Білім беру бағдарламасы бойынша резидентураға түсу емтиханы сұрақтарының тізімі



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата25.12.2021
өлшемі215,78 Kb.
#105256
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ba darlama-rezid.akusher-2019-2020

Ф-ОБ-001/175-2 

 



 

14. 

6 жастағы қыз сыртқы жыныстық ағзалары аймағы қышитынына, кіші дәретке шыққан 

соң  ашитынына  шағымданады.  Тексеріп  қарағанда  сарпайдың  кіші  жапсары  кейбір 

тұстарында сұр немесе ақ жұқа пленкамен жабысқан. Ем жүргізілмесе бұл аурудан қандай 

асқыну  туындауы  мүмкін.  Диагноз  жасағаннан  кейін      әйелдін  анықтама  амалын 

жоспарлаңыз. 



15.

16 жастағы қыздың етеккірі сирек келеді, ауырады. Бала кезінен созылмалы тонзиллитке 

шалдыққан.  Бойы  168  см,  сүйегі  жұқа,  жамбасы  жалпы  бірдей  тарылған.  Менархе  15 

жастан,  етеккірі  ауырсындырып  келеді.  Барлық  ағзалары  мен  жүйелері  ауытқусыз. 

Салдарлық  жыныстық  белгілері  жеткілікті  дамымаған.  Сыртқы  жыныстық  ағзалары  

гипопластикалы.  УДЗ    –  жатыры  кішкентай,  11-12  жастағы  қыздардың  жатырының 

өлшеміндей. Анабездері дұрыс қалыптасқан. Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама 

амалын жоспарлаңыз. 



16.

  Анасы  8  жасар  қызын  дәрігерге  алып  келді.  Қызының  бойы  өсуінің  кешеуілдегеніне 

алаңдайды.  Анамнезінен:  туылған  кезде  бойы  мен  салмағы  қалыпты  болған.  4-5  жасынан 

бастап  кешеуілдегені  байқалған.  Тексеріп  қарағанда  анықталғаны:  бойы  6  жасқа  сәйкес 

келеді. Тері жамылғысы боз, әжімді, сарғыш реңкті. Теріасты-май талшығы кеудесінде, іші 

мен  сандарында  көп  дамыған.  Шаштары  жұқа,  құрғақ.  Бет  пішіні  кішкентай    -«қуыршақ 

бет», батық кеңсірік. Рентгенографияда түрік ершігінің өлшемі кішкентай. Кәріжілік-білезік 

буынымен қоса солжақ қолдың басын рентгенография жасағанда мөлшері 4 жасқа  сәйкес, 

қаңқаның  сүйектену  процесі  баяу.  Диагноз  жасағаннан  кейін      әйелдін  анықтама  амалын 

жоспарлаңыз. 



17.

 Әйелдер консультациясына бойы қысқа, таңдайы арка тәрізді, мойны қысқа, мойнында 

қанат  тәрізді  іркіс,  кеудесі  бөшке  тәрізді  әйел  келді.  Интеллекті  шамалы  төмендеу, 

кариотип  45X0.  Ілкі  аменорея.  Жыныстық  ағзалары  гипопластикалы.  Диагноз  жасағаннан 

кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

18.

26  жастағы  босанған  әйел  босанғаннан  кейін  5  тәулікте  дене  температурасының  аздап 

жоғарлауына  (38С  төмен),  ішінің  төменгі  бөілктеріндегі  ауырсынуға  шағымданады. 

Қалтырау  жоқ,  жағдайы  қалыпты  (әлсіздік  жоқ,  бас  ауру  жоқ),  осы  жағдайдың  толқын 

тәрізділігін  бақйаған-"дімкәстік"  кезеңінен  кейін  "жақсару"  кезеңі  жүреді.  Диагноз 

жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 



19.

  Науқас  М.,  60  жаста,  аудандық  акушер-гинекологқа  жыныс  жолдарынынан  қанды 

бөлініске  шағымданып  келді.  Постменопауза  12  жыл.  Гинекологиялық  статус:  сыртқы 

жыныс  мүшелері  және  қынап  жастық  инволюция  белгілерімен.  Қынаптың  шырышты 

қабаты оңай жараланады, жатыр мойны эрозияланбаған, қарашық симптомы теріс. Жатыр 

мойны  каналынан-аздаған  қанды  бөліністер.  Жатырдың  көлемі  қалыпты,  параметрий  бос. 

Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

20.

  А.  есімді  әйел  32  жаста,  етеккірі  келерден  10-12  күн  бұрын  екі  емшегінің  де 

ауыратынына,  қатаятынына  шағымданады.  Етеккірі  аяқталғанда  ауырсыну  да,  қатаю  да 

толық басылады. Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 



21.

Қайта аяғы ауыр 20 жастағы әйел, жүктілік мерзімі 34 апта, қаны теріс резусты. УДЗ бой 

ынша:  плацента  қалыңдығы  артқан,  іштегі  нәрестенің  бауыры  мен  көкбауыры  шамалы 

үлкейген,  асцит, бастың қосарланған  контуры. Допплерометрия бойынша: іштегі нәресте 

миының  ортаңғы  артериясына  қанағым  жылдамдығы  1,5  артқан.  Іштегі  нәрестеге  КТГ 

жасалды:  монотонды  базальдық  ырғақ.  Жатыр  мойнағы  Бишоп  межесі  бойынша  5  балл. 

Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

22.

  Қабылдау  бөлімшесіне  32  жастағы  пациент  етеккірі  келгенге  дейін  2-3    күн  бұрын 

жыныстық  жолдарынан  қошқыл  түсті  қанды  шығынды  жұғатынына,  етеккірі  көп 

мөлшерде,  ұзақ  келетініне,  ауыратынына,  кеткесін  де  ұзақ  уақыт  жұғып  жүретініне 

шағымданып  келді.  Бірінші  босанғаннан  кейін  плаценталық  тін  қалдықтары  фонында 

эндомиометритпен  асқынған,  5  жылдан  бері  бедеу.  Бірнеше  рет  қабынуға  қарсы  терапия 

жүргізілген.  УДЗ  кезінде  оңжақ  анабез  жылауығы  анықталды,    диаметрі  7  см,  ішінде 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет