Математика пәнінен ашық сабақ.
Тақырыбы: «Көршілес екі қосылғышты олардың қосындысымен
ауыстыру тәсілі. ».
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға үш қосылғыштың қосындысын табуға берілген есептер, есепті шығарудың түрлі тәсілдерін меңгерту, білімдерін жетілдіру.
2. Дамытушылық: Есептеу дағдыларын қалыптастыру. Математикаға қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Байқағыштық, ұқыптылық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: сиқырлы қақпа
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау
Ауызша есептеу
Жаңа сабақ:
а) есептер шығару
б) сергіту сәті
5. Бекіту:
6. Қорытынды:
- бағалау
- үйге тапсырма
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың оқу құралдарының дайындығын тексеру, сабаққа назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: №5 (2),минутпен өрнекте:
1 сағ.40 мин = 100 мин. 1 сағ.30 мин = 90 мин.
70 мин. = 1 сағ.10 мин.
№6 . 2 см ұзын кесінді сыз.
А__3 см____С А______5 см________ К М _2 см__N
Аı 5 см_______Сı Аı______7 см_____________Кı Мı __4 см____Nı
АС=3 см АК=5 см МN =2 cм
АıСı=5 см АıКı=7 см МıNı=4 см
3.Ауызша есептеу. «Кім жылдам?» ойыны арқылы есептерді тақтаға шығару.
25+(5-2) =28 (23-3)+4=24 (34-4)+5 =35
16+4=20 (16-6)+10=20 (6+6)-2=10
4.Балалар, бүгін біз сендермен мына қақпаның сиқырын ашып, «Сиқырлы қақпаның» не жасырғанын білуіміз керек. Ол үшін қақпаның есігіндегі әр түрлі тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма. №1 Барлығы неше текше?
а) 3+1+1=5 2+1+2=5
ә) Суреттерді пайдаланып, өрнектерді жаз және нәтижесін тап. Қорытынды жаса.
2+(1+2) =5 1+(2+2) =5
Ереже: Егер көрші қосылғыштарды олардың қосындысымен ауыстыратын болса, үш және одан да көп қосылғыштардың қосындысы өзгермейді.
2-тапсырма. №2
8+6+4=18 7+5+3=15 8+2+9=19
5+9+5=19 10+2+8=20 6+10+4=20
3-тапсырма №3Сызбаны қара. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар:
Жемсауытта 3 шымшық, 4 көгершін және 5 қараторғай бар. Жемсауытта барлығы неше құс бар?
____3 ___4__________5_______
?
-Есепте не туралы айтылған? (шымшық, көгершін, қараторғай туралы)
-Есепте не белгілі? (3 шымшық, 4 көгершін, 5 қараторғай)
-Есепте не белгісіз? (барлығы неше құс)
-Есеп сұрағы қандай? (Жемсауытта барлығы неше құс бар?)
-Есеп сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (болады)
-Қандай амал қолданамыз? (қосу)
Шымшық-3
Көгершін-4 ? 1 тәсіл: (3+4)+5=12 (құс)
Қараторғай-5 2 тәсіл: 3+(4+5) =12 (құс)
Жауабы: Жемсауытта барлығы 12 құс бар.
Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жазайық
Ұшып-ұшып алайық
Қайта жерге қонайық.
4-тапсырма №4.
Бумада 5 көк, 2 жасыл және 3 қызыл шар бар. Бумада барлығы неше шар бар?
-Есепте не туралы айтылған? (шар туралы)
-Есепте не белгілі? (бумада 5 көк, 2 жасыл, 3 қызыл шар бар)
-Есепте не белгісіз? (барлық шар саны)
-Есеп сұрағы қандай? (Бумада барлығы неше шар бар?)
-Есеп сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (болады)
-Қандай амал қолданамыз? (қосу)
Көк-5 шар
Жасыл- 2 шар ? 5+2+3=10 (шар)
Қызыл-3 шар
Жауабы: Бумада барлығы 10 шар.
5-тапсырма. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр және шығар:
1 күні- 60 адам ?
2 күні - ?, 20 адам артық
1 күні фабрикада 60 адам, 2 күні 20 адам артық жұмыс істеді. Фабрикада 2 күнде барлығы неше адам жұмыс істеді?
-Есепте не туралы айтылған? (фабрикада жұмыс істейтін адамдар туралы)
-Есепте не белгілі? (1 күні-60 адам, 2 күні- 20 адам артық жұмыс істеді)
-Есепте не белгісіз? (барлық адам саны)
-Есеп сұрағы қандай? (Фабрикада 2 күнде барлығы неше адам жұмыс істеді?)
-Есеп сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (болмайды)
-Неліктен? (2-ші күні жұмыс істеген адам саны белгісіз)
-Қандай амал қолданамыз? (қосу)
-Енді есеп сұрағына жауап беруге бола ма? (болады)
- Қандай амал қолданамыз? (қосу)
1) 60+20=80 (адам 2-ші күні)
2) 60+80=140 (адам)
Жауабы: Фабрикада екі күнде барлығы 140 адам жұмыс істеді.
6-тапсырма. №6 Сағат қанша? Ауызша жауап беру.
Сағ. 12 .00 4 6 10
Бекіту: карточкамен жұмыс
Қорытынды:
-Балалар, бүгін біз сендермен мына «Сиқырлы қақпаның» сиқырын шешіп, қақпаның есігін ашып, мына күшік босап шықты. Ол сендерге өте риза. Рахмет сендерге!
-Бағалау: белсене қатысқандарды.
-Үйге тапсырма: №7,8, 96 бет
Достарыңызбен бөлісу: |