Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


Индикаторлы нутромерлерді нөлге келтіру



бет13/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Индикаторлы нутромерлерді нөлге келтіру
Нутромерлерді шеткі өлшемдер блогы қажетті өлшемдері бойынша орнату үшін струбцинада 2 боковиктер арасына бекітеді және олар арасына нутромерлерді енгізеді.
Арнайы боковик қолданған кезде көпір жазықтыққа тіреледі.
Боковиктер арасындағы орнатылған индикаторлы нутромер сәл теңселеді және сағат тілі бойынша қозғалғанда индикатор үлкен тілшесінің шеткі жағдайында қабылдайды. Бұл тілше жағдайы ең кіші боковиктер арасындағы ара қашықтыққа сай келеді (яғни жазықпараллельді шеткі өлшем блогының өлшеміне), ободок бұрылысымен үлкен шкаланың нольді бөліндіге әкеледі. Аспап тербелісін және нөлдік орнатуды тексеру керек. Үлкен тілше нөлге тимеуі керек.
"Нөлге" орнатқан кезде калибр-сақина бойынша көпіршені басыңыз және нутромерді енгізгенде өлшеу сызығы сақинаның осьтік қимасына сай келу керек. Калибр-сақина өлшеміне сай келетін индикатор көрсеткішін ең жоғарғы мәнін нутромерді осьтік жазықтық бойынша сәл тербете анықтаңыз.
Индикатор шкаласын "нөл" өлшенетін саңылаудың номиналды өлшеміне сай келетіндей бұрыңыз, яғни калибр-сақина қателігінің өлшемін ескеру керек.
Аспаптың өлшеу жазықтықтарының арасындағы өлшемі үлкейгенде индикатор тілшесі сағат тіліне қарсы бұрылады, кішірейгенде – сағат тілімен көрсеткішпен дәлдігін ұлғайту мақсатымен нутромер бағытын орнатқан кезде өлшеу бағытымен бірдей болу керек.


Тетікті өлшеу
Нутромерлермен өлшеген кездегі негізгі қателіктер саңылау диаметрінің сызығының жылжуынан және нутромердің саңылауына қисаюы салдарынан пайда болады. Өлшеу сызығын саңылау диаметрі бойынша ортақтандырылған көпірше көмегімен орнатады. Ортақтандыру қателігі 3 мкм-дан жоғары емес болуы керек.
Орнатылған индикаторлы нутромер тексерілген саңылауға еңгізіңіз және сәл тербете, индикатордың максималды көрсеткішін анықтаңыз. Максималды көрсеткіш және нөлдік санақ арасындағы айырмашылығымен нағыз өлшемінің талап ететін мәнінен ауытқуын анықтайды.
Нутромерді жазықтықтың осьтік қимасы бойынша тербете аспаптың саңылау диаметрлеріне сай келетін ең кіші көрсеткішін табыңыз, ал тік осьпен бұрғанда аспаптың ең үлкен көрсеткішін табады.
Нөлге орнатқандағы шеткі өлшем блогының өлшемінен саңылау өлшемінің ауытқуы аспап көрсеткішіне тең сағат тілі бойынша тілшенің нөлден ауытқуы өлшемнің кішіреюін (теріс таңба), сағат тіліне қарсы – үлкеюін (оң таңба) көрсетеді.
Саңылау өлшемін номиналды өдшемін және аспап көрсеткішін ауытқу таңбасын ескере алгебралық қосу арқылы табылады. Машина жасау және аспап жасау саласында саңылау диаметрін және беттің қалпының ауытқуын индикаторлық нутромермен өлшеу ең көп тараған. Бұл өлшеулер микрометрлік нутромерге қарағанда едәуір өнімді және жоғары дәлдікке ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет