Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Қазіргі заманғы мұғалім гуманист-педагог ретінде қандай болуы керектігін ашып талдаңыз.
2. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын атаңыздар.
3. Педагог тұлғасына қойылатын талаптар
№26 Дәріс тақырыбы: Білім беруді басқарудың жаңа тəсілдері
Жоспары:
Білім берудегі басқару түсінігі
Басқару, мектепiшiлiк басқару жəне мектепшiлiк менеджмент
Басқару реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету үрдісі. Басқарудың негізгі мақсаты – нәтижеге қол жеткізу үшін күштерді, құралдарды, уақытты, ресурстарды (адамзаттық, материалдық, қаржылық) тиімді және жоспарлы қолдану, сонымен қатар мәселенің шешімін қабылдау үрдісін жетілдіру. Биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер басқару нысаны болуы мүмкін. Білім беру жүйесі әртүрлі әлеуметтік жүйелердің бірі болып табылады. Білімді басқарудың мәні білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісінің мақсатқа бағыттылығыныа және ұйымдасқанына қолдау көрсету болып табылады. Білімді басқару әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына сүйеніп, нақты жағдайда ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік маңызды мақсаттарды құру және қол жеткізу тәсілдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оның нысаны тек оқу-тәрбие үрдісі ғана емес, олардың бағдарламалық-әдістемелік, кадрлік, материалдық-техникалық, нормативтік-құқықтық, әлеуметтік шарттарын қамтамасыз ету, ал мақсаты оның тиімділігін арттыратын, білім беру жүйесінің әлеуетінде тиімді қолдану болып табылады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде «мектептік менеджмент», «білім беру менеджменті», «оқу менеджменті», «педагогикалық менеджмент» ұғымдары қолданылады. Педагогикалық менеджменттің мынадай түрлері бар: Стратегиялық педагогикалық менеджмент – бұл білім беру жүйесінің миссиясына қол жеткізуде білімнің тиімділігін арттыруға бағытталған білімді стратегиялық басқарудың технологиялық тәсілдері мен ұйымдастыру формалары, әдістері, қағидаларының кешені. Оперативтік педагогикалық менеджмент – бұл білім беру ұйымдарының мақсатына қол жеткуздің тиімділігін арттыруға бағытталған педагогикалық бөлімшелерді (білім алушыларды) оперативті басқарудың технологиялық тәсілдері және ұйымдастыру формалары, әдісетері, қағидаларының кешені. Тактикалық педагогикалық менеджмент – сабақтың мақсатына жетудің тиімділігін арттыруға бағытталған білім алушыларды туындаған жағдаятқа сәйкес басқарудың технологиялық тәсілдері мең ұйымдастыру формалары, әдістері, қағидаларының кешені.Операциялық педагогикалық менеджмент – сабақта басқарушылық әрекетке жетудің тиімділігін көтеруге бағытталған қалыптасқан жағдаятқа сәйкес білім алушыларды басқарудың технологиялық тәсілдерінің кешені. Операциялық - тактикалық педагогикалық менеджмент – педагогикалық міндеттерді шешуде нақты педагогикалық жағдаяттарды басқару үрдісінде алғашқы буын педагогтарының (оқытушының, кәсіптік оқыту шебері) басқарушылық іс-әрекеттерінің саласы (басқарудың бірінші деңгейі).
Мектепiшiлiк басқару дегенiмiз бiртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нəтижеге жетудi көздеген мақсатты, сапалы өзара əрекеттесуi. Бiртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара əрекетi мынадай бiрiздi, өзара байланысты əрекеттер мен қызметтердiң тiзбегiнен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою жəне жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу жəне түзету. Мектепiшiлiк басқарудың дəстүрлi ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, ''ықпал ету'' ұғымының орнына ''өзара əрекеттесу'', ''ынтымақтасу'', ''рефлексивтi басқару'' ұғымдары қолданылуда. Сол сияқты мектептi басқару теориясы мектепiшiлiк менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теориясы басшы қызметiнiң өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенiм бiлдiрудi, олардың табысты еңбек етуiне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленедi. Менеджменттiң осы қыры мектепшiлiк басқару теориясын одан ары байыта түскен. Мемлекеттiк басқарудың негiзгi белгiлерi Қазiргi заманның бiлiм жүйесiнiң басты ерекшелiктерiнiң бiрi - мемлекеттiк басқарудан мемлекеттiк-қоғамдық басқаруға өту. Бiлiм берудi мемлекеттiк-қоғамдық басқарудың негiзгi идеясы - бiлiм проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын бiрiктiру, мұғалiмдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесiнiң мазмұны мен түрiн ұйымдастыру əдiстерiн жəне бiлiм беру мекемелерiн таңдауға барынша кең құқық пен еркiндiк беру. Бiлiм беру жүйесiнiң мемлекеттiк сипаты елде ''Бiлiм туралы'' заң негiзiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Заң аясында Қазақстан Республикасының бiлiм саласына басымдық берiлген, яғни елiмiздiң əлеуметтiк-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетiстiктерi бiлiм саласындағы жетiстiктерiмен байланыстырылады. Бiлiм саласының басымдылығы бiлiм жүйесiнiң материалдық, қаржылық мəселелерiн бiрiншi кезекте шешудi талап етедi. Сонымен бiрге бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк сипаты ''Бiлiм туралы'' заңда белгiленген мемлекеттiк саясат принциптерiн мынадай бағыттарымен де айқындайды:
- бiлiм берудiң гуманистiк сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмiрi мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйiспеншiлiкке тəрбиелеу;
- республикадағы мəдени жəне бiлiм беру кеңiстiгiнiң бiртұтастығы, аз ұлттардың бiлiм беру жүйесiнiң қорғалуы;
- бiлiмнiң жалпыға бiрдейлiгi, бiлiм беру жүйесiнiң дайындығы, даму деңгейi мен ерекшелiктерiне бейiмделгiштiгi;
- бiлiм жүйесiнiң еркiндiгi мен көптүрлiлiгi;
- бiлiм берудi басқарудың демократиялық, мемлекеттiк қоғамдық сипаты. Бiлiм беру мекемелерiнiң дербестiгi.
Достарыңызбен бөлісу: |