Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
«Əлеуметтендіру» ұғымына анықтама беріңіз.
Қоғамдық əлеуметтендіру мекемелерін атаңыздар.
Әлеуметтендіру барысында ата-ананың рөлі қандай?
8 апта
№15 Дәріс тақырыбы: Тұтас педагогикалық үрдістің (ТПҮ)мәні және құрылымы
Жоспары:
Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту.
Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
Білім беру ұғымы әрі қарапайым, әрі күрделі. Өйткені ол жеке адамға арналып айтылғанымен, бүкіл қоғамды қамтиды. Білім беру жеке мағынада айтылғанмен ол екі жақты үрдіс. Бір жағынан мұғалім бір жағынан оқушы әрекеті. Алайда ол екі жақты әрекет болып көрінгенімен, ол көп жақты әрекет. Ол бүкіл қоғаммен байланысып жатады. Мұғалім, оқушы, сынып, оқулық, жоспар, бағдарлама – оны әзірлейтін, шығаратын т.б. Сондықтан білім беру ісімен бүкіл қоғам, оның индустриясы, білімдік потенциялы, қуаты түгел айналысады.Білімнің өзі – жалпы, политехникалық, мамандық т.б. болып жіктеліп кете береді. Білім беру деген ұғымның өзі сайып келгенде өмірге әзірлеу. Білім беру ұжымдық және жеке болып келеді. Оқу орындарында ұжымға білім беріледі, бірақ соның өзінде білім жеке даралық негізін жоймайды. Білім берудің сипаты қоғамдық нарықтық қатынасқа, қоғамның нарықтық даму дәрежесіне тікелей байланысты. Білім беру жалпы оқыту барысында іске асатын заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, творчестволықпен игеруге жетелейді. Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байланысты жүзеге асады. Педагогикалық жүйені айқындайтын негізгі компоненттердің бірі - білім берудегі мақсат. Ол қоғамның қажеті мен талабына, əлеуметтік жағдайына үйлесімді саясатына байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың мақсатын белгілеу дидактикалық-психологиялық талаптар негізінде айқындалады. Дидактика тарихын зерттеуші ғалымдардың оқыту мақсаты жөніндегі пайымдауларын негізге алғанда бұл саладағы пікірлерді екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топтағылар оқытудағы мақсат - тұлғаның ақыл-ойын, есін, қабілетін дамыту деген түсінікті ұстанады. Сол себепті педагогика ғылымында бұларды «Формальдық білім берушілер» деп атайды. Ал екінші топтағылардың ұстанымы - білім берудін мақсаты ғылым негіздерін меңгертіп, өмір үшін кажетті де нақты түсінік қалыптастыру деп түсіндіреді. Осы орайдан бұларды “білім берудегі материалистік” көзқарастағылар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |