіс - тұлғаның əрекеттегі кажеттілікті өтеуге деген ынта-ықыласы, мінез-құлқына да пəрменді əсер ететіндігі жəне оның жағымды, жағымсыз əсерлерінің мəні қарастырылған. Көрсетіліп отырған топтастырудағы əдістерге тəн басты сипаттарын өз алдына талдайық. Мұғалім педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары жəне əдістерін, тəсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен əдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-əрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.Жеке тұлғаның психикасы мен санасы қоршаған ортамен əрекеттестігі арқасында жəне нақты бір іс-əрекет барысында дамиды. Мұнда индивидумның іс-əрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-əрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Сондықтан жалпы адамзаттық мəдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар
арқылы əрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Іс-əрекет пен
қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар. Іс-əрекет педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тəрбие процесінің субъектілері əрекеттестігінің формалары мен əдіс- тəсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тəрбие формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен əрекеттестігінің тəсілі ретінде де қарастырылады. Жəне оны былай жіктеуге болады.
1. Тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы.
2. Қатысушылар құрамы.
3. Оқушылардың сыныптан тыс іс-əрекеті кезіндегі өзара əрекеттестігі.
4. Іс-əрекетінің сыныпта жəне сыныптан тыс уақыттағы байланысы.
Тəрбие əдістері дегеніміз – тəрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тəрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-əрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тəрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-əрекетін ынталандырудың тəсілдері мен нақты əрекеті. Əдістемелік тəсіл дегеніміз əдістің жеке көрінісі. Əдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады. Əдістер, формалар, тəсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тəуелді (формалар мен əдістер, тəсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тəжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тəрбие əдістері мен тəсілдері əрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда əдіс -тəсілге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |