Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


Нониус шкаласында санау шамасы 0,05 мм болатын жабдық



бет4/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Нониус шкаласында санау шамасы 0,05 мм болатын жабдық.
Сызғыш нониус штангенциркульде санау жабдығы болып табылады. Бұл жабдық штангенқұралдың негізгі шкаласында жіктеу интервалын есептеуге көметеседі. Бір мм бөлікке сәйкес келетін нониус шкаласының n=20 бірдей бөлікке бөлінген, 39 мм тең, ұзындығы бар (1.5, 1.6 сурет)
Бұдан нониустағы жіктеу интервалы штангадағы жіктеу интервалынан 0,05 мм қысқа a=39/20=1,95 мм, с=1*2-1,95=0,05 мм. Бұл айырым нониус бойынша санау шама деп аталады және мына формуламен есептеледі
C=a/n
Мұнда a – негізгі шкалада жіктеу интервалы
n – нониус шкаласында жіктеу саны
Нониуста жіктеу интервалы а негізгі шкаланың жіктеу интервалынан а, с шамасына аз. Ол нониус бойынша санау шамасы деп аталады,егер нониус модулі 1 тең болса. Егер модуль 2 тең болса, нониус жіктеу интервалы келесідей табылады
а =а -с
Мұнда - нониус модулі
а-негізгі шкала интервалы
а - нониус шкаласының жіктеу интервалы
Нониус шкаласының ұзындығы:l=n*а =n(a -c)=a(n -1) Нөлдік жағдайда нөлдік штрихтар негізгі және нониус шкалаларына сәйкес келеді. Нониус шкаласының соңғы штрихы нониус шкаласының ұзындығын 1 көрсететін негізгі шкаласына сәйкес келеді.
Өлшеу кезінде нониус шкаласы негізгі шкаламен салытырғанда орын ауыстырады, нониус шкаласының штрихтер жағдайын өлшенетін өлшемге тең орын ауыстру шамасымен анықтайды.
Нониус модулі нониус жіктеу интервалы мен негізгі шкаланың арасындағы қарым-қатынасты, яғни нониустың созылуын көрсетеді.
Нониус модулі негізгі шкаланың қанша жіктеуі нониус шкаласының бір жіктеуіне сәйкес келетінін анықтайды. Тәжірибеде модульді есептеу үшін нониустың «0» және негізгі шкаланың «0» қиыстырады.
Нониус модулі әрқашан жалпы санға тең. Мысалы, штангенциркуль үшін с=0,05 мм және нониус шкаласының интервалы а=1,95 мм модуль 2 тең, яғни нониустың 1 жіктеуі негізгі шкаланың 2 жіктеуін жабуға тырысады.
Сонымен, модульді үлкейту бақылаушыға есептеуды жеңілдетеді. Егер нониустың бірінші жіктелуін негізгі шкаланың 2 жіктелуімен сәйкестірсе, губкалар арасындағы саңы 0,05 мм тең болады. Бұдан өлшеу кезінде, яғни нониустың штангамен салыстырғанда жылжуы кезінде милиметрдің бөлігі нониус шкаласының реттік номеріне тең.

1.5 сурет. Негізгі және нониус шкаласы штрихтерінің нөлдік жағдайы.


Модуль 1, 2 немесе 5 тең деп алынады. Нониус бойынша есептеу шамасы 0,1 ,0,05 немесе 0,02мм.


Штанга мен нониустың шкалаларының штрихтерді енгізу қателігі нәтижелерінің нақтылғына әсер етеді. Штанга мен нониус шекалаларының штрихтер ені 0,08-0,20мм арасында болу керек. Бір штангенциркульдің әрбір шкаласында штрихтер енінің айырымы 0,5мм аспауы қажет. 2 әртүрлі штрихтер арасындағы ара-қашықтық нақтылықсыздығы 0,03мм апауы керек. Штанга мен нониус шкаласы құралдық және әмбебап микроскоп арқылы тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет