Кесте №1. Штангенқұралдардың метрологиялық сипаттамалары
Құралдың аты
|
Түр
|
Негізгі параметрлер
|
Өлшеу диапазоны,мм
|
Нониус боынша есептеу шамасы
|
Шекті қателік
|
2 жақты орналасқан губкалы штангенциркульдер
|
ШЦ-1
|
0-125
0-160
|
0,1
0,05
|
0,1
0,05
|
ШЦ-2
|
0-250
|
0,1
0,05
|
0,1
0,05
|
Штангентереңдік өлшеуіш
|
ШГ
|
0-250
|
0,05
|
0,05
|
ШР
|
0-400
|
0,05
|
0,05
|
Штангенрейсмасстар
|
|
0-25
40-400
60-630
|
0,05
0,05
0,05;0,1
|
0,05
0,05
0,05;0,1
|
Зертханалық жұмыс орындау тапсырмалары
Штангенқұралдың жұмыс істеу ұстаны мен жабдықтарын меңгеру.
Бұйым өлшемдерін есептеу (есептеуді 5 реттен кем емес жүргізеді).
Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Бұйымның эскизін сызу.
Зертханалық жұмыс отчетіне талаптар
Зертханалық жұмыс номері мен аты.
Жұмыс мақсаты.
Тапсырма.
Өлшенетін құралдар мен жабдықтар тізімі.
өлшенетін құралдардың қысқаша сипаттамасы және қолданылуы.
Штангенқұралдардың метрологиялық сипаттамалары.
Бұйымның өлшемдерін өлшеу сұлбасы.
Өлшеу нәтижелері.
Шекті өлшемдерін есептеу.
Бұйымның эскизі.
Орындалу күні және студенттің қолы.
Зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары
Штангенциркуль жабдықтары.
Нониус шкала жабдығы.
Штангенциркульмен өлшеу әдіыыстемесі.
Штангентереңдік аумағы және жабдығы.
Штангенрейсмасс аумағы және жабдығы.
Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Анықтама беру: өлшеу тәсілі, қателік өлшеу диапазоны, өлшеу шегі, бөлу құны және т.б.
№ 3 Зертханалық жұмыс
Ортаның температурасын өлшеу
Лабораториялық жұмыстың мақсаты: Температураны өлшейтін құралдармен және олардың жұмыс істеу принциптерімен танысу.
Өлшеу – бақылау құралдарының түрі
Өлшеу құралдары дегеніміз – бақылаушының қабылдауы үшін қолайлы, арнайы түрде өлшеу сигналдарын өндіруге арналған өлшеу құралдары. Өлшеу құралдары дискреттік және аналогтық болып бөлінеді.
Дискреттік өлшеу құралдары – автоматты түрде дискреттік өлшеу сигналдарын өндіретін құрал. Дискреттеу процесі үздіксіз өзгеретін шамаларды көп дискретті мәндерге қайта құрудан тұрады.
Аналогтық өлшеу құралдары – көрсетулері өлшенетін шаманың өзгерістері үздіксіз функция болып келетін құралдар. Аналогтық құралдарр көрсететін, тіркейтін болып бөлінеді.
Көрсетуші құралдар деп, олардың көмегімен бақыланатын параметрдің сандық мәнін көруге болатын приборды айтамыз. Конструкция жағынан олар стационарлық және тасымалды болып бөлінеді.
Тіркейтін құралдар - өлшенетін шаманың көрсеткішінің тіркелуі алдын ала ескерілген құралдар. Олар өздігінен жазатын және басатын болып бөлінеді. Өздігінен жазатын құралдарда - өлшенетін параметрдің үздіксіз ленталы немесе дисктік диаграммаға жазылуы жүзеге асады.
Басушы құрал деп көрсеткіштердің сандық формада басылуы алдын ала қарастырылған құралдарды атаймыз. Әдетте оларды объектінің әртүрлі нүктелерін бейнелейтін, бір уақытта бірнеше параметрлерді жазу үшін қолданады.
Интегралдайтын құрал - өлшенетін шаманың уақыт бойынша немесе басқа тәуелсіз бойынша қосындысын табатын құрал.
Өлшеу құралдарында ең негізгі метрологиялық сипаттамасы көрсетіледі, олар: өлшеу диапазонының төменгі және жоғарғы шектері, дәлдік дәрежесі, шкаланың бөліктерінің бағасы. Ең негізгі метрологиялық мінездеме болып дәлдік дәрежесі табылады, ол негізгі және қосымша қателіктердің шегіне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |