Ф-ОБ-001/175-2
7
қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ артта. Диагноз жасағаннан кейін жүкті әйелдін босану
амалын жоспарлаңыз.
29.
Босанған әйел И., босанудан кейінгі 15-ші тәулікте жедел жәрдем көрсету ауруханасына
дене температурасының 38°С дейін жоғарылауы, оң жақ сүт безін ауырсыну
шағымдарымен түсті. Status loсalis: оң жақ сүт безі үлкейген, ауырсынады, жоғары сыртқы
квадранттағы терісі ісінген, гиперемия цианоздық белгілермен. Пальпацияда тығыз, өткір
ауру сезімді инфильтрат анықталады, өлшемі 8х8 см, аймақтық қолтық асты лимфа
түйіндері ұлғайған.Диагноз жасағаннан кейін босанған әйелдін жүргізу амалын
жоспарлаңыз.
30.
Қайта жүкті болған, қайта босанушы М., 28 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта 4 күн,
жамбас өлшемдері қалыпты, толғақ басталғаннан кейін 4 сағаттан соң және шарана маңы
суының кетуінен 6 сағаттан кейін босану бөлімшесіне түскен. Акушерлік тексеруде:
нәресте басы кіші сегменттерімен кіші жамбас кіреберісі жазықтығында. Нәрестенің жүрек
соғысы естілмейді, минутына 110 рет. Қынаптық тексеру: жатыр мойны жазылған, 4 см-ге
ашылған, шарана қабы жоқ. Қас үсті доғасы, мұрын түбі, маңдай пальпацияланады.
Мүйіске қол жетпейді.Диагноз жасағаннан кейін жүкті әйелдін босану амалын
жоспарлаңыз.
31.
Қайта жүкті болушы Л., 31 жаста, акушерлік стационарға жүктілік мерзімі 35 апта 2
күнде ЖДА жолдамасымен келген. 2 аптадан бері нәрестенің жиі қозғалуына
шағымданады. Іш шеңбері-85 см, жатыр түбі биіктігі - 26 см. Жақында жасалған кіндік
артериясының допплерометрия нәтижесі: реверсті қанағым. Диагноз жасағаннан кейін
жүкті әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз.
32.
Қайта жүкті болушы А., 34 жаста. Акушерлік стационарға жүктілік мерзімі 29 апта 3
күнде түсті, шағымдары: әлсіздік, басының айналуы, ауызының құрғауы, шөлдей беруі,
демікпе, эпигастрия тұсы ауырады және ауыр тартып тұрады, лоқсу және қан қоспалары
қосылған құсу, қызыл иектерінің қанағыштығы, 6 аптадан бері дене салмағын жоғалтуы,
тері қышынуы, қалтырау. Объективті: тері жабындары сарғыш түске боялған. АҚ 90/60 мм
сынап бағ., пульс минутына 100 рет. Жалпы қан анализі:Эритроциттер –2,2 х10
12/л;Гемоглобин-63 г/л;Лейкоциттер –4,4х 10 9/л; Гематокрит – 32 % ;Тромбоциттер –
150х10 9/л;ЭТЖ 42 мм /ч ;Ұю уақыты - 22 мин;П.- 14 ,С- 68 , Л-12 , М- 6.
Тұмба микроскопиясы:эпителий- 2-3, лейкоциттер- 6-7, эритроциттер – 3-4.
Коагулограмма: Протромбин индексы-63%;Протромбин уақыты – 20 с ;фибриноген –
2,1г/л; Ұю уақыты – 22 мин.Диагноз жасағаннан кейін жүкті әйелдін анықтама амалын
жоспарлаңыз.
33.
Қайта жүкті болушы Н., 28 жаста, жүктілік мерзімі 32 апта 3 күн, УДЗ өткізгенде:
плацента қалыңдығы 60 мм, іш өлшемі ұлғайған, асцит, бауыр айтарлықтай үлкейген,
нәресте басы мен денесінің қосарланған контуры байқалады. Нәрестеге өткізілген ЭКГ,
ФКГ - созылмалы гипоксия симптомдарын көрсетеді. Амниоцентез - билирубиннің
оптикалық тығыздығы 0, 7.
Диагноз жасағаннан кейін жүкті әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз.
34.
Босанушы К., 30 жаста, босану ұзақтығы әлсіз толғақпен 19 сағатқа созылды. Салмағы
3300 грамм нәресте туылғаннан кейін 15 минуттан соң қан кету басталды. Қан жоғалту 300
мл және әлі жалғасуда. Баланың жолдасы бөлініп алынды, бүтін. Қан жоғалту 500 мл және
әлі жалғасуда. 10 ЕД окситоцин енгізілді, 15 минутта 1 литр 0,9% NaCl-мен инфузия
жасалынды. Массаждан кейін жатыр жиырылды, бірақ қан кету қайтадан басталды. Жатыр
мойны мен қынап бүтіндігі бұзылмаған. Диагноз жасағаннан кейін босанушы әйелдін
анықтама амалын жоспарлаңыз.
35.
Қайта босанушы К., 30 жаста, босанудың екінші кезеңі басталғаннан кейін 30 минуттан
соң жыныс жолынан қанды бөлінулер кете бастады. АҚ 120/80 мм сынап бағ. Толғақ 50-55
секундтан әрбір 2-3 минут сайын. Жатыр толғақсыз нашар босаңсиды, төменгі сегментті
басқанда ауырады. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Қуыққа катетеризация жасау
|