Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет19/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



    1. Аспаптың дәлдік класы дегеніміз не?

    2. Аспаптың дәлдік класы қалай белгіленеді?

    3. Қалыпты шкалалы аспаптың дәлдік класын анықтау үшін қандай ережені білу керек?

    4. Нольдік мәндегі диапазон ішіндегі мәнде дәлдік класын анықтау үшін қандай ережені білу керек?

    5. Қалыпсыз шкалалы аспаптың дәлдік класын қалай анықтауға болады?

    6. Номиналды мәні белгіленген өлшеу құралының дәлдік класын қалай анықтауға болады?

9 зертханалық жұмыс


Жұмыс өлшеу құралдарын тексеру. Штангенциркуль


Зертханалық жұмыстың мақсаты: Өлшеу құралдарының метрологиялық мінездемелерін есептеу және олардың нақтылығына баға беру бойынша студенттердің практикалық машықтарды үйренуі және білімдерін тереңдетуі.


Негізгі теориялық ережелер
ӨҚ тексеру – өлшеу құралдарының қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатымен жүргізілетін операциялар жиынтығы. Тексеру кезінде өлшеу құралдарының барлық метрологиялық мінездемелерінің жиынтығы зерттеледі, жылжымалы элементтердің жүрісі тексеріледі, өлшеу құралдарының сыртын қарап шығу жүргізіледі, өндіріске немесе ремонттан кейін шығару, импортталған және қолданысқа жіберген кезде ММК мүшелері мен тексеру жүргізіледі.
Нормативті құжат бойынша тексерудің бес түрі қарастырылған: алғашқы, кезекті, кезектен тыс, инспекциялық және сараптық.
Алғашқы тексеруге өндіріске немесе ремонттан кейін шығарылған, импортталған ӨҚ жатады.
Кезекті тексеруге қолданыстағы немесе сақтауда жатқан ӨҚ жатады.
Кезектен тыс тексеруді қолданыстағы (сақтаудағы) өлшеу құралдарына келесі жағдайларда жүргізіледі: тексерулік таңба белгісінің зақымдалуы, сонымен қатар тексеру куәлігі жоғалған кезде; ұзақ уақыт ( бір тексеру аралық интервалдан жоғары) сақтауда жатқан ӨҚ қолданысқа шығарған кезде; аспаптың қанағатсыз жұмыс істеу барысында немесе ӨҚ-на соққылық әсерден кейінгі қайта қалпына келтіру кезінде.
Инспекциялық тексеруді мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізу барысында ӨҚ-ның қолдануға жарамдылығын тексеру мақсатымен жүргізіледі.
ӨҚ сараптық тексерісін метрологиялық мінездемелер, ӨҚ-ның дұрыс жұмыс істеуі және қолдануға жарамдылығы бойынша даулы сұрақтар пайда болған жағдайда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет