Тәрбие жұмысының басым бағыттары: 1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. 2. Рухани-адамгершілік, жыныстық тәрбие. 3. Ұлттық тәрбие. 4. Отбасы тәрбиесі. 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. 7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. 8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі. 9. Тұлғаның өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту қажеттілігін, әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін, коммуникативті мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі. 10. Кәсіби-шығармашылық тәрбие.
Қосымша: Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі; Оқушылардың өзін-өзі басқару органы жұмысын ұйымдастыру; Ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру; Әлеуметтік сәтсіз отбасылармен және балалармен құқықбұзушылықтың және қаңғыбастықтың алдын алу бойынша жұмыс; Үйірмелер мен секция жұмыстары; Оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру.
ФОТО
Аты-жөні: Туған жылы: Білімі: Еңбек өтілі: Мамандығы: Санаты: Жұмыс орны:
Тәрбие берудегі әдістемелік тақырыбы:
Сынып жетекшінің міндеттері: Сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлы түрде жүргізетін сынып жетекшісін мектеп директоры бұйрықпен белгілейді. Сынып жетекшісі мектеп педагогтарына тән құқыққа ие, сондай-ақ олар:
өзі тағайындалған сыныпқа басқа пән мұғалімдерімен, ата-аналармен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста болады;
педагогикалық бірыңғай талапты оқушыларға, мектеп пен жанұяға қоя отырып, ата-аналармен тұрақты байланысты қолдап, дұрыс нәтижеге жетуді көздейді;
сыныпта белгіленген құжаттарды реттеу, мектеп әкімшілігіне үлгерім, баланың тәртібі мен сабаққа қатысу жөнінде мәліметтер беріп, күнделіктерінің жайын қарап, үнемі тексеріп отырады;
сынып жетекшісі ата-аналар комитетімен байланысын нығайтып, пәтерлеріне жүйелі түрде барады, қажет жағдайда акт жасайды;
оқушының денсаулығын, көшеде жүру тәртібін, техника қауіпсіздігін оқушы есіне салып, үнемі қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тартып, мектеп жанындағы учаске шаруашылығын ұйымдастырады;
оқушылардың интеллектісі мен эрудициясының, шығармашылық қабілетінің дамыуына жағдай жасап, жоғары адамгершілік сананы дағдыландыру мақсатымен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын сапалы ұйымдастырып, демалыс сәттерінде саяхаттар мен жорықтарға шығарып, сынып сағаттарын жоспар бойынша апта сайын өткізіп отырады;
сабақтан тыс салада оқшылардың жеке қызығушылықтары мен қажеттеліктерін зерттеу;