Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


Бөлу құны 0,001 мм рычажды-тісті бастар



бет11/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Бөлу құны 0,001 мм рычажды-тісті бастар
Бөлу құны 0,001 және 0,002 мм рычажды-тісті басы берілісіне, тісті жұптан басқа, берілісті қатынасты көп мөлшерде алуға мүмкіндік беретін – рычаждык беріліс.
МКМ, 1ГРЗ және ИГМ типті өлшеу рычажды-тісті бастар 4.2 а-в суреттерде көрсетілген.
МКМ және 1ГРЗ бастарында тілше бұрылысының көрсеткіші жоқ, тілше жылжуы ±50 мкм шектерінде жүреді, яғни бұл бастар шкаласы бойынша өлшеу шегі 100 мкм тең. ИГМ басында бұрылыс көрсеткіші және шкала бойынша ±1 мм тең өлшеудің салыстырмалы үлкен шегі бар. Индикаторлы нутромерлер және басқа да өлшеу қондырғылар үшін өлшеу бастарын таңдағанда мүмкін өлшемдер тербелісінің диапазонын ескеру керек.
4.2 суретте көрсетілген бастарда арретир 11 орналасқан. Жібермелер көрсеткіштері 12 шкаланың кез-келген бөлігінде бір-бірінен жіберме шкаласына сай келетін ара қашықтықта орналасуы мүмкін. Бұл бөлшекті бақылаған кезде аспап шкаласы бойынша көрсеткіштерді санау орнына аспап тілше бағытын қадағалауға мүмкіндік береді. Жіберме көрсеткіштері арасындағы аспап тілшесінің бағыты тектерілген өлшем жарамдылығын көрсетеді.



    1. 4.2 сурет – рычажды-тісті бастар: а) МКМ; б) 1ГРЗ; в) ИГМ.

Барлық шкала бойындағы көрсеткіштер қателігі МКМ және 1ГРЗ бастар үшін ±0,001 мм жоғары емес, ал ИГМ бастар үшін 0,005 мм жоғары емес ±30 бөлінді көпшілік жағдайда салыстырмалы әдіс арқылы өлшеуге арналған МКМ және 1ГРЗ типті рычажды-тісті бастарда нөлдік бөлінді, нақты шкаланың ортасы болып табылады. Шкалада "+" және "-" таңбалары белгіленген. Сыртқы өлшемдерді өлшеген кезде бұл таңбалар аспапта қойылған нөл өлшемдеріне нағыз өлшемдер ауытқу таңбалары сай келеді. Ішкі өлшемдерді өлшеген кезде нутромер түтігіне бастарды орналастырғанда ауытқу таңбалары бөлу шкаласына кері, яғни аспап көрсеткіштерінің шамасы өскен кезде олар теріс.


Индикаторлық нутромер қондырғысы
Нутромер (4.3 а сурет) жылуизоляциялық тұтқамен 6 жабдықталған және негізгі қызмет атқаратын түтіктен 4 тұрады. Түтіктің жоғарғы жағында қысқышы 8 мен қосатын тетік бар. Тетікке тілшесі өлшеу бастардың 7 корпус гильзасы енгізіледі және бекітіледі. Көп жағдайда ол болып сағат типті индикаторлық немесе бөлу құны 0,001 мм немесе 0,002 мм рычажды-тісті ИГ бастар табылады. Негізгі түтіктің төменгі жағында құралдың бастары орналасқан, оның құрамына корпус 9, орнатылған көпір 11 және қатты 10 және қозғалмалы 1 ұштықтарын қабылдайтын өлшеу өзектерінен тұрады. Сағат типті индикаторлық 7 нутромердің жылуизоляциялық тұтқасы бар түтікті корпусына қойылады және қысқышпен 8 бекітіледі. Нутромердің корпус түтігі 4 өлшеу басымен аяқталады, корпусқа 9 бір жағынан алмалы-салмалы өзек-ұштық 10, ал екінші жағынан өзек 1 орнатылады.
Өлшеу диапазоны 50-100 мм индикаторлы нутромерлер үшін алмалы-салмалы өзекшенің (50-60 мм, 60-70 мм, 70-80 мм, 90-100 мм) интервалы 10 мм-лі өлшеу диапазоны 18-50 мм нутромерге 5 алмалы-салмалы өлшеу өзек-ұштары 10, 2 шайбы және кілт қосымша беріледі. Алмалы-салмалы өзектер жинағы өлшеу диапазоны шамасындағы шамаларға нутромерді орнатуға және тетіктің түрлі диаметрлерін өлшеуге көмектеседі. Рычаг 2, серпіндісі 5 бар шток 3 арқылы қозғалмалы ұштық 1 қозғалысы өлшеу ұштығына және өлшеу бастарының өзегіне беріледі.
Орталықтанған көпірше 11 өлшеу нутромер осін орнатады, ол өлшеу бөлшектерінің саңылауының диаметрлерімен сай келетін өзек-ұштықтарының 1 және 10 жалпы осі болып табылады (4.10 в, г сурет) пен көпіршедегі серпінді өлшеу жігерді тұрақтылық және өлшеу өзектерін және саңылау беттерін сенімді жанасумен қамтамасыз етеді. Орталықтанған көпірше 11 саңылауға нутромерді орнату үшін және саңылау диаметрі бойынша өлшеу сызығын орнату үшін қызмет атқарады.
Орындаушы тек нутромерді осьтік жазықтықта көлденең қимада тербету және өлшеу бастарының тілшесі бойынша минималды жағдайда табу керек, яғни перпендикуляр 2 өлшеу саңылауларына да тік. Санаудың минималды және максималды сай келуі бұл саңылаудың өлшеу қимасындағы нағыз шамасы.


а) конструктивті схемасы; б) шарикті қосылғышты нутромерлер


4.3 сурет – индикаторлы нутромер

Аз шамалы саңылауларды өлшеу үшін түйіршікті қойылмасы бар нутромерлер қолданылады.


Индикаторлы нутромерлердің негізгі метрологиялық сипаттамалары 4.2, 4.3 кестеде берілген.


4.2 кесте – сағат типті индикаторлардың метрологиялық сипаттамалары



Тип

Моделі

Негізгі параметрлер

Бөлу құны

Өлшеу шегі

Өлшеу қателігі

Сағат типті нормальді индикатор

ИЧ 10

0,001

0-10

0,012

ИЧ 5

0,01

0-5

0,012

ИЧ 2

0,01

0-2

0,012

4.3 кесте – индикаторлы нутромерлердің метрологиялық сипаттамалары



Өлшеу шегі

Өлшеудің ең үлкен тереңдігі, мм

Өлшеу стерженінің ауыстырылу шамасы

Көрсеткіштің қателіктері, мм

6-10

50

0,6

0,015

10-18

130

0,8

0,015

18-50

150

1,5

0,015

50-100

200

4,0

0,02

100-160

300

4,0

0,02

160-250

400

4,0

0,02





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет