Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі



бет30/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

6 апта
11 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Жоспары:
1. Педагогикалық зертеудің әдіснамалық негіздері.
2. Педагогиканың жаңа әдіснамасы
3. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.
Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.
Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.
Білім берудің дамуы білім беру философиясының дамуы мен оның педагогикалық теория мен практикаға енгізілуіне тікелей бағынышты. Қазіргі европалық мектеп пен білім беру Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.Фребель, И.Г.Гербарт, Ф.А. Дистервег, Дж. Дьюи және т.б. классиктер түйіндеген философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен қалыптасқан. Олардың идеялары ХІХ-ХХғғ. Дамыған білім берудің классикалық моделі негізінде жатыр.ХХғ. І-ші жартысында Қазақстан, сол кездегі Кеңес Одағы педагогикасында бүгінгі күні өз мәні мен маңызын жойып алған иеялар негіз ретінде танылды. Олар қазір сынға алынған. Осы идеялар ішінде білімді адам идеялының түсіндірмесі де бар. Білімді – бұл білімді білетін және қолдана алатын адам. Білімділік парадигма білім берудің мазмұнын ғылым негіздері жайындағы білім дегенге саяды. Оқу пәндерін құру тәсілі бұнда білімді біртіндеп жинақтау. Оқытудың басты формасы – сынып сабақ жүйесі. 1960-шы жылдан бастап отандық мәдениетке (басқа адамның пікірін түсінуі, есепке алу қажеттілігі,тұлғаны, оның құқын құрметтеу) диолог, ынтымақтастық, біріккен іс-әрекет енгізілді. Осыған байланысты классикалық білім беру жүйесі қоғам мен өндіріс талаптарына сәйкес келмей қалды. Жаңа педагогика мен білім беру процесін қайта құру үшін философиялық педагогикалық идеяларға қажеттілік туындайды. Қазіргі педагогика ғылымының басты бағыты – оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, гуманистік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің гуманистік философиясын дайындау қажет. Осыған сәйкес, педагогиканың әдіснамасы – бұл білім беру философиясының гуманистік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы. Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т.б.), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа,өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады. Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет