Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет31/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?
2.Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?
3.Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
12 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық үдерістің заңы, заңдылықтары мен қағидалары
1. Педагогикалық процестің заңдылықтары туралы түсінік.
2. Педагогикалық процестің компоненттері.
3. Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.

Педагогика ғылым ретінде өзінің пəнін зерттей отырып, оқыту–тəрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар,заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теориясын жасауға жəне оқыту–тəрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру əдістері бағыт береді. Педагогикалық ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс- əрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-əрекетін ұйымдастыруға жол табуға əсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін жəне оны нақтылы жағдайға сəйкес құрауда болжауға болады. Педагогика тəрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың əлеуметтік тəжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Тəрбиенің мəні жəне оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады əлеуметтік тəжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары болып саналады. Жоғарыдағы педагогикалық процестің төмендегідей заңдары болатындығын айтуға болады.


1. Бала өткен ұрпақтардың əлеуметтік тəжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсендішығармашылық іс-əрекетінің арқасында ғана бола алады;
2. Индивидтің өзін жүзеге асыра алатын жəне өз орнын таба алуға дайын белгілі бір əлеуметтік–азаматтық дəрежесі бар тұлға.
3. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-əрекеттері.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мəндік ерекшеліктері болады. Ол, ең алдымен, педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды кəсіби міндеттерді шешуде маман еңбек
Процесіндегі əртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау алда болатын іс-əрекеттің ойша моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, “ұстаздар–оқушылар” жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Педагогикалық процестің белгілері болады. Оған жататындар: жүйенің жалпы мақсаты ,оның қызметі атқаруы тиімділік сипат əкелді; өзара тəуелді компонентерден бөліктерден тұрады; жүйенің белгілі бір қоры. Жүйенің ішкі құрылымы, ішкі қайшылықтар есебінен жүйенің дамуы, басқару орталығы
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс ( латынның processus - қозғалыс) алға басу, жағдай, белгілі бір нəтижеге жетудегі бір ізді əрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс”деген ұғымның мағынасы “ұстаздар–оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді əрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту жəне осыған сəйкес қандай əрекет істеу керектігін білуі керек. Педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тəрбиенің мақсаты болады. Қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс-əрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің бөліктеріне ұстаздарды жəне оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады. Олардың іс-əрекеттерінің бөліктерін мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, əдістер мен тəсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мəнінің құрамына кіруінде. Сондықтанда процестің бөліктері “ұстаздар мен оқушылар” жүйесінің құрамы жəне олардың іс-əрекетінің бөліктері болады. Мақсат–идеал немесе іс-əрекеттің нəтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты. Мақсат–міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады жəне белгіленген нəтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қана қандай нəтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес,сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет