НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ • Сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсіну;
• Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды білу.
Сұраныс тұтынушылардың қандай да бір тауарды немесе қызметті сатып алу ниеті мен анықталады. Сұраныс төлемқабілетті болуы тиіс. Демек, сұраныс — бұл тұтыну шының белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі бір баға бойынша тауардың немесе қызметтің белгілі бір мөлшерін сатып алуға деген ниеті мен мүмкіндігі. Сұраныс көлемі— бұл белгілі бір уақыт кезеңінде берілген нарықта сатып алушылардың сатып алғысы келетін және сатып алу мүмкіндігі бар тауар саны. Ал сұраныс бағасы — бұл белгілі бір уақытта сатып алушылардың беруге дайын құны.