Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет32/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Заң мен заңдылықтардың айырмашылығы .

  2. Теориялық білім дегеніміз?.

  3. Педагогикалық процестің заңдылықтары.

7апта
13 Дәріс тақырыбы: Жеке тұлға тәрбиесінің объектісі,субъектісі ретінде және оның
даму қалыптасуының факторы
Жоспар:
1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы.
3. Тұлға дамуындағы оқытудың орны.
4. Тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары.
1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:

    • психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;

    • қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;

    • белсенділігі.

14 Дәріс тақырыбы: Əлеуметтендіру педагогикалық құбылыс


Жоспар:
1. Əлеуметтенуi - əлеуметтiк - педагогикалық құбылыс ретiнде
2 Жасөспiрiмдердi тəрбиелеу үрдiсiндегi отбасы мен мектептiң ынтымақтастығы.

Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тəрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр. Мектептегi жəне отбасындағы баланың, жасөспiрiмнiң мiнез-құлқын, адамгершiлiк қасиетiн, рухани құндылықтарын жəне тəрбиесінiң дұрыс қалыптасуына мектептегi педагогтар, əлеуметтiк педагогтар мен психологтар қауымы, бала өмірінің жаңа бастауы ретінде оның əлеуметтік ортаға бейімделуі деп қарастырды. Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл əлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына əсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тəлім-тəрбиесіне тікелей байланысты.


Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тəлім-тəрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тəрбие дəстүрлер тəжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мəдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады. Қазіргі кезде елдегі əлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кəмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді. Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап–тілектерімен келіспеу, ой-пікірлерімен санаспау, жеке–дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы жəне соның нəтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне жəне басқаға немқұрайлықпен қарауға, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды. Екіншіден, жасөспірімге тəн қасиет - өзіндік тəуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мəн–мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкүндіктерді мектептегі оқу–тəрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайта отырып жасөспiрiмдердi тəрбиелеу үрдiсiн дұрыс қалыптастыру жəне əлеуметттiк педагогтың жасөспiрiмдермен жұмыс жасауы терiс мiнез-құлықты болдырмауды қамтамасыз етедi. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі əлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тəуелсіздікке ие болған жылдар ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі əлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді. Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен əлеуметтік жағдайы, мəдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде.Тарихымызға көз жіберсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Əлеуметтік жағдайды күшейту ең алдымен еңбек пен тұрмыс, білім мен мəдениет, кəсіби өсумен қызмет бабында өсу, бос уақытты дұрыс пайдалану тағы басқа қоғамдық мəнді мүдделерді дамытып, неғұрлым толық қанағаттандыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет