ҚAЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ және жоғары білім МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ғ. ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫ» ИНСТИТУТЫ
«ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ» КАФЕДРАСЫ
Зертханалық жұмыс №3
Пәні: Автоматты басқару теориясы
Тақырыбы: Зертханалық жұмыс №3 Синтездеу және түзетумен басқару жүйесін зерттеу
Тобы: ЭЭдк-22-1
Білім беру бағдарламасы: «Электротехника и энергетика - B062»
Орындаған: Қанайбек Айбол Асхатұлы
Тексерген оқытушы: Сакитжанов Мархабат Шахмаранович
(Аты,жөні,тегі)
Қорғаған бағасы___________
Алматы 2022
Зертханалық жұмыс №3. Синтездеу және түзетумен басқару жүйесін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: теориялық нәтижелердің және түзетудің тиімділігін моделде (ЭЕМ) тәжіриб жүзінде тексеру.
Қысқаша теориялық кіріспе
Түзетуші құрылғы деп параметрлерінің сипаттамалары оңай өзгертілетін автоматты реттеу жүйелерінің құрамына енгізілетін, оларға қажетті динамикалық қасиеттерді беретін автоматты реттеу жүйелерінің тұрақтылығын сақтау және өтпелі процестің сапалық көрсеткіштерін жақсартатын құрылғыларды айтамыз.
Түзетуші құрылғылар автоматты реттеу жүйесіне қосылу тәсілдері бойынша параллельді және тізбекті болып бөлінеді.
Параллель түзетуші құрылғы деп автоматты реттеу жүйесінің бір немесе бірнеше буындары параллель қосылатын түзету құрылғыларын атаймыз. Бұл құрылғылар өзінше жергілікті кері байланысты береді.
Тізбектелген түзетуші құрылғы деп реттеуіш жүйесінің негізгі контурына жүйенің басқа да буындарын тізбектей қосатын түзетуші қондырғыны айтады.
3.1 суретте түзетуші буын болмаған жағдайдағы тізбектей қосылған жүйенің құрылымдық сұлбасы бейнеленген. Тұйықталған кездегі түзетілмеген жүйенің беріліс функциясы:
W ( p) KP ,
P p(1 T p)(1 T p)
1 2
|
(3.1)
|
мұндағы уақыт тұрақтысы мен беріліс коэффициентінің мәндері: Т1 = 1с; Т2 = 0,1с; КР = 10.
сурет – Түзетілмеген қадағалаушы жүйенің құрылымдық сұлбасы
Логарифмді амплитуда жиіліктік сипаттама әдісінің көмегімен берілген АРЖ-нің (А қосымша) түзетуші буынының синтезі орындалады. Алынған буынның беріліс функциясы 3.2 суреттегі қадағалаушы жүйенің құрамына енгізілген және Matlab Simulink элементтерімен көрсетілген.
сурет – Түзетуші құрылғыдан тұратын қадағалаушы жүйе моделінің сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |