Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет44/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Педагогикалық менеджмент дегеніміз?

  2. Мектептік менеджмент дегеніміз?.

  3. Әлеуметтік басқрау бағыттары .

14 апта
27 Дәріс тақырыбы: Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-нің
қозғаушы механизмі ретінде
Жоспары:
1.Оқыту әдістері және олардың функциясы туралы түсінік.
2. Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау
3. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификациялау

Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.


Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.
Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық. Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету. Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады. Оқыту əдісі — оқушыға білім мен тəрбие беріп, дамыту мақсатындағы ұстаз бен шəкірттің бірлескен қызметі, қарым-қатынастағы тəсілі. Оқыту əдісі арқылы шəкірттің білім алуы іскерлікке төселіп дағды қалыптасуы, дүниетанымы мен қабілеті жетіледі.
Мұғалімнің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде
қолданылатын амал-тəсілдері мен ұйымдастыру əрекетін əдіс деп атаймыз. Сондай-ақ оқыту əдісі
алға қойылған мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тəсілі жəне оның жүзеге асып орындалуы мүғалімнің шеберлігіне, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, шəкірттердің даярлық деңгейіне, екі жақтың бірдей белсенділігіне, ынтымақтастығына байланысты. Дидактика
саласын зерттеушілер жəне педагогика оқулықтары мен оқу құралын жазған авторлар «Əдіске» əр түрлі анықтама беріп, терминнің қалыптасуы туралы түрлі-түрлі пікір айтқандығын ескере отырып, олардын негізгі ой түйінін пайымдай келгенде мынандай тоқтамға келген жөн: Əдіс – оқушыға білім мен тəрбие берудегі екі жақты қарым-қатынастың бір арнадан тоғысып, қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолы, тəсілі, амалы, жүйелі түрде орындалуға тиісті іс-қимыл, əрекет деп түсінген жөн. Білім, тəрбие жолындағы іс-əрекеттің нəтижелі болуы оның əдісін дұрыс таңдай білумен шарттас. Осы орайдан келгенде əдістерді түрлі салаға жіктеп топтастыру мəселесінде де ортақ пікір қалыптаспаған. Əрбір зерттеуші өзіндік танымына, көзқарасына байланысты түрлі-түрлі жүйедегі жолдарды ұсынады. Олардың бастыларын сұрыптай келгенде мына жүйедегі топтастыру (классификация) қазіргі кезеңнің ғылыми жəне тəжірибелік талаптарына үйлесімді келеді. Өйткені мұғалім мен оқушы іс-əрекетінің нəтижелі болуы, қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолдарын ретті де дəлді табу үшін əдістерді топтастырудағы мына жүйе тиімді:
1. Оқытудың білім көздеріне байланысты əдістер:
а) Сөзбен түсіндіру əдісі (баяндау, лекция, əңгіме, пікірсайыс);
ə) Көрнекілік əдісі (демонстрация, иллюстрация);
б) Тəжірибелік əдіс (жаттығу, зертханалық жұмыс т.б.).
2.Таным түсінікті меңгеру сипатындағы əдістер:
а) Түсіндіріп ұқтыру, репродуктивтік əдіс;
ə) Проблемалық тұрғыдағы əдіс;
б) Ішінара іздеу немесе эвристикалық əдіс;
в) Зерттеушілік əдіс.
3. Дидактикалық мақсаттағы əдістер:
а) Жаңа білімді меңгеру əдісі:
ə) Алған білімді бекіту əдісі:
б) Бақылау əдісі.
Шартты түрде топтастырылған əдістердің бəрінің негізгі бағдарлық жүйесіне ортақ
əдістемелік амал тəсілдерінде мына мəселелер ескерілуге тиіс:
1. Іс-əрекетті жүзеге асырудағы тиімділік жəне ұйымдастырушылық;
2. Мотивация жəне ынталандыру;
3. Оқу жұмысын бағалау мен тұлғаның өзін-өзі бақылауы. Оқыту əдістерін осы жүйеде
топтастырғанда мына мəселелерге зейін қою жəне тəжірибелік істе басшылыққа алған жөн.
Сөзбен түсіндіру əдісі - мұғалімнің баяндап беріп түсіндіруі арқылы, немесе оқулықтар мен оқу құралдарын оқу барысында жүзеге асырылады. Бұлар оқушыға берілетін ақпараттық мағлұматтың негізгі көзі деп саналады. Мұғалім сабақты түсіндіріп баяндауында оқылатын материалдың мақсаты мен мазмұнына жəне оқушының жас ерекшелігі мен дербес ерекшелігіне мəн беріледі. Оқытудың бұл əдісі көбіне бастауыш мектепте, тиісті жағдайға байланысты жоғары
сыныптарда да қолданылады. Лекция - оқылатын материалдың жүйелі түрде баяндалуы талап етіледі. Орта оқу орындарының жоғары сыныптары үшін оқылатын лекцияларда шəкірттің лекциядағы мəтіндік мəнді жаза білуге үйренумен қатар тиісті түсінік, термин, танымдық ойларды қалыптастыру бірлікте жүргізіледі. Əңгіме əдісі - тиісті тақырыпқа байланысты ақпараттық мағылұмат берумен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, пікір алмасу бірлікте жүргізіледі. Əңгімелесу барысында репродуктивтік қайталау, пысықтау жəне шəкіртті ойлантып іздендіру түріндегі эвристикалық тапқызу жұмыстары оқушының сабақ тақырыбынан туындаған сұрақтарға байланысты заңдар мен заңдылықтарды, деректерді, теориялық ұғым-түсінікті дұрыс меңгеруіне, зейін қойып қабылдай білуге баулиды да қалыптастырады. Пікір сайыс əдісінде - талданып, талқыланып отырған мəселе жөнінде пікірін ашық айтып, қателесіп кетемін деп жасқанбай сөйлеу оқушының өзіндік пікірі болуға бағдарлайды. Сөз түріндегі қолданылатын əдістің басты сипаты ақпараттық мағлұматтың мол болуына, дəлелді сөйлей білуге логикалық жүйені сақтай алуға бейімдейді. Өзінің ойын, білген түсінігін жеткізуде белсенділік көрсетіп, əріптестерін тыңдата алуға машықтандырады. Əлсіздігі кейде бос сөзге дес беріп, дерексіз лепірмелікке ұрыну болса, оған жол бермеуге көңіл аудару керек.
Педагогика ғылымы саласындағы зерттеулердің бəрі де көрнекілік оқушының теориялар мен заң жəне заңдылықтар жөнінде нақты түсінік, таным қалыптастырудың тиімді де өміршең жолы, көрнекілік болмаған жағдайда оқушының білімдік танымы, түсінігі жəне ойлау деңгейі күңгірт болуы да ықтимал екендігі жан-жақты сипатталған.
Жаттығу əдісі - оқушыға білік, білімдарлық қалыптастырып машықтандыру мақсатында тиісті оқу материалдарын бірнеше рет қайталап шығу. Жаттығуға қойылатын талап: оқушы
қайталаудың мақсатын түсінсе, қандай нəтижеге жетуге тиісті екендігін біліп жəне болуға ықтимал қателіктер мен кемшіліктерден сақтанып, қажетті дағдыларды меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет