Пәннің зерттеу обьектісі – шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесінің оқу құрылымымен танысу, сабақ кестесін жасау ерекшеліктері, күнтізбелік жоспарлар, күнтізбелік тәрбие жұмысының жоспары.
Зерттеу пәні – шағын жинақты мектептердегі сабақты, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
|
Пререквизиттер:
Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент мектептің математика курсын жақсы меңгеруі қажет. Жалпы білім берудің стратегиялық бағыттары ретінде, шағын мектепте математикалық білім беруді дамыту ҚР барлық нормативтік құжаттарында аталады
|
Постреквизиттер:
Пәнді толық менгерген студент курс материалдарын болашақ маман ретінде пайдалана алады.
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар:
Шағын жинақты мектептерде күнтізбелік жоспар бойынша сабақ өткізуді жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу;
Сабақты және тәрбие жұмыстарын оқу – әдістемелік базаға байланысты құра білу;
Сабақ кестесін, пән бойынша күнтізбелік жоспарларды жасау;
Бір тақырыптық сабақ жоспарларын жасау;
Біріктірілген бір,екі,үш сыныптың сабақ кестесін жасау;
ШЖМ – дегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
Сыныптарды жас ерекшеліктеріне сай біріктіру.
Меңгеруі тиіс:
Шағын жинақты мектептерде математика пәнінің білімділік, тәрбиелік міндеттерін түсінуге дайындау;
Шағын жинақты мектептерде сабақ кестесінің құрылымын дайындау;
Студенттерді оқу және ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу.
|
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер:
Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік - экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішіндегі оқу-әдістемелік база құру: арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу өзекті мәселелерді шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |