Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет42/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны .

  2. Lesson Study топтары жұмыстарының барысы қандай?

13 апта
25 Дәріс тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері
Жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына
қойылатын жалпы талаптар.
3. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.
Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде еліміздің əлеуметтік-экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне жəне негізгі саяси –экономикалық міндеттеріне сай беретін принциптер негізінде құрылған оқу-тəрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттың қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру жəне дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Мемлекет білім беру жүйесін дамытуға, білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру жəне материалдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мəртебесін арттыруға кепілдік береді.
Білім беру жүйесі дегеніміз – білім беруді жүзеге асыратын білім беру мекемелерін желісі. Олар:үйелмендік тəрбие, мектеп жасына дейінгі тəрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тəрбие беру мен оқыту, кəсіптік-техникалық білім беру, орта арнаулы білім беру, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім /магистратура, доктарантура жəне т.б./ кадрлардың біліктілігін арттыру жəне оларды қайта даярлау, қосымша білім беру.
Жалпы орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып табылады жəне ол үш
сатыда жүзеге асырылады:1/ - бастауыш саты /1-4 сын./2/ - негізгі саты 5-9 сын./3/ - жоғары саты /10-11 сын./
Негізгі саты көлемінде білім алу міндетті болып табылады. Мектептің ұсынылып отырған жаңа құрылымның өзіндік ерекшеліктері бар: І/ жалпыға бірдей міндетті оқу негізгі сатымен аяқталады; 2/ мектептің əрбір сатысының дербестігі қамтамасыз етіледі; 3/ жоғарғы сатыда жалпы орта білім алғашқы кəсіптік жəне бастапқы арнаулы даярлықтармен ұштастырылады. Бастауыш сатыда балалар 6-7 жастан қабылданатын болады. Бала бастауыш мектепті анна тілінде оқығанда ғана, оның бойындағы табиғи қабілет пен мүмкіндіктер барынша дамиды. өйткені 7-9 жастағы жеткіншікте өзін қоршаған дүниені танып білуге деген алғырлық ерекше байқалады. ана тілін білетін бала бастауыш сатыдағы бағдарламалық білім мазмұнын ойдағыдай
меңгере алады. Егер де оқу-тəрбие жұмысы басқа тілде жүргізілсе, оқушының дүниетанымдық
қабілеті екіге, яғни əрі бағдарламалық материалды, əрі жаңа тілді меңгеруге бөлінеді, мұның өзі
оның жан-жақты дамуын тежейді. Мектептің негізгі сатысы – білімнің жалпыға бірдей міндетті базалық деңгейін қамтамасыз етеді. мұнда дəстүрлі пəндік ғылыми құрылым сақталады. Əр пəннің білім мазмұны қажетті базалық деңгейге сəйкес келетін логикалық аяқталған түрде беріледі. Бұл сатыда таңдап оқитын курстар мен факультативтер де ұсынылады. Жоғары саты таңдаған пəндерін саралап тереңірек, əрі кеңірек оқытады. Олар жаратылыстану-математика /физика-математика, химия-биологиялық т.б./ жəне гуманитарлық /қоғамдық-саяси, филологиялық, көркемдік-эстетикалық т.б./ бағытта ұйымдастырылады. Бұл саты негізінен арнаулы орта жəне жоғары оқу орындарымен сабақтастырылады. Мұқтаждығына сай – медіресе, гимназия, лицей, колледж т.б. ашылады. Денсаулығы нашар, яғни кемтар балалар өз ұлтының тілінде білім, тəрбие алуы тиіс. Оларға жеңіл бағдарлама, көмекші құралдар, арнаулы мектептер ашылып, қажетті оқу-əдістемелік құралдармен жабдықталады. Озық оқушылар келесі сыныпта сынақтар /экстерн/ тапсыру арқылы жеделдете көшіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет