48. Эстафеталық жаттығулар кешенін құрасырыңыз
49. Жорға жарыс өткізу тәртібін және шарттарын сипаттап беріңіз
Жорғаға әдітте ұлттық киім киген қыз-келіншіктер мініп жарысады. Әйелдер үшін қашықтық 2-3 километр. Жорға жарысында 6 километр қашықтықты шабдар аьтымен 10 минут 26 секунд ішінде өтіп, Бәйсен Елгезеров ең жақсы нәтиже көрсетті. Ал әйелдер арасында 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының студенткасы Райхан Әбілхатова 3 километр қашықтықты 5 минут 28 секундта өтіп, республикалық рекорд жасады.
Жарыс орны тегіс жердегі айналым, жұмсақ тура жол немесе ипподромдағы ат шабатын айналым болуы мүмкін.
Жарыс өткізу тәртібі және шарттары. Жарысқа қатысушылардың кезегі жеребе бойынша анықталады. Өкіл (жаттықтырушы) төрешілер коллегиясына жеребе тартқанда дейін берілетін заявкада шабандоздың фамилиясы, аты, жасы және жарысқа қай мезгілде қатысатыны (бірнеше топ болып жарысқанда) көрсетіледі. Сондай-ақ осы заявкада атының жынысы, туған жылы және қандылығы жазылады.
Жарысқа қатысушылар өз коллективтерінде киетін немесе жарыс ережелерінде көрсетілген киімді ғана киюлері тиіс.
Әрбір шабандоздың жеребе тартқан кейін төрешілер коллегиясы берген екі қарына немесе ерінің артқы қасының тұсына, тоқымының екі жағына бекітілген бір рет нөмірі болуы керек.
50. Ойындардың тәрбиелік мәнін сипаттаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |