46. «Аңшылар мен қояндар» ойынының шартын және ережесін жазыңыз
47. Бәйге өткізу тәртібі мен шарттары, өту орнын сипаттап беріңіз
Бұл халық арасында ең көп тараған ат спортының түрі. Жергілікті жерлерде қысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі, сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай өткізілетін кросс болып та табылады.
Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар. Өйткені аты жүйрік спортшы емес, атаның шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген спортышының жеңіп кететің кездері аз болмайды.
Қостанайлық жылқы тұқымдары алысқа шапқанда төзімді келеді. Мысалы, елуінші жылдары жарыс аттары алысқа жіберіліп сыналды. Сонда 1953 жылы Алматы облысындағы «Қастек» қой совхозынан Қастекбай Рахметжанов бір тәулік ішінде 311,6 км жерден шауып өтіп бүкіл-одақтық жоғары көрсеткішке жетті. Сөйтіп, ол «Спорт шебері» атағын алу правосына ие болды.
Бәйгеде классификациялық қашықтықтар 7,12 және 16 км. 7 километрлік бәйге колхоздардың, совхоздардың, жалқы заводтарының, Совет Одағының барлық қалаларында жыл сайын өткізілетін ат спорты жарыстары программасына міндетті түрде енгізіледі. Бұл қашықтықтар бойынша разряд беріледі.
Тегіс жерде қысқа және орташа қашықтыққа кедергісіз өткізілетін жарыстарға он сегіз жасқа толған және одан да асқан, жаттықтырушының басшылығымен жарысқа тиісінше даярланған спортшылар жіберіледі. Бәйге аты бес жаста және одан да асқан болуы керек. Қашықтықтың қандай болатындығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды, ол 7 және 16 мың метр аралығында болады.
Жарыс тегіс жерде, айнала, тура жұмсақ жолмен тіке шауып, яки ипподромда өткізілуі мүмкін.
Жарысты өткізу шарттары мен тәртібі, киім түрі және атты дайындау жолдары, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары аламан бәйгедегідей.
Жеңімпаздарды анықтау. Бәйгеге қатынасқандардың барлығы да орындарына сәйкес, яғни бірінші орындағы – бір, екінші орындағы – екі, үшінші орындағы үш, т.с. ұпай алады. Егер жарыс аттары көп болып, бірнеше бөлініп жіберілген болса, онда орындар әрбір бәйгеге қатысушының көрсеткен уақыты бойынша анықталады. Егер сөреден бірдей уақытта өткендер болса, атының басы сәл алда жүрген спортшы жеңген болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |