Білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі



бет15/18
Дата25.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#177661
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Шалғынбай М.Д.Химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтау үшін оқушы өзіндік жұмыс әдісін қолдану мүмкіндіктері

Қалыптастырушы бағалау
Сабақтың соңы -10 мин
Кері байланыс. «Кезбе тілші» әдісі
Топтан тілші шығып, өтілген тақырып бойынша сұрақтар алады.
1.Атом – молекулалық ілімді сипатта.
2. Химиялық формула және химиялық реакция дегеніміз не?
3.Зат массасының сақталу заңын сипатта.
Үйге тапсырма: 30 – беттегі В тапсырмасын орындау.

Тақырып Химиялық реакция типтері. Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар


Сабақтың мақсаты: Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары туралы жалпы тусінік беру. Оқу үрдісінде химиялық реакцияның типтерін химиялық теңдеулері бойынша ажырата білуге, талдауға, салыстыруға үйрету
«Жұппен жұмыс»
«Тапқыр болсаң тауып көр» бос орынды толтырып, теңестір.
Топтарға берілген карточка бойынша берілген реакция теңдеулеріндегі қалдырылған бос орындарды толтыру.
Мысалы: ...+Н2 = Cu+H2O
Na+…= Na2O
ІІІ.Мағынаны ашу»
«Джигсо әдісі» арқылы
Оқушылар «Джигсо әдісі» арқылы жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерімен оқулықпен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату.
1 топ Қосылу реакциясы
2 топ Айырылу реакциясы
3 топ Орын басу реакциясы
4 топ Алмасу реакциясы
«Сәйкестікті тап» әдісі: Берілген химиялық реакция теңдеуін аяқтап, реакция типтерін анықтап, сәйкестендір.

Реакция теңдеуі

Реакция типтері

AgNO3+ HCl=

айырылу

СаСО3

Орын басу

Cr2O3+Al=

Қосылу

H2O → H+ O2

алмасу

Mg+O2=


Кестедегі сәйкестікті тауып, нәтижесін тақтаға шығып жазып көрсетеді.
Жинақтау. Шығармашылық жұмыс.
1. Қабылдауы төмен оқушымен жұмыс. Берілген формуланы оқы. Формуланың сандық сапалық құрамын сипатта. MnO Al2O3 Na2SO4  SO3
2. Дарынды оқушымен жұмыс.
Салыстырмалы атомдық массасы 65-ке тең элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын тап.
Рефлексия:
«3:2:1» әдісі
«3:2:1» әдісі
- сабақта есіңде қалған 3 негізгі ұғым
- сабақта болған сен үшін қызықты 2 жағдай.
- жаңа сабақ бойынша 1 сұрақ
Видеокөрсетілім: «Қызықты химиялық реакциялар»
Үйге тапсырма: §15 В-5,6 С1 (3,4)
Бағалау. Өзін өзі бағалау.

Тақырып Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. №2көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі


«Миға шабуыл» әдісі
(Тақырыпқа байланысты проблема, сұрақ, ауызша ой салу)
Сабаққа мақсат қою:
Сендер су туралы не білесіңдер?
Сендер өмірде көрген темір, мырыш, алюминий сумен әрекеттесе ме?
Олай болса біз бүгінгі сабақта кейбір металдардың оттекпен және сутекпен әрекеттесуін зерттейміз.



Li, K, Ca, Mg, Al Zn, Cr, Fe, Ni, Sn, Pb, /H/ Cu, Hg, Ag, Pt, Au

Атомдардың тотықсыздандырғыш қабілеті артады

Сумен кәдімгі жағдайда әрекеттеседі Ме(ОН)n және Н2 түзіледі

Қыздырғанда тотығады

Қыздырғанда да тотықпайды

Қышқылдармен (концентрациялы H2SO4 және HNO3 тен басқалары) Н2 бөле әрекеттеседі:

Me0 +2H+ = Men+ + H20



Қышқылдармен (концентрациялы H2SO4 және HNO3 тен басқалары) Н2 бөле әрекеттеспейді

Белсендірек металл өзінен белсенділігі төмен металды тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығарады:
Me10 + Me2n+ =Me1m+ +Me20

Табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі (тұздар, оқсидтер)

Табиғатта қосылыстар түрінде де, бос күйінде де кездеседі

Металдарды коррозиядан қорғаудың алдын алу шаралары (алмасу реакциясы)


Металдар ертеден қолданылып келе жатқаны белгілі, олар сыртқы ортаның әсерінен бүлінеді. Жыл сайын дүниежүзінде өндірілетін темірдің төрттен бір бөлігі бүлініп істен шығады. Бұдан шаруашылыққа орасан зор шығын келеді. Әсіресе жаңбыр, топырақ ылғалды ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгереді. Ол өте зиянды әрі қауіпті процесс. Металдардың бүлінуі ғылым тілінде жемірілу (коррозия) делінеді. Ол латынның korrosio – желіну деген сөзінен шыққан.
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу коррозия (жемірілу) деп аталады. 
Металдар мен құймалардан жасалған өнеркәсіптік қондырғылар, ауылшаруашылық техникасы, қатынас көліктерінің тетіктері, энергетика және химия өнеркәсібінің қондырғылары жемірілуге ұшырайды. Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін.
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады. Олар іс жүзінде бүлінбейді. Сондықтан оларды электрондық өнеркәсіпте, ғарыштық техникада алтынды пайдаланады.
Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілікжер металдар «бекзат металдарға» қарама-қарсы қасиетке ие. Олар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен (ең алдымен оттекпен және сумен) оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.
Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы Mg, Zn, AI, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады. Адамдар темірдің таттануын жиі кездестіреді, жемірілген темірдің бетін кеуек қоңырқай тат қабаты басады. Тат – құрамы тұрақсыз өзгеріп отыратын зат. Ылғал ауада темір бұйымдарының таттанып, бүлінетінін күнделікті тұрмыста жиі кездестіреміз. (темір шегенің таттануын, металдардың бүлінуін демонстрациялау.)
Темірдің таттануы оттектің және ылғалдың әсерінен болады.Оның химиялық теңдеуі:

2Fe + 2H2O +O2 = 2Fe(OH)2


Металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен жемірілу механизміне қарай химиялық және электрохимиялық деп екіге бөлінеді.


Химиялық жемірілу — электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болады. (бензин, керосин т.б) Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен, газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен жүреді. Бұған газ құбырларының, зымыран қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды. Металдарды жоғары температура өңдегенде, химиялық жемірілу жүруі мүмкін.
Электрохимиялық жемірілу — металдардың су немесе электролит ерітіндісі қатысында басқа металдармен жанасуы кезінде бүлінуі. Электрохимиялық жемірілудің жүруінің басты себебі- электролит ерітінділерінің болуы. Өзен мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен жанасатын химиялық өнеркәсіптің қондырғылары және жер астындағы құбырлардың бүлінуі мысал бола алады. Электрохимиялық жемірілу кезінде электрондарды беру процесі жүріп қоймайды, бір жерден екінші жерге электрондардың ауысуы жүреді, яғни электр тогы пайда болады.
Коррозиямен күресу жолдары. Бүкіл әлемде ғылым мен техниканың қазіргідей дамыған кезінде және адамның белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы жоғары деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, металдар мен құймалардың жемірілуі де күшейіп келеді.
Қазір ғылым мен практика жемірілу процесін азайтудың, тіпті мүлдем болдырмаудың көптеген әдіс-тәсілдерін ұсынады. Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттары бар.
Жемірілуден қорғау:
1.Металдарды жаңа конструкциялық материалдармен алмастыру
2.Корроияға тұрақты құймалар алу
3.Электрохимиялық қорғау әдістері
4.Қоршаған ортаның құрамын өзгерту
5.Қорғаныш қабаттармен қорғау
Қазіргі кезде 80-ге жуық металл табылып зерттелді. Металдар табиғатта көп кездесетіндіктен де адамдар оларды күнделікті тіршілігінде көп пайдаланған. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта металл дәуірлерінің аты қалды (мыс, қола, темір).
Геология мен металлургияның негізін салған, металдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХҮІ ғасырда былай деп жазады: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды… егер металдар болмаса… адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді». Тас ғасырында–ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен күміс болатын. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мысалы, мыс біздің заманымызға дейінгі ІҮ мыңжылдықта алынса, келесі ІІІ мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнына қола дәуірі басты.
Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы ашты, содан бастап темір дәуірі басталды.
Қазақстан аумағында көптеген металдан жасалған бұйымдар табылды. Бұл қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың металдарды өндіру және өңдеу әдістерін жақсы білгендерін көрсетеді. Мысалы, тайқазан 1399ж Түркістанда құйылған. (слайд арқылы көрсету). Оның диаметрі 2,45м, салмағы 2т. Тайқазан 7 металдан құйылған: темір,мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс және алтын. Қазан үш қатар әшекеймен және нақышты араб жазуымен өрнектелген. Лотос гүлі тәрізді әдемі 10 тал құлағы бар.
Екінші табылған дүние – «Алтын адам». Ол – Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері (б.з.д. ү ғ.). Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Құлағындағы сырға асыл тастармен, мойнында алтын әшекей, жағасы мен жеңінде алтын салпыншақтар бар. Қолында екі алтын жүзік, оң жақ қапталында ұзын, алтын жалатқан қылыш, сол жағында темір қанжар. Саптама етігі де ұсақ алтыннан жасалған әшекейлермен көмкерілген. (слайд арқылы көрсету)
Металдар болмағанда автоматика, телемеханика, электронды және ядролық техника, лазерлік техника, радиолакация, реактивтік авиация, телевизия т.б. алуан түрлі техникалардың дамуы қазіргі дәрежесіне жетпеген болар еді. Қазіргі кезде техникада 40-тан астам металдар кеңінен қолданылады. Сонымен, қазіргі адам тіршілігі металдарды қолданумен тығыз байланысты. Металдар – жай заттар ғана емес, олар химиялық элементтер. Осы элементтер тірі және өлі табиғаттың аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Теңіздер мен мұхит суларында натрий, магний, кальций, стронций т.б. металдардың катиондары бар.Тіпті тірі организмде ең кем дегенде 10 металдың болатыны анықталған. Олар: темір, мыс, магний, кобальт, мырыш, марганец, молибден, натрий, калий, кальций. Бұларды тіршілік металдары деп атайды. Олардың кейбіреулері өте аз, болмашы түрде ғана, бірақ сәл жетіспесе организмге өзгеріс пайдаболады. Мысалы: темір қандағы гемоглобиннің құрамында болады,оттекті тасымалдушы,жетіспеген жағдайда қаназдық ауруына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, магний жүрек, қантамыр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді және жасыл өсімдіктер хлорофилінің құрамына кіреді (слайд арқылы көрсету).
Неміс философы К.Маркс: «Адамзат ашқан алғашқы металл — алтын»,- деген екен. Алтын – адамзат тіршілігінде аса маңызды роль атқарған металл. Алтын осы күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Біз білетін әшекей бұйымдардан басқа алтынның құндылығы – мемлекеттің күш-қуатының балама эквиваленті ретінде мемлекеттік қорда сақтаулы.
Тапсырма 1: Топтық жұмыс: Металл + оттек
Көрсетілім №2. «Металдардың сумен әрекеттесуі»
Мақсаты: металдардың белсенділігіне байланысты сумен әртүрлі жағдайда әсер ететініне көз жеткізу
Белсенді металл кальцийдің салқын сумен реакциясы көрсетіледі. Пайда болған ерітіндінің индикатор көмегімен сутектік көрсеткіші мен ерітінді ортасы анықталады. Белсенділігі орташа металл мырыш сумен бірден әрекеттеспейді. Реакция жүру үшін оқушылардан не істеу керектігі сұралады. Олар қыздыру керектігін айтады. Ол үшін спиртшам пайдаланылады. Жүргізілген эксперимент негізінде металдар сумен қалай әрекеттескені сұралады.
Көрсетілім нәтижесін талқылау:
- металдар оттекпен қандай жағдайда әрекеттеседі?
- металдар оттекпен әрекеттесіп не түзеді?
- металдар сумен қандай жағдайда әрекеттеседі?
- белсенділігі жоғары металдар сумен қандай
жағдайда әрекеттеседі? Нәтижесінде не түзеді?
- белсенділігі орташа металдар сумен қандай жағдайда әрекеттеседі? Нәтижесінде не түзеді?
- сілті түзілгенін қалай анықтаймыз?
- ал белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеседі ме? Қалай ойлайсыздар?
Дәптермен жұмыс:
Белсенді металдар оттекпен қ.ж. әрекеттеседі:

Ca + O2 = 2CaO


Белсенділігі орташа металдар оттекпен қыздырғанда әрекеттеседі:

2Mg + O2 = 2MgO


Белсенді металдар сумен әрекеттесіп:


2Na + 2HOH = 2NaOH + H2


Белсенділігі орташа металдар сумен әрекеттесіп:


Mg + HOH = MgO + H2


Белсенді емес металдар судың құрамынан сутегіні ығыстырып шығара алмайды:


Cu + HOH =


Тапсырма 2 Топтық жұмыс: Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, мына металдардың оттекпен қандай жағдайда әрекеттесетінін анықтап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар:



Металдар

Әрекеттесу жағдайы

Реакция теңдеуі

Na







Fe







Au







Дескриптор: − белсенді металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтынын анықтайды; − тиісті реакция теңдеулерін жазады.


Тапсырма 3 /жеке жұмыс/ Металдар мен олардың қасиеттері арасындағы сәйкестікті табыңыз:

Металл

Қасиеті

Реакция теңдеуі

Мыс

Су буымен әрекеттеседі




Мырыш

Суық сумен әрекеттеседі




Магний

Сумен мүлдем ірекеттеспейді




Калий

Ыстық сумен әрекеттеседі




Дескриптор:


- белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды;
- металдардың сумен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады;
ҚБ: «Өзін-өзі бағалау» әдісі
Тапсырма 4 /жұптық жұмыс/
Тәжірибе жасалады. Төрт пробирка алынады. Оларға темір шеге салынады. 1-ші пробиркаға кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды. 2-ші пробирка іші құрғақ, ауа бар, пробирка ауызы тығынмен бекітілді. 3-ші пробиркаға толтырылып қайнаған су құйылды және ауызы тығынмен бекітілді. 4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды. Тәжірибе нәтижесі суретте көрсетілген

(а) Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықтаңыз.
(b) Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз?
(с) Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз.
(d) Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз.
Дескриптор:
− коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;
− металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды салыстырады;
− коррозияның зиянды әсерін атайды;
− коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.
ҚБ: «Жұптағы өзара бағалау» әдісі

Белсенді оқыту: «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі. /жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту/


- барлық металдардың белсенділігі бірдей ме?
- белсенді металдар оттегімен әрекеттесіп не түзеді?
- ауада оңай тотығатын металдарға мысал келтір.
- металдар сумен қандай жағдайларда әрекеттеседі?
- белсенділігі жоғары металдар сумен әрекеттесіп не түзеді?
- белсенділігі орташа металдар сумен әрекеттесіп не түзеді?
- оттекпен, сумен реакцияға түспейтін металдарға мысал келтір.
- металдар коррозиясы дегеніміз не?
- металдарды коррозиядан қорғаудың қандай шараларын білесің?
Үйге тапсырма: §11 Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі. - Оқулықтан 42 бет, А-4, В-1, С-1;
- Шығармашылық тапсырма: тақырыпқа сәйкес крассворд, ребус, криптограмма, домино, т.б.
- Ізденушілік тапсырма: “Коррозияның қоршаған ортаға тигізетін экологиялық зияны” реферат жазу;
- Электронды ресурстармен жұмыс: “Металдарды коррозиядан қорғаудың әдістері” бейнематериал дайындау.
Кері байланыс болу үшін «бес саусақ» әдісі қолданылады.
Тәжірибелік сабақтарда өзіндік жұмыстың көрсеткіші айтарлықтай жоғары болғандықтан, сабақ сәтті өтті деп қорытынды жасауға болады.
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:
Сабақтар оқытудың өзіндік жұмыс әдісін қолдану арқылы жүргізілген эксперименттік сыныптарда оқу материалын меңгеру нәтижесі жоғары дәрежеде болды;
Қорытынды білімді тексеру кезінде алынған нәтижелер талданды, ол негізгі жалпы білім беру бағдарламасының игерілу деңгейін көрсетті.
Эксперименттің бұл кезеңінде оқушылардың алғашқы білімдерін, сонымен қатар жаңа материалды меңгеру нәтижелерін көрсететін сабақ тақырыбы бойынша шағын тест тапсырмалары түрінде педагогикалық мониторинг жүргіздік (2-сурет).



Сурет 2- Сегізінші сыныпта «Химия» пәні бойынша 4 блок бойынша тапсырмаларды орындаудың пайыздық сапасының диаграммалары


2-суретті талдасақ, эксперименттің басында 8 «Ғ» сыныбы барлық блоктар бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді деп айта аламыз. Осы критерийлер бойынша тапсырмаларды дұрыс орындау бойынша 8 «А» сыныбы оқушылары салыстырмалы нашар нәтиже көрсетті. Бұл өзіндік жұмыстың тиімділігін көрсетеді.


Келесі сабақта барлық сынып оқушыларының материалды есте сақтауын анықтау үшін қайталама тестілеу жүргізілді (3-сурет).
3-суретте келтірілген деректерге сүйене отырып, әртүрлі блок бойынша тапсырмалардың сапасы өзгерді деп айта аламыз. Назар аударсаңыз, 8 «А» сыныбында барлық блок бойынша пайызы алдыңғы сабаққа қарағанда төмендегенін байқауға болады. 8 «Ғ» сыныбында төртінші блок бойынша білім сапасы аздап төмендегенімен, екінші және үшінші деңгейде жоғарылаған.

Сурет 3- Сегізінші сыныпта «Химия» пәні бойынша бастапқы және алынған білімді анықтауға арналған қайталама тест тапсырмаларын орындаудың пайыздық сапасының диаграммалары


Бұл жұмысты орындау үшін химиядан жаттығу дәптері пайдаланылды. Тест тапсырмаларын қолдану алынған білімнің бастапқы деңгейін анықтауға, сонымен қатар оқытылатын материалдың сапасын анықтауға мүмкіндік берді.


Сабақта өзіндік жұмысты жүйелі ұйымдастыру және оның пән бойынша үй тапсырмасының алуан түрін ұштастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысы тұрақты қалыптасады. Осының нәтижесінде олар өзіндік жұмыстары мүлде ұйымдастырылмаған немесе тұрақты емес жүргізілетін сыныптардағы оқушылармен салыстырғанда шамамен бірдей көлемдегі және қиындық дәрежесіндегі жұмыстарды орындауға айтарлықтай аз уақыт жұмсайды. Бұл бағдарламалық материалды оқу қарқынын біртіндеп арттыруға, есептерді шешуге және шығармашылық сипаттағы эксперименттік жұмыстарды орындауға уақытты арттыруға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылық қабілеттері жеткіліксіз қалыптасқан оқушылар өз жұмысын өз бетінше жоспарлай алмайды, жұмысын ұтымды ұйымдастыра алмайды, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра алмайды. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын пайдалана отырып, осындай дағдыларды ұйымдастыруы керек..
Оқушылардың дербестігін дамыту мұғалімнің де, оқушының да әрекетінің мақсаты болып табылады, сондықтан мұғалім оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек, бұл өз бетінше әрекет етудің негізгі мақсатын – іске асыруға мүмкіндік береді. оқушы тұлғасын, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Әрбір оқушы оқу үрдісіне қатысатындай өзіндік жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылардың өздік жұмыстарын сабақта кеңінен қолдану, осылайша, көптеген оқу-тәрбиелік міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді: оқушылардың білімді меңгеру санасы мен күшін арттыру; оларда оқу жоспарында талап етілетін дағдылар мен әдеттерді дамыту; алған білім, білік дағдыларын өмірде, қоғамдық пайдалы еңбекте пайдалана білуге ​​үйрету, білімді меңгерту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін, байқампаздығын, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, шығармашылық белсенділігін дамыту; ақыл-ой және дене еңбегінің мәдениетін қалыптастыру, өз бетімен, өнімді және қызығушылықпен жұмыс істеуге үйрету; оқушыларды оқу орнын бітіргеннен кейін нәтижелі оқуға дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет