Байланысты: Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»
29.Бастауыш сыныптарда балалардың дамуына АКТ-ны қолданудың негізгі бағыттары. Бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізді және оның күнделікті өмірге жақын екендігін түсінді
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қажеттiгiн алғаш рет 1979 жылы А. П. Ершов, Г. А. Звенигородский жəне Ю. А. Первин ұсынған. Олар төменгi сыныптар үшiн информатиканы оқыту мазмұны мен программалаушы түрiндегi ойлауды қалыптастыру үшiн қажеттi көрiнiстер мен түсiнiктердi анықтаудың құрылымын ұсынды. Бұл ой-тұжырымдар келесi А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин, М. Гольцмандар бiрлесiп жасаған «Роботландия» программалалық-əдiстемелiк жүйеде көрiнiс тапты.Роботландия курсы бастауыш сыныптарға информатиканы енгiзудi алғаш рет бастаған тəжiрибелiк жұмыстардың бiрi, өйткенi, бұл жылдары орта мектептiң тек 9-10 сыныптарына ғана информатика пəнi оқытылатын едi. Сондықтан, бiрден төменгi сыныптарға информатиканы енгiзудi авторлар былай түсiндiредi: оқушылардың ойлауының қалыптасуына информатика курсының рөлi өте маңызды екендiгiн; ЭЕМ-де оқушылардың ақпараттармен практикалық жұмыстар жүргiзу қажет екендiгiмен; компьютер информатика курсын роботтар елiне деген сияқты қызықты ойындарға айналдыруға мүмкiндiктер туғызадыдеп тұжырымдайды: – оқушыларға əлемнiң ақпараттық бейнесiн қалыптастыру (бұл мiндет информатикада жаратылыстану ғылымында қойылады); – оқушыларда компьютерлiк сезiм қалыптастыру. Мұнда оқушылар ЭЕМ-дi тиiмдi пайдалана бiлулерi керек. Қажеттi құрал ретiнде пайдалану мерзiмi мен мүмкiндiктерiн бiлуi керек; – ойлаудың операциялық стилiн қалыптастыру.
6-9 жастағы балаларға компьютерлiк бiлiм берудiң келесi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтыған: – ойлаудың түрлерiн дамыту үшiн компьютердi пайдалану; – компьютердi оқытудың, жобалаудың, музыкамен шұғылданудың, бейнелеу өнерiмен айналысудың, есептеудiң өңдеу құралы ретiнде пайдаланудың мүмкiндiктерi жөнiнде түсiнiктер беру; – балалардың есептеуiш техникаға деген қызығушылығын жəне жағымды сезiмдiк қарым-қатынасын тудыру; – балалардың компьютермен жұмыс iстеуге бiлiмдерiн, біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыру.
Бiздiң елiмiзде бастауыш мектептерге информатика курсын 1-3 сыныптардың оқу үдерісіне алғаш рет дамытушы компьютерлiк ойындар арқылы енгiзудi Ж. С. Сардарова ұсынған. Оның алға қойған мақсаты: бастауыш мектептердiң оқу барысында пайдаланатын дамытушы компьютерлiк ойындар жүйесiн теориялық тұрғыдан негiздеумен қатар, олардың пайдалану əдiстемесiн жасау болып табылады. Қазақ мектептерiнiң бастауыш сыныптарына алғаш рет мектептiң 1-3 сыныптарына арналған «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» атты пəн енгiзілдi. Курсты оқыту үшiн 1-3 сыныптарға арналған төмендегідей мазмұнды бағдарламалар ұсынды: Электрондық есептеуiш техника туралы түсiнiк. Компьютер, оның мүмкiндiктерi, пайдалану аясы, қызметi жөнiнде алғашқы мағлұмат, қауiпсiздiк, санитарлық-гигиеналық талаптар. Компьютержəне оның мүмкiндiктерi, негiзгi тетiктерi. Компьютердi жұмысқа дайындау жəне жұмысты аяқтау. Пернетақта пернелері, олардың қызметi жəне қолданылу аясы. Арнаулы белгiлер. Қазақ, орыс жəне ағылшын алфавитiне жаттығу. Мəтiнмен жұмыс. Сандарға арифметикалық амалдарқолдану. Дайынжаттықтырушыпрограммаменжұмысжасау. Компьютердiң көмегiмен сурет салу. “Торкөз” тестік редакторы. ”Иллюстратор”, ”Конструктор” графиктiк программаларымен жұмыс. Өз бетiмен арнаулы пернелердің көмегiмен сурет салу. “Музик” жаттықтырушы программасымен жұмыс. Геометриялық фигуралар. Бұл бағдарламалар Алматының №131, 163 мектептерiнде сынақтан өткiзiліп, келесiдей қорытындылар жасалды: бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияны танып меңгеруге жəне компьютерлiк ойындарға деген баланың қызығушылығының жоғары деңгейде болғандығы анықталды; берiлген курсты тез де жеңiл меңгергені; компьютерлiк ойын негiзiнде құралған материалдарды ерекше ынтамен меңгергендiгiн байқатқандығын анықтады да, «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» курсын бастауыш мектептерде оқытудың тиiмдi екендiгiне көз жеткiзедi.