Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


Температураны өлшейтін құралдар және оларды қолдану. Жалпы мағлұматтар



бет8/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Температураны өлшейтін құралдар және оларды қолдану. Жалпы мағлұматтар.
Температураны өлшеуде екі түрлі шкала қолданылады, олар: өлшем бірлігі Кельвин (К) болатын термодинамикалық және өлшем бірлігі градус (оС) болатын практикалық. Градуспен(t, oC) берілген температурадан Кельвинге (K) ауысу үшін келесі тәуелділікті қолданамыз
T=(t+273,15)K.

Температураның үлгісі болмағандықтан, оны тікелей бірлікпен салыстырып өлшеу мүмкін емес. Сондықтан температураны өлшеу үшін, физикалық қасиеттері температураға байланысты өзгеретін денені қолданамыз. Физикалық қасиеттерінің температураға тәуелділігі терең зерттелген денелерді температурасы өлшенетін затпен жанастырады. Заттың температурасын дененің физикалық қасиеттерінің өзгерісін бақылау арқылы анықтайды. Температураны өлшеуге арналған құралдар, олардың қандай физикалық қасиеттерге және құбылыстарға негізделгеніне байланысты бөлінеді.


Дилатометриялық ұлғаю термометрлері (Термореттегіштер ТУДЕ ДТ, реле ТР) және биметаллдық (реле ТБ, КТ) – жұмыс істеу принциптері қатты денелердің температура өзгерісіне байланысты сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне негізделген. Дилатометриялық құралдар – температуралық интервалы +30 дан +1000 оС дейін. Биметаллды құралдарда -60 тан +300 ге дейін. Бұл құралдар бірінші өлшеу түрлендіруші ретінде, автоматты реттеу жүйелерінде термореттуші құрал ретінде қолданыс тапты.
Шыны сұйықтықты ұлғаю термометрлері -200 ден +7500С аралығындағы сұйықтықтар мен газдардың температурасын өлшеуге арналған. Олардың жұмыс істеу принциптері термометр резервуарындағы термометриялық сұйықтықтың температура жоғарылауына байланысты ұлғаюына негізделген.Термометриялық сұйықтық ретінде сынап, толуоль, этил спирті, керосин және т.б қолданылады. Шыны термометрлер конструкциясы бойынша таяқшалы және шкалалық пластинкасы бар болып бөлінеді.
Манометрлік термометрлер -200 ден +10000С аралығындағы агрессивті емес газдар мен сұйықтықтардың температурасын өлшеу үшін қолданылады. Өлшеу ақпаратын беруге байланысты термометрлер көрсетуші, өздігінен жазатын және аралас болып бөлінеді. Олардың құрамына аналогтық пневматикалық немесе электрлік сигналдарды көрсетуші, таратушы қосымша құрылғы салынуы мүмкін.
Толтырушы ретінде (рабочего вещества) газ, сұйықтық, конденсат пайдаланылады. Манометрлік термометрлердің жұмыс істеу принципі герметикалық терможүйеге толтырылған толтырушының температураға байланысты өзгеретін қысымын өлшеу.
Кедергіні термотүрлендіруші -260 тан +11000С аралығындағы температураны өлшеуде қолданыс тапты. Оның жұмыс істеу принципі металл өткізгіштердің температура өзгеруіне байланысты электрлік кедергісінің өзгеруіне негізделген.
Кедергіні термотүрлендіруші бірінші түрлендіруші болып табылады және кедергіні өлшейтін құралдармен бірлесіп қана жұмыс істей алады. Кедергіні термотүрлендірушінің сезімтал элементтерін жасау үшін таза металлдар қолданылады, олар: мыс, платина, никель.
Термоэлектрлік тәсілмен температураны өлшеу екі түрлі өткізгіштердің ұштарының қосылған жерінде температура айырмашылығына байланысты электр қозғаушы күштің (ЭҚК) пайда болуына негізделген. Термоэлектрлік түрлендірушілер өлшенетін ортамен әсерлесуіне байланысты беттік және батырмалы болып бөлінеді. Термоэлектродтар жасаушы материал ретінде вольфрам, платинородий, хромель, копель,мыс қолданылады. Термоэлектрлік түрлендірушілер ЭҚК өлшейтін құралдармен бірлесіп -200 ден +25000С аралықтағы температураны өлшеуде қолданыс тапты.
Дененің температурасын оның сәулеленуі арқылы анықтайтын құралдар пирометрлер деп аталады. Бұл құрал арқылы өлшенетін денемен тікелей қатынасқа түспей 20 дан 60000С аралығындағы температураны өлшеуге болады. Құрылыс материалдар өндірісінде пирометрлерді айналмалы пештердің қыздыру аймағында, шынықайнату пештеріндегі шыны температурасын өлшеуде қолданады. Тікелей қатынассыз тәсіл дененің сәулеленуінің оның температурасына тура пропорционалдылық заңына негізделген. Пиромерт комплексі түрлендіргіш пен өлшеу құралынан тұрады.
Өлшеу тәсіліне байланысты пирометрлер квазимонохроматты, спектрлі таратулы, толық (немесе бөлшектік) сәулелену болып бөлінеді. Пирометрдің кемшілігі: оның көрсетуі мен шын мәннің арасындағы айырмашылық ондаған, жүздеген градус болуы мүмкін. Пирометрдің корсетуіне температурасы өлшенетін объект пен пирометр арасындағы орта әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет