Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Оқушылар санасын қалыптастыру əдістері.
Мінез-құлық тəрбиесі мен оқушылар іс-əрекетін ұйымдастыру туралы.
Іс əрекеттегі ынталандыру əдістері.
№ 17 Дәріс тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Жоспары:
1.Тәрбиенің мақсаты.
2.Тәрбиенің міндеттері.
3. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе. Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады. Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады. Мақсат - тәрбие жүйесінің анықтаушы сипаттамасы. Мақсат арқылы тәрбиелік жүйелер бір-бірінен ажыратылады.
Тəрбие – диалектикалық процесс, ал, диалектика дегеніміз - (гр. –пікірлесіп отырамын, талқылап отырамын) – табиғаттың, қоғамның жəне ой-сана дамуының жалпы заңдары туралы
ғылым. (Пікірден ой туады, пікір қарама-қайшылықсыз болмайды). Сонда қарама-қайшылықтар педагогиалық процестің қозғаушы күші болып саналады. Қарама-қайшылық ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Қ а й ш ы л ы қ – қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін категория.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Тәрбие қандай функцияларды орындайды?
Адам тәрбиесі туралы айтылған ойшылдар, педагогтардың пікірлері
Қазақ ойшылдары, педагогтарының адам тәрбиесі туралы ойларының мәні.
№18 Дәріс тақырыбы: Тəрбие үдерісінің қозғаушы механизмдері
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілер
Ұлттық тәрбиені жетілдіру
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы менынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс – әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесіне адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар. Сыртқы қарама – қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы жатады.Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді – өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу.Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |