Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»


Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері



бет16/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
РК

41. Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
42. «Торғайлар» ойынының шартын және ережесін жазыңыз
43. Спортшының жылдамдық қабілетін тәрбиелеу
44. Ат спортының түрлері, ерекшеліктері, ат спортының біреуін сипаттап беріңіз.
45. Қазақтың ұлттық ойындарының тарихы
Ойын - өсіп келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қалыптасқан құралы. Тәрбиелік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін арнайы ұйымдастырылған ойындар білімгері болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлайды.
Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік-тұрмысында өзінің маңызын жоғалпайды, тек олардың мазмұны мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады.
Ойындардың икемділікті, жылдамдықты, шапшаңдықты, күштілікті, ептілік пен тапқырлықты дамытудағы, қозғалыс үйлесіміділігін жетілдірудегі маңызы аса зор. Бұл қабілет-қасиеттердің бәрі де ойын арқылы қалыптасады. Сондықтан бұрыннан дене тәрбиесі сабақтарында, үзілістерде, сабақтан тыс кездерде орынды пайдаланған жөн.
Қимыл-қозғалыс ойындары – үнемі қимыл-қозғалыстак талап ететін ойындар. Олар дене тәрбиесі сабақтарында немесе сабақтан тыс кездері ойналады. Ойындар дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, ойындар оқушылардың әрқандай спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуына тікелей қажет болатын денеге тән сапаларды дамытуға көмектеседі. Мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс ойындары екігебөлінеді: таза қимыл-қозғалыс ойындары және спорттық сипаттар бар қимыл-қозғалыс ойындары. Барынша кең тарағаны – таза қимыл-қозғалыс ойындары.
Ұлттық ойындары оқу-тәрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынды. Педагогикалық жүйенің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шындай түседі. Сондықтан, ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оы жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді қажет жасайды.
Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан бері, әр кезенде әр түрлі пікір айтып, оны өз ұрпақтарын тәрбиелеп, білім беруде іске қосу мәселесін үзбей айтып келеді. Біз ол тұралы бастапқы параграфта айтып, жазғандықтан, тек еске салатыруды жөн көрдік. Бірақ, атап айтатын бір мәселе, күні бүгінгі дейін, әр дәуірде өмір сүрген ғылымның алуан саласындағы аңшыларды, оның ішінде көне, антикалық дәуірдің – Платон, Аристотель секілді үздік ойдың санлақтары, ойындарды адам саласының тәрбиесінде пайдалану туралы әр түрлі пікір айтқандарымен, оны пайдаланудың жолдарын нақты көрсете алмады. Біз оны көрсетпеді деп кінә тағудан аулақпыз. өйткені, ұлт ойындары оның ішінде, ойын аталуының өзі былайғы көзге қарапайым болып көрінгенмен, шын мәнінде өте күрделі дүние болып табылады.
Ұлттық ойындардың өзі шындап келгенде адам қасиетін біржақты емес, жан-жақты дамытуға негізделген ол тек көңіл көтеру, ермек үшін жасалмаған.
Бұл ұлттық ойындардың бойына дарыған ежелгі қасиеті болса біздің ата-бабаларымыз, кейінгі ұрпақ содан тәлім алатынқазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары сол ұлттың өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның саң мындаған ұрпағынын рухани азығына айналған, қиялын қозғап, ұлттық болмысымен өзіндік ерекшілігін қалыптастыруға игі әсерін тигізген дәстүрлі құбылыс.
Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған, іріктеп, сұрыпталып бізге жеткен мәдени мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін онын жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы. Халықтың сәби шағы мен бүгінгі өскелеңдәуірінің куәсі ретінде. Адам баласының фантазиялық ой-өрісінің жемісі ретінде де оны үйренудің, зерттеудің және оның заманымызға лайықтыларын бүгінгі ұрпақты оқытып-тәрбиелеу ісіне жаратудың үлкен тағылымдық, тәрбиелік маңызы бар депбілеміз.Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола тұрып, өзін дүниеге әкелушілерінің есеюіне, ақыл-ойының толысып, қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, жасампаздық көңіл күйінің көтеріліп, күш-қуатының молаюына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Ұлт ойындарының осындай қасиетін жақсы танып-білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл-ой, парасат иелері әркез оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, жиып-теріп, қағаз бетіне түсіріп отырады.
Қазақ халқының рухани байлығын оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет қағаз бетіне түсіріп әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия саяхатшасы Плано Карапини XIII ғасырда Жетісу, Тарбағатай өкелерінде болған кезде, осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинап, жазып қалдырған.
XiX ғасырдың екінші жартысына дейін, халқымыз жасаған басқа да рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің баға жетпес қызметін, тек ауыз екі түрде ғана орындап, ел есінде сақталып келді. Содан бері жаңа ұрпақпен жаңарып, дамып, толысып бізге дейін жетті. Кейінгі жаңа толқын жастар және әр ұлт зиялылары халықтық ойындар бойынан өзгеше бір қасиет тауып, оларды үдере өсіп, өркен жайып келе жатқан өркениетті елдің керегіне жарату үшін, жатырқамай-жатсынбай әлем жұртышлығына таныту мақсатында сол кезде шығып тұратын күнбе-күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп тұрды.
Әр ұлт өкілдерінің кезінде көшпенділер атанған елдің тұрмыс-тіршілігі, мең ойын-сауықтарына көңіл бөлуі, оны зерттеуі, сол арқылы өздерінің жүрек жарды пікірлерін айтулы тегін еместі, біздің пікірімізше оның себебі, біріншіден, ойын атаулының ешкімді де, ешуақытта да жайбақарат қалдыра алмауынан болса, екіншіден, ойынның шекара дегенді білмей, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен орайла келіп, рухани жақындастыра түсетіндігінде, үшіншіден, ойын арқылы халықтар арасында түсіністік орнап, әзгерлерді танып-білуге деген ынтасын арттыруында, төртіншіден, ойын-интернационалдық тәрбиенің жаршысы, халықтың психологиялық ақуалын білудің, зертеудің құралы, ал соңында ойын арқылы белгілі бір халықтың өмірбаянын зерттеп білуге кең жол ашылып, ұлт ойындарының типографиялық материал ретінде пайдалалытынынан да болса керек..
Олай дегеніміз, қазақтың ұлт ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, көшпелі халықтан өздерінің мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары: Көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтың қабақ ату, жамбы т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болады. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басқасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, ат бегілері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатын қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл бір жағынан, халықтық тәлім-тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқанын пікірімен санаса білуді үйретеді, үшіншіден, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде, ұлт ойындары халық педпгогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда.
Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып келетін бір тұсы ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі кездеседі. Әсіресе, ақындар айтысында ойын туралы пікірлер, оның адам өмірінен алатын орыны туралы пікірлер көп болса, ақындар айтысы мен балалар айтысы халық арасында көп болған. Бұл-ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте араластыру, ақыл-ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі-өнегесін олардың бойына ерте сіңіру ниетінен тұған. Мысалы, «Айтыс ойыны», «Қыз бала мен ұл баланың айтыс ойыны», «Сән айтысы» т.б. секілді неше алуан ойын өлеңдері де кездеседі. Басқа халықтарда кездесе бермейтін, қазақ халқының өзіндік ерекшелігін көрсететін, жас баланың зердесін шыңдап, шығармашылық қабілетін еселеп арттыратын осы өнер түрін халқымыз әлі де үмыт қалдырмай жастарға үлгі ретінде ұсынуда. Содан болар, қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды, тіпті кездестіре алмайсың.
Қазақтың ұлттық ойындары араласпайтын бірде-бір өмір саласы жоқ. Ойын жас адамның денесін шыңдап, күш-қуатын мойлатып қана қоймай, оны шапшандыққа, дәлділікке, қиындықтан жол тауып шығу секілді, ақыл-ойының толысып жетілуіне әсер етіп, пайдасын тигізеді.
Тәрбие адам ғұмырын тұтас қамтығанымен, сәбилік, алғашқы балалық, жастық шағында алған тәрбиесі оған туған ортасының психикалық ерекшілігін сіңіруде шешуші рөль атқарады. Сондықтан баланың отбасында алған тәлім-тәрбиесі оның қай ұлтқа жататынын анықтап қана қоймай, бүкіл өмір жолының анықтауышы бағдарына айналады. Оны анықтаушы дейтініміз, адамның әлеуметтік ортадағы әрекеттері арқылы келер ұрпаққа беріліп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет