Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашып көрсетіңіздер.
2.Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшылықтарға сипаттама беріңіздер.
3.Танымдық ұжымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін
негіздеңіздер.
№22 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық үдерістегі мұғалім жəне балалар ұжымының өзара байланысы жəне өзара əрекеттестігі
Жоспары:
Балалар ұжымын қалыптастыру кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері.
Әртүрлі балалар ұжымының типтері
ҰЖІ ұйымдастыру әдістері.
Ұжым проблемасына педагогикалық ғылымның қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударды.А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде творчестволық дамудың негізі болды. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті:Ұжым тәбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді. Ұжым бардық ұжымдармен табиғи байланысты совет қоғамының бөлігі.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері ұйымдастырушылары болады. Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні ұжым өмірінің айқын бейнесін қалыптастыру, онда барлығы өнегелік принципіне, творчестволыққа негіделеді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Ұжымшыларды тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған. В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның ойлары терең бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдіретті күші» т.б. баяндалады.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі балалар ұжымы – бұл іс-әрекетке (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.Мектеп ұжымның негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн топтары, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестігі т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Қазіргі мектептегі балалар ұйымдарының түрлері, міндеттері мен маңызы. Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін қызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардың бірі – балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. ҚР балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. «Атамекен» бағдарламасында балаларға арналған тәлімөтәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар: «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып», «Шежіре», «Сөнбес жұлдыздар», «Толғау», «Наурыз», «Орта», «Достық», «Алыстағы бауырлар» т.б. Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты. Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым — басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы. Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |