Кіріктірілген білім беру бағдарламасы әзірлемесі
Мазмұны
|
Бет
|
Ұзақ мерзімді жоспар
|
3
|
Тілдік мақсаттарға кіріспе
|
6
|
Орта мерзімді жоспар
|
|
11.1A-бөлім Атом құрылысы
|
8
|
11.1B-бөлім Зат мөлшері
|
15
|
11.1C-бөлім Байланыс
|
20
|
11.1D-бөлім Периодтылық
|
29
|
11.2A-бөлім Органикалық химияға кіріспе - алкандар
|
34
|
11.2B-бөлім Энергетика
|
40
|
11.2C-бөлім Кинетика
|
45
|
11.2D-бөлім Тепе-теңдік
|
51
|
11.3A-бөлім Алкендер
|
56
|
11.3B-бөлім Спирттер
|
62
|
11.3C-бөлім Галогеналкандар
|
67
|
11.3D-бөлім Аналитикалық әдістер
|
72
|
11.4A-бөлім Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
79
|
11.4B-бөлім 17-топ элементтері (галогендер)
|
86
|
11.4C-бөлім 2-топ элементтері: Сілтілік - жер металдары
|
91
|
11.4D-бөлім Термодинамика
|
95
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
|
Сабақ жоспары
|
100
|
Ұзақ мерзімді жоспар
Пән: Химия
Сынып: 11
1-семестр
|
2-семестр
|
3-семестр
|
4-семестр
|
11.1A Атом құрылысы
Қарапайым бөлшектер (p,n,e)
Массалық сан, атом (протондық) саны
изотоптар
Салыстырмалы атомдық (молекулалық, молярлық) масса
Масс-спектрометр
Электрондардың орналасуы
Атомдық орбитальдар мен Клечковскийдің ережесі (Аufbau принципі)
Иондану энергиясы мен оған әсер ететін факторлар
|
11.2A Органикалық химияға кіріспе - алкандар
Эмпирикалық, молекулалық, толық және қысқартылған құрылымдық формулалар.
Функционалдық топтар
Гомологтық қатар
Алифатты қосылыстар үшін IUPAC номенклатурасының ережесі
Органикалық қосылыстар үшін изомерия түрлері:
көміртек қаңқасының изомериясы, функционалды, стереоизомерия
Гибридтік орбитальдар, сигма және пи-байланыстар
Алкандар базалық құрылымдар ретіндегі
Мұнай: фракциялау және крекинг
Жану өнімдері және олардың қоршаған ортаға әсері
Галогендеу
|
11.3A Алкендер
Құрылымы, байланыс түрлері және реакциялық қабілеттіліктері
Стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z)
Қосылу реакциялары
Полимерлену
|
11.4A Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Тотығу дәрежесі
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Электродтық потенциал
Потенциалдардың электрохимиялық қатары
элементтер
|
11.1B Зат мөлшері
Заттардың салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массасы
Авогадро тұрақтысы және зат мөлшері (моль)
Реакция теңдеулері (молекулалық толық және қысқартылған иондық)
Реагенттер мөлшері мен көлемін (газдар үшін) есептеу, титрлеу мен сулы ерітінділерді қоса қарастырғанда
Эмпирикалық және молекулалық формулалар
|
11.2B Энергетика
Энтальпия және химиялық реакцияның жылу эффектісі
Байланыс энтальпиясы
Калориметрия
Гесс заңы, сонымен қатар оның қарапайым түрде қолданылуы
|
11.3B Спирттер
Жіктелуі
Реакциялар: орын басу және элиминдеу
Этил спиртін өнеркәсіпте өндіру
|
11.4B 17-тоб элементтері (галогендер)
Физикалық қасиеттері өзгерісіндегі заңдылықтар
Тотықтырғыш
қасиеттері
өзгерісіндегі
заңдылықтар
өзгерісіндегі
заңдылықтар
Сулы ерітіндідегі галоген иондарын анықтау
Хлор мен оның қосылыстарын қолдану
|
11.1C Байланыс
Байланыс түрлері: металдық, иондық, ковалентті және координациялық
Кристалл торлар
Электртерістілік пен байланыстың полярлығы
Молекулааралық күштер (диполь-дипольді, ван-дер-Ваальстік күштер, сутектік байланыс)
|
11.2C Кинетика
Заттың күйлері
Идеал газ теңдеуі
Соқтығысу теориясы мен активтендіру энергиясы
Максвелл-Больцман таралуы
Температураның әсері
Концентрацияның әсері
Реакция жылдамдығының теңдеуі
Реакция жылдамдығы теңдеуін қорытып шығару
Катализаторлар
|
11.3C Галогеналкандар
Реакциялары
Фотохлорлау (бос радикал)
Нуклеофильді орын басу
Элиминирлеу
|
11.4C 2-топ элементтері: Сілтілік-жер металдары
өзгерісіндегі
заңдылықтар
өзгерісіндегі
заңдылықтар
|
11.1D Периодтылық
Аufbau принципі және
элементтердің периодтық жүйесі
s,p,d элементтерін жүйелеу
Период пен топтағы элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
3 период элементтері (Na - Ar)
3 период элементтері қосылыстарының қышқылды - негіздік қасиеттері
|
11.2D Тепе-теңдік
Динамикалық тепе-теңдік
Қысым, температура, концентрация өзгерісінің әсері (сапалық)
Өнеркәсіптік тепе-теңдік
Тепе-теңдік константасы Kc
Концентрация мен температураның Kc –ға әсері (сапалық)
|
11.3D Аналитикалық әдістер
Газ - сұйықтық хроматография
Масс-спектрометрия
Инфрақызыл спектрометрия
ЯМР-спектрометрия
|
11.4D Термодинамика
Химиялық реакцияның жылу эффектісі (ΔH)
Энтропия өзгерісі (ΔS)
Бос энергияның өзгерісі (ΔG)
Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау үшін ΔG = ΔH – TΔS қолдану
|
ЕСКЕРТПЕ: Оқудың әр кезеңі зертханадағы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу практикасын тексеруден басталады деп есептеледі.
Бұл жүйеде ерекше назар оқушылардың курс бойына оқитын химияның негізгі принциптері мен осы принциптерді химияны оқып, түсініп, талқылауларына аударылады. Периодтық кесте топтары үшін «Халықаралық Теориялық және Қолданбалы Химия Одағының» жаңа номенклатурасы ұсынылады. (Рим сандары 1-18)
Элементтердің периодтық кестесінің «толық нысаны» ұсынылады (мысалы, http://tannerm.com/longform.htm қараңыз)
Тілдік мақсаттар туралы
Пән мазмұнын екінші не үшінші тіл арқылы оқытуда Зияткерлік мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену және ойлау мен пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын оқушылардың көпшілігіне олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші тілдегі ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді. Сондықтан, бірінші тіл арқылы оқуға берілетін шектеулі уақытты тиімді және нәтижелі қолдану керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына тікелей байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пәндік мазмұнды оқытуға, әрі ғылыми тілді үйретуге тұрақты екі бағытты ұстанатын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді қатар алып жүруге көмектеседі.
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға оқу жоспарларына мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:
• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика);
• сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс тілін қалыптастыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері);
• сабақ барысында лексиканы, оның ішінде терминология мен тіркестерді орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді қолдану;
• оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
• оқушыларды пікірталас, диалогтарға тарту (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және жауаптары тек білімді ғана көрсететін сұрақтар қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету);
• белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);
• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау);
• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Олар келесі тақырыпшалар арқылы көрсетілген:
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,
(2) диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Кейбір тілдік мақсаттардың пән мазмұнынының оқу мақсаты деп те қарастыруға болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де бірдей назар аударуларына ықпал етеді. Бұл, сонымен қатар, жауаптар/шешімдерге және үдерістерге теңдей назар аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, осы үдерістерге назар аудару тілдің дұрыс қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды.
Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.
Химия Жоғарғы мектеп 11сынып
|
11.1A: Атом құрылысы
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
6-10 сынып аралықтарындағы химия курсында қарастырылған дағдылар, білімдер мен түсініктер қолданылады
|
Контекст
|
Бұл бөлім оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған білімдерін қолдана отырып, олардың химияны әрі қарай барынша тереңдетіп оқу үшін негіз жасайды. Жаңа материалдар электрондардың атомдарда, атомдық орбитальдарда таралуы, иондану энергиясы жайлы берілген тапсырмалар арқылы жаңа дағдыларды қамтиды.
|
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары
|
Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген
|
Пәндік мақсат
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика және терминология
|
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
|
Оқушылар орындай алады:
Атом моделінің эволюциясын түсіну
|
Оқушылар орындай алады:
тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасау
|
деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау
|
X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы
Z атом ядросы … тұрады деп болжады
Бұл теория … ашуға көмектесті (анықталған факт)
|
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тіл мақсаттарына» кіріспені қараңыз
|
Қысқаша мазмұны
|
Бұл бөлімде оқушылар қарапайым бөлшектер жайлы ертеден белгілі жұмыстармен жан-жақты танысудан, атомдағы электрондардың орналасуын барынша тереңірек түсінуге ауысады. Бұл осы химия курсы үшін, әрі қарай оқытылатын түсініктерді меңгеруге негіз болып табылады. Оқушылар осы түсініктермен танысып, оларды келешекте еркін пайдалана білулері маңызды. Атомдық орбиталь мен олардың гибридтелуі (әрі қарай таныстырылады) осы курс шеңберінде әрі қарай қарастырылатын жүйелі органикалық және бейорганикалық химияны түсіну үшін қажетті негізгі түсініктердің бірі болып табылады.
|
Пән бағдарламасына сілтеме
|
Оқыту мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер
|
Оқыту ресурстары
|
|
|
|
|
|
- қарапайым бөлшектерді оқып тану бойынша жоғары сыныптарда өткен жұмыстарды қайталау
- массалық сан, атомдық (протондық) сан мәнін түсіну
- атомдық символдың толық сипаттамасын жазу және олармен жұмыс істей білу
|
(G) Оқушылар қарапайым бөлшектердің түрлері, зарядтары мен атомда орналасуы және бірінші 20 элементтегі электрондардың орналасу заңдылықтары туралы негізгі білімдерімен бір - бірімен бөлісу мақсатында жұпқа бөлінеді.
(I) (f) Массалық сан, атомдық сан туралы сұрақтарды қою және атомның толық үлгісін жазу үшін мини-планшеттер пайдаланыңыз («атомдар бойынша» кестені толтырыңыз, атом нейтрондарының санын есептеңіз және т.б.)
|
Тек p, n, e
|
Пайдалы негізгі ақпарат және диаграммалар мына сайтта:
http://www.chemguide.co.uk/atoms/properties/gcse.html
http://elementy.ru/lib/431032
http://www.youtube.com/watch?v=eZA79WCZ3NE
|
|
- изотоптардың пайда болуы мен радиоактивтілік табиғатын түсіну
- элементтер үшін протон/нейтрон (p/n) қисығының мәнін түсіну
- радиоактивті ыдыраудың ядродағы протондар, нейтрондар немесе нуклондар санына әсерін болжай білу
- қарапайым ядролық реакцияларды жаза білу
|
(T) бірдей элемент атомындағы нейтрондар саны әр уақытта бірдей бола бермейтіндігін түсіндіріп кетіңіз. Оқушыларға таныс бірнеше мысал келтіру қажет, мысалы 14C.
(I) (D) Жұмыс кестелері және көрнекі материал көмегімен 9.4C блогында берілген радиоактивтілікті қайталаңыз
(I) (f) Оқушылар таңдап алған элементтердің кестедегі орналасу тәртібі бойынша пішіні мен тұрақтылық аумағын қамтитын қисықтар сызулары тиіс.
(T) қисық шегінен шыққан аумақтарда атом ядросында болатын өзгерістерді талқылаңыз және оларды ыдырау түрлерімен байланыстырыңыз
(T) бөлшектердің нақты түрлерін жоғалтатын атом ядросында протондар мен нейтрондар саны қалай өзгеретіндігін талқылаңыз. Мұны p/n қисығында тұрақты аймақтың өзгеруімен (немесе одан) байланыстырыңыз.
(I) (f) мини-планшеттер көмегімен оқушылар түрлі атом ядроларының ыдырауы барысында олардың p және n сандары қалай өзгеретіндігіне болжам жасайды.
|
|
Қисық мына сілтеме бойынша берілген:
http://www.physicsinfo.co.uk/?page=view&id=1309
|
|
- атом моделі эволюциясын түсіну: Дальтон, Томсон, Резерфорд еңбектері, Бор моделі, «кванттық модель»
|
(I, G) Оқушылар атомның танымал модельдерімен танысады және сыныпқа өздерінің «өзіндік модельдерін» ұсынады
|
|
Атом теориясының даму тарихы келесі сілтеме бойынша берілген:
http://atomictimeline.net/index.php
http://www.youtube.com/watch?v=DhsAoHhtuYw
http://www.youtube.com/watch?feature=endscreen&v=i0wE935ZRXA&NR=1
|
|
- салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массаны есептей білу
|
(T) Элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер үшін атомдық салмақтар неліктен әр уақытта бүтін сан бола бермейтіндігін түсіндіріңіз.
(I) Оқушылар салыстырмалы атомдық және молекулалық және молярлық массаны есептейді және элементтердің атомдық массасы мен изотоптар арасындағы байланысты анықтайды
|
Тек қарапайым жағдайлар (мысалы, Cl).
|
http://alhimikov.net/elektronbuch/Page-14.html
|
|
- масс-спектрометрдің бөлім сызбасын білу
- масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну
- қарапайым масс спектрді қолданып салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаны анықтау
|
(T) Видеомультипликация көмегімен масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
(D) Магнит пен бірнеше шарикті подшипниктер көмегімен масс спектрометрдің жұмыс істеу принципін көрсетіңіз
(T) Бірнеше мысалдарды талқылағаннан кейін, (G) (f) оқушыларға жұптасып отырып спектрді талдауға арналған есепті шешуді тапсырыңыз
|
Бұл төменде берілген 11.3D блогында жасалып, кеңейтілген
Түсіндіру жұмыстың негізгі принциптері жайлы болуы керек
|
масс-спектрометрдің бейне мультипликациялары:
http://www.youtube.com/watch?v=GSYueQzo2n8
http://www.yteach.co.uk/page.php/resources/view_all?id=atom_molecule_structure_elementary_particle_atomic_mass_number_molecular_spectrometry_t_page_17&from=search
пайдалы диаграммалар мен түсіндірулер:
http://www.chemguide.co.uk/analysis/masspec/howitworks.html
|
|
- атом қабықшасы моделін түсіну және онымен жұмыс істей білу: деңгей, деңгейше, орбиталь
- s, p, d, және f орбитальдарының пішіндерін қайталау (толтыру)
- деңгей мен деңгейшелерді толтыру ережелерін түсіну
- электрондарды орбитальдарға орналастыру кезінде қолданылатын Клечковскийдің (Aufbau) ережесін қайталау
- бірінші 36 элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу
|
(T) Атомның «деңгейі – деңгейше – орбиталь» құрылымын түсіндіріңіз және оны квант сандарымен байланысын анықтаңыз.
(I немесе G) Оқушылар орбитальдардың реттілігін құру мақсатында олардың барлық мүмкін жиынтықтарын жасайды
(T) әрбір электрондық орбитальдың сыйымдылығы мен электрондардың жұптасуы (спиндер) туралы айтыңыз
(I) (f) оқушылардан түрлі сипатта кездейсоқ іріктелген элементтердің электрондық конфигурациясын жазуды сұраңыз.
|
|
Орбиталь пішіндерінің диаграммалары бойынша пайдалы ресурс:
http://winter.group.shef.ac.uk/orbitron/AOs/3d/index.html
пайдалы диаграммалар мен түсіндірулер:
http://chemistry.tutorvista.com/inorganic-chemistry/electron-configurations-and-aufbau-principle.html
http://www.youtube.com/watch?v=SoNIQjW5Zxs
http://www.youtube.com/watch?v=SoNIQjW5Zxs
|
|
- иондану энергиясын түсіну
- иондану энергиясына әсер ететін факторлар: ядро заряды, ядро арасындағы ара қашықтық, экрандауды түсіну
- ядро заряды идеясын қолданып иондану энергиясының өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
|
(G) Оқушылардан атомның иондану кезінде энергияның мүмкін өзгерісі бойынша пікірталас өткізуді сұраңыз (мысалы бір электронды алып тастаған жағдайда).
(T) экрандау, толық толтырылған қабықша саны мен атом ядросынан қашықтық әсерін талқылауды ұсыныңыз
(G) (f) Мүмкіндігінше көптеген элементтер үшін біріншілік иондану энергиясы бойынша деректер беріңіз. Оқушылар тәуелділікке қажетті сызба құрап, заңдылықтарды қабылдап және бұл құбылыстарды көрсетілген идеялар көмегімен түсіндіреді.
|
Бірінші иондану энергиясы бойынша қарапайым шектеулі мәлімет беріңіз, ионданудың әрі қарайғы энергиялары мен ионданудың келесі сатыларының энергиялары туралы қысқаша мәлімет беріп кетіңіз
Мүмкіндігінше жиынтық кестені пайдалану ұсынылады.
|
Тиісті деректерді мына сілтеме бойынша табуға болады:
http://en.wikipedia.org/wiki/Molar_ionization_energies_of_the_elements
ал аяқталған диаграммаларды мына жерден табуға болады:
http://ibchem.com/IB/ibnotes/brief/ato-hl.htm
http://www.youtube.com/watch?v=Mmti4kKDcqA
|
Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы қоятын тәжірибе
D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет
T = мұғалім түсіндіруі = қауіпсіздік бойынша ақпарат
Химия Жоғарғы мектеп 11 - сынып
|
11.1B: Зат мөлшері
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Атом құрылысы (11.1A), жоғары сыныптар курсының тиісті бөлімтары
|
Контекст
|
Бұл бөлімде химияда зат мөлшері қалай өлшенетіндігі және онымен қалай жұмыс жасау туралы маңызды идеялар қайта қарастырылып, кеңейтіледі. Алдыңғы сыныптарда өткен материалдарды еске түсіріліп, олар оқушылардың осы химия курсында жасайтын есептеулер үшін негіз болады. Бұл кезеңде оқушыларға негізгі мектепте қарастырылған тапсырмалармен салыстырғанда анағұрлым күрделі тапсырмалар ұсынылуы тиіс.
|
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары
|
Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген
|
Пәндік мақсат
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика және терминология
|
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
|
Оқушылар орындай алады:
«дәлдік пен сенімділік мәселелері, мүмкін қателіктер және т.б.» талқылау
|
Оқушылар орындай алады:
ғылыми түсініктерді еркін талқылау, сәйкес келетін техникалық терминологияны дұрыс пайдалану
|
Авогадро саны, моль, молярлық, титрлеу, эмпирикалық, атом құрылысы, концентрация, сұйылту
дәл/дәл емес, дәлдік, сенімді / сенімсіз, сенімділік, шынайы/ шынайы емес, шынайылық, қателік (қателіктер)
|
Менің өлшеу дәлдігім … негізделеді
Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады
Менің өлшеулерім … туындаған қателіктерден тұрады деп есептеймін
|
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тіл мақсаттарына» кіріспені қараңыз
|
Қысқаша мазмұны
|
Бұл бөлімде заттардың «тең мөлшері», сондай-ақ оларға қол жеткізу тәсілдері жайлы ақпарат қарастырылады. Химияда ол бөлшектердің тең саны ретінде түсіндіріліп, Авогадро саны көмегімен бөлшектердің саны анықталады, өлшем бірлігі - моль. Ол химияның тереңдетілген курсында маңыздылығы барынша жоғарылай түсетін, әрекеттесуші массаларды есептеу үшін негіз болып табылады. Курсты оқыту барысында, ерекше назарды материалды меңгеру кезіндегі оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалауға аударған жөн: жаңа материал көлемі өте аз болғанымен, олардың өзін ересек оқушылар еркін игерулері керек. Тақырып көбіне тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы ашылады және осы деңгейде өлшеулердің дәлдігі, шынайылығы мен сенімділігі бойынша жан-жақты пікірталастар өткізу керек, сондықтан барлық оқушыларға жоғары талаптар қойылуы тиіс.
|
Пән бағдарламасына сілтеме
|
Оқыту мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер
|
Оқыту ресурстары
|
|
- салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массаның қайнар көздері мен оларды есептеу тәсілдерін түсіну
- Авогадро саны мен моль (бөлшектер саны) ұғымын түсіну
- моль мен берілген зат мөлшерін пайдаланып, есептеулер жүргізе білу
|
(T және I) (f) Сабақты 11.1A блогы материалы негізінде құру және оқушыларға молекулалық және молярлық массаны есептеуді ұсыну
(E) Оқушылар «Заттардың әрекеттесуші массалар заңына» байланысты тәжірибелер жүргізе алады және тиісті есептеулер жасай алады. Бұл кезеңде тәжірибелік жобаға, іс - әрекет дәлдігіне және нәтижелер сапасын бағалауға назар аудару керек.
|
Жұмыс журналын пайдалануға болады немесе онлайн-тестілеу өткізуге болады
Мысалдар: магний мен оттек, мыс (II) оксидін тотықсыздандыру.
Қатты қыздыру орын алады: оқушылар қорғаныс көзілдірігін киюлері керек.
Гексанның Mr анықтау үшін бірнеше күрделі тәжірибелер жүргізу керек. (Қауіпсіздік ережесі бойынша гексан бірқатар көрсеткіштерге ие, осы тәжірибелер үшін оқушылар қорғаныс көзілдіріктерін киюлері және ашық жалынға тікелей жақындықта болмаулары керек).
|
Толық ақпарат есептеулер бойынша мысалдардың үлкен санымен pdf-форматында:
http://www.ltscotland.org.uk/Images/chemmolecalcsunitlabel_tcm4-148466.pdf
http://alhimik.ru/abitur/abit41.html
http://www.youtube.com/watch?v=TqLlfHBFY08
|
|
- ерітінді концентрациясын моль/дм-3 өлшемімен көрсете білу
- «мольдік көлем» ұғымын еске түсіріп қолдану
- идеал газ теңдеуін білу және оны қолдана білу
|
(E) Оқушылар зертханада стандартты іс-әрекет көмегімен берілген концентрлі ерітінділерді дайындап және осы ерітінділердің дәл концентрациясын есептей алулары керек. Нәтижелер дәлдігі мен шынайылығына баса назар аудару керектігін атап кету керек.
(E) оқушылар белгілі концентрациялы натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау және нақты берілген өлшемге дейін араласқан тұз қышқылының ерітіндісін қосып титрлеулері керек. Содан кейін олар «концентрленген тұз қышқылының» концентрациясын есептеулері керек. Есептеулер дәлдігі, сенімділігі, мүмкін қателіктер және т.б. бойынша пікірталас өткізу керек.
(E) Оқушылар тұз қышқылының берілген мөлшері мен кальций карбонаты (әктен) әрекеттесуі нәтижесінде алынған газ көлемін алдымен есептеп алып, сонан соң өлшеулері керек. Стандартты жағдай үшін газ көлемін қайта есептеулері қажет.
|
Натрий хлориді және калийлі алюминийдің сульфаты сияқты қауіпсіз заттарды пайдалану керек.
тұз қышқылы тітіркендіргіш зат, ал натрий гидрооксидінің ерітіндісі (0.5 моль/дм-3 астам) коррозиялық қасиет көрсететін зат болып табылады. Бұл заттарды ауызға құйып алып өлшеуге болмайды. Қорғаныс көзілдіріктерін кию керек. Егер оқушылар өз беттерінше натрий гидрооксидінің ерітіндісін дайындауға рұқсат алса, олар жұмысқа қажетті нұсқау алып, маманның бақылауымен жұмыс жүргізулері керек. Ұсынылатын концентрациялар 1.0 моль дм-3 аспауы керек.
Тұз қышқылын сұйылту кезінде сақталатын қауіпсіздік шаралары жоғарыда берілген.
|
Реагенттер мен жабдықтар:
натрий хлориді, калийлі алюминийдің сульфаты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, бюретка
(негізгі ) жұмысшы кесте мына сілтеме бойынша берілген:
http://misterguch.brinkster.net/WKS001_003_880407.pdf
«дәлдік» пен «шынайылық» түсініктерін нақты пайдалану туралы ақпарат:
http://www.dartmouth.edu/~chemlab/info/resources/uncertain.html
Титрлеу бойынша интерактивті ресурс:
http://www.avogadro.co.uk/miscellany/titration/titreset.htm
http://www.youtube.com/watch?v=TqLlfHBFY08
|
|
- реакцияларды теңестіре білу
- иондық теңдеулерді теңестіре білу
|
(E) Оқушылар жоғарыда сипатталған, өздері орындаған реакциялардың теңдеулерін жазып қажет болған жағдайда теңестіріп, сондай-ақ иондық теңдеулерін жаза білулері керек.
(I) (f) Оқушыларға тыңғылықты іріктеліп алынған бірнеше мысалдары бар практикалық жұмыс ұсынылуы керек .
|
Бұл деңгейде теңдеулерде келтірілген заттардың агрегаттық күйлерін реакция теңдеулерінде көрсету ерекше мәнге ие болады.
|
Осы деңгей үшін барынша тиісті теңдеулерді теңестіру үшін интерактивті ресурс:
http://www.chemistry-drills.com/balance.html
http://ru.webqc.org/balance.php
|
|
- титрлеудің мақсатын түсініп, орындап, онымен байланысты
есептеулерді орындай алу
|
(E) (f) Оқушыларға әр түрлі сірке түрлерінен сірке қышқылының пайыздық мөлшерін анықтау және өздерінің жеке тәжірибесін әзірлеп, оларды жүргізуді ұсыну керек. Анықтау техникасына назар аудару керек (дәлдік, шынайылық, сенімділік).
|
Пайдаланылатын сілтілер коррозиялаушы болып табылады. Шекті концентрация 1.0 моль/ дм-3 деңгейінде немесе одан төмен болуы қажет, оқушылардың ерітіндіні ауыздарына салып өлшеулеріне болмайды, жұмысты орындаған кезде қорғаныс көзілдіріктерін киіп алу қажет.
|
|
|
- эмпирикалық және молекулалық формулалар қандай жағдайларда қолданылатындығын түсіну
- аналитикалық деректерді негізге ала отырып эмпирикалық және молекулалық формулаларды есептей білу
|
(T) Оқушылармен эмпирикалық және молекулалық формулаларды талқылау.
(I) (f) (E?) Оқушыларға сараптамалық деректерді және формулаларды өздері есептеулеріне мүмкіндік беріледі. Егер уақыт болса, оқушылар деректерді өздерінің тәжірибелері негізінде ала алады.
|
Пайыздық мөлшері шектеулі (молярлық масса).
Осы жұмыстарды қорғасын оксиді арқылы жүргізу қажет. Оқушылар осы заттарды пайдаланған жағдайда олардың қауіпті қасиеттері туралы ескерту керек – олар улы және қоршаған орта үшін зиянды. Оқушылар қорғаныс көзілдіріктерін киіп, жұмысты жақсы желдетілетін бөлмелерде орындап және тәжірибе кезінде және тәжірибеден кейін қолдарын әбден жуулары керек.
|
Оқушылар үшін қосымша және жұмысшы мысалдар: http://alevelchem.com/aqa_a_level_chemistry/unit3.1/sub312/04.htm
|
|
- реакцияның теориялық және практикалық шығымын пайызбен есептей білу
- атомдық тиімділікті түсіну және есептей білу
|
(E) Оқушыларға өз таңдаулары бойынша кез - келген әдіспен тұз алуды ұсынуға болады. Тәжірибе бойынша теориялық және практикалық шығымды есептеп, айырмашылығын түсіндірулері керек.
(I немесе G) Егер жоғарыда таңдалған реакция жақсы өтсе, оқушылар атомдық тиімділікті ол бойынша есептей алады. Егер олай болмаса, дайын мәліметтерді ұсыну керек. Ол үшін 11.2D блогында берілген туындайтын проблемалары ұқсас, Габер процесін қолдануға болады.
|
Оқушылар дайындау әдістері мен синтезделетін заттарды өз еріктерімен таңдаулары керек. Олардың кейбірі қауіпті болуы мүмкін, сондықтан осы қауіптерді белгілеу және бақылау маңызды болады.
Осы кезеңде органикалық реакцияларды қолдану ұсынылмайды.
% атом тиімділігі = (мақсатты өнім массасы x 100) / реагенттердің жалпы массасы).
|
Реакция қорытындысын түсіндіру және олар туралы проблемалар мына сілтемеде
http://danielleamorim.tripod.com/
сондай-ақ:
http://www.uwosh.edu/faculty_staff/kedrowsk/yield_calc.html
атомның пайдалы пайдалануын нақты беру:
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/chemcalc/chemcalc_higherrev5.shtml
|
Достарыңызбен бөлісу: |