Білім беру бағдарламасы әзірлемесі Мазмұны



бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10535
1   2   3




Пән бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер

Оқыту ресурстары



















  • өткен сыныптағы білімдерін еске түсіру: тотығу процесін оттек мөлшерінің артуы, тотықсыздану процесін сутек мөлшерінің артуы деп түсіну, сонымен қатар тотығу-тотықсыздану реакцияларын атомдардың электрондарды қосып алу не беріп жіберу процестері деп түсіну;

- тотығу дәрежесін анықтаудың ережелерін білу және қосылыстардағы жеке элементтердің тотығу дәрежесін анықтай білу


- тотығу және тотықсыздану жартылай теңдеулерін жаза алу және оларды жалпы тотығу-тотықсыздану теңдеуіне біріктіре алу

(G) (f) Ойын түрінде (карточка, периодтар) оқушыларға жоғары сыныптар курсынан олардың алдыңғы білімін еске түсіру керек. Олар электрон санының артуы не азаюы контексінде тотықсыздану түсінігінің ауқымын жете түсінуі керек.


(T) Оқушылардың назарын тотықтырғыштар электрондарды қабылдайтынын, ал тотықсыздандырғыштар оларды беретініне аударыңыз

(I) (f) мини-планшеттер көмегімен оқушылар алдымен жеке элементтердің тотығу дәрежесін, одан кейін қосылыстағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтауы керек.


(T) Электрондарды көрсетіп жартылай реакция теңдеуін қалай жазуды, сосын жалпы теңдеуді қалай алуды түсіндіріңіз

(I) (f) Оқушылар бірнеше мысалдармен жұмыс жасап, оларды талқылай алулары керек.

периодтық жүйеде элементтердің орналасуын салыстырыңыз.


Оқушылар қосылыстырадағы элементтердің тотығу дәрежелері әртүрлі болатын мысалдар келтіргендеріне көз жеткізіңіз (мысалы NaNO2 және NaNO3).

Негізгі түсінікті қайталау:



http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/definitions.html#top
Пайдалы мысалдарды түсіндіріңіз:

http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/oxidnstates.html#top

Оқушылар үшін жақсы басшылық:



http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/equations.html#top
http://ege-study.ru/ege-materials/chemistry/zadaniec1.html




- электродтық потенциалды металдардың электрохимиялық қатарын құру үшін қолдану


- қарапайым түсініктерді қолданып, электрохимиялық ұяшық ұғымын түсіну


(E) Оқушылар қарапайым элемент кернеуін өлшеу жолымен тәжірибе жүргізіп (потенциалдар айырмашылығы) және алынған кернеу кестесін (потенциалдар айырмашылығы) құруы керек.


(T) өздерінің тұздарының ерітінділеріне батырылған металдар бойынша пікірталасты кеңейтіңіз: оқушылар мұны тепе-теңдік процесі ретінде, ал процесті тотығу-тотықсыздану процесі ретінде түсінулері керек, жартылай элементтер жиынтығы көмегімен электрод потенциалын өлшеу мәселесін көтеріңіз. Тұз көпірі түсінігін түсіндіріңіз.
(E) Оқушылар жартылай элемент пен тұз көпірлерін қолданып элемент кернеуін өлшейді.

(T, G) Электрохимиялық элемент түсінігіне стандартты сипаттама беріңіз және оның қызметін электрондар ағыны, тотығу мен тотықсыздану тұрғысынан талқылаңыз


Әртекті металдар күкірт қышқылын электролит сияқты сұйылтады. Оқушылар өздері таныс металдардың химиялық белсенділігіндегі ұқсастықты түсінуі керек.


Өзге металды пайдаланбай байланыс құру қиындығы, оқшау түрде бір потенциалға өлшеу жүргізу қиындығы
 сұйытылған күкірт қышқылы тітіркендіргіш болып табылады. Қорғаныс көзілдірігін киіңіз.
 көпшілігі қауіпті болатын металл тұздарының көптеген ерітінділері қолданылатын болады. Қауіп дәрежесінің анықталғандығына және тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданғанына көз жеткізіңіз.
Оқушылар көп мысалдарды жазулары керек, оның ішінде, мысалы платина электродтары немесе элементтер диаграммалары негізінде жазылатын тотығу-тотықсыздану теңдеулері

Қарапайым элементтерге интерактивті анимация:



http://group.chem.iastate.edu/Greenbowe/sections/projectfolder/flashfiles/electroChem/volticCell.html
анимация түрінде мырыш/мыс элементін түсіндіріңіз:

http://www.mhhe.com/physsci/chemistry/essentialchemistry/flash/galvan5.swf





- стандартты электродтық потенциал стандартты жағдайда жұмыс жасайтындығын түсіну
- электрохимиялық ұяшықтың электродтық потенциалды анықтау үшін қалай қолданылатындығын түсіну
- стандартты электродты потенциалды гальваникалық элементтің ЭҚК есептеу үшін қолдана білу және тотығу-тотықсыздану реакциясының бағытын анықтай білу

(T, G) стандартардың қажет екендігін талқылаңыз, оқушылар нені бақылау және стандарттау қажет екендігі туралы ой жүгіртулері керек



(T) стандартты сутегі электроды түсінігін енгізіп оны стандартты электродты потенциалдар қатарын құру үшін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріңіз.

(I) оқушылар стандартты электродты потенциалдар қатарын тұтынушылар қолданатын коммерциялық элементтерді қоса алғанда, элементтер қатарының кернеуін есептеу үшін пайдаланады.


Оқушылардың электрод потенциалына әсер ететін барлық жағдайларды түсінгендеріне көз жеткізіңіз


Сутегі электродының потенциалы шартты түрде 0.0V тең деп есептеледі



концентрацияны өзгерту мүмкіндігі бар қарапайым элементтерді интерактивті көрсету:



http://group.chem.iastate.edu/Greenbowe/sections/projectfolder/flashfiles/electroChem/voltaicCellEMF.html
кейбір элемент жүйелерінің интерактивті диаграммалары:

http://dwb4.unl.edu/chemAnime/ECZCELLD/ECZCELLD.html





- гальваникалық элементті энергия көзі ретінде түсіну, бұл тұрғыда коммерциялық батареялардың құраушыларын қоса қарау


- гальваникалық элементтердің зарядталу, разрядталу процесін түсіну

- сутек -оттектік отын элементтерінің құрылысы мен қолданылуын түсіну

- отын элементтерінің артықшылықтары мен потенциалды тәуекелділігін (риск) білу


(I) (f) Оқушылар электродты потенциалдар тізімі электрохимиялық қатар болып табылатынын түсінуілері және оларды сұраққа жауап беру жолымен талқылау, оның ішінде «сағат тіліне қарсы» ережесінің көмегімен реакция нәтижелерін болжай білуі керек.


(G) Оқушылар қайта зарядталатын және зарядталмайтын элементтерге зерттеу жүргізуі және химия мен қайта зарядтауда элементтер мүмкіндігін (мүмкін еместігін) түсіндіру үшін плакат жасаулары керек.


(T) Оқушылар сутек – оттекті отын элементінің құрылымын және оның жұмысын білулері керек.
(D) қазіргі уақытта отын элементтерінің тәжірибелік жинақтары болады: оқушыларға олардың біреуі көрсетілуі керек.
(I) Оқушылар отын элементтерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне зерттеу жүргізулері және отын элементтерінде жұмыс істейтін қозғалтқыштар мысалдарын табулары керек. Алынған нәтижелер кестеге енгізілуі керек.

(G) (f) Оқушыларды химиялық элементтер көмегімен алынатын энергиядан адамның тәуелділігін, оның артықшылығы мен кемшіліктерін бағалаумен таныстыру (немесе газетке мақала жазу және т.б.) үшін топта жұмыс істеуі керек.



Металл/металл тұздары жүйелеріне қосымша электродтардың басқа жүйелерін де қарастыру


Кейбір оқушылар зарядталмайтын элементтердің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыра алады.

Жалпы батареяларды көрсететін пайдалы интерактивті диаграммалар:



http://dwb4.unl.edu/chemAnime/BATD/BATD.html

зарядталған және зарядталмаған элементтер қатарын көрсететін анимациялар:



http://group.chem.iastate.edu/Greenbowe/sections/projectfolder/animationsindex.htm
http://ege-study.ru/ege-materials/chemistry/zadaniec1.html
отын элементінің анимациясы:

http://www.schatzlab.org/education/animation.html
сондай-ақ:

http://www.lanl.gov/orgs/mpa/mpa11/animation.htm



Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы қоятын тәжірибе

D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

T = мұғалім түсіндіруі  = қауіпсіздік бойынша ақпарат

Химия Жоғарғы мектеп 11 - сынып

11.4B: 17-топ (Галогендер)




Осыған дейін меңгерілген білім

11.1C


11.1D

11.2B



Контекст

Галогендер көп жағдайда белсенділігі жоғары элементтер болып табылады және олардың қосылыстары күнделікті өмір мен химия өнеркәсібінде маңызды роль атқарады. Мүмкіндігінше оқушылардың хлор өндіретін зауытқа барғандары жөн.




Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Оқушылар орындай алады:
хлордың суды тазалаудағы қолданылуын түсіну және бұл процестегі артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру


Оқушылар орындай алады:
Тәуекелдер мен артықшылықтарды анықтап, сондай-ақ теңгерімді бағалап, олардың нәтижелері бойынша стенділік баяндама жасау



галоген, галогенидтер, араластыру, диспропорциялау, улылық, өңдеу

Өңделмеген судан барынша қауіпті тәуекел … болып табылады
Хлор артықшылықтарына…жатады
Алайда хлорлау мынадай… проблемалар тудырады.
Ырықсыз өңдеу алаңдаушылық негізі болып табылады/ болып табылмайды, себебі …
Теңгерім бойынша мынадай … қорытынды жасадым

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тіл мақсаттарына» кіріспені қараңыз

Қысқаша мазмұны

Бұл бөлімта галогендер тобының элементтері қарастырылады және олардың қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен олардың өзгеріс заңдылықтарына назар аударылады. Олардың химиялық құрамы практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқып танылады.







Пән бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер

Оқыту ресурстары






 Бұл бөлімта жүргізілетін жұмыстар хлордың аз мөлшерде қолданылуын немесе өндірілуін қамтиды. Сақтық шараларын қолданған жағдайда олар қауіп тудырмайды. Бұл зат демікпемен ауыратындарға үлкен қауіп тудыратынын білуіңіз керек, бұл жағдайда ол бірден әсер етпейді.










- элементтердің электртерістілік пен қайнау температураларының өзгеру заңдылықтарын түсіну және түсіндіре алу, тотықтыру қабілеттерінің топ ішінде төмен бағытта кемуін ескере білу

- галогендердің орынбасу реакцияларын білу

- галоид-иондарының белсенділігіндегі өзгеру заңдылықтарын түсіну және түсіндіре білу

- галоид иондарды күміс нитраты және аммиак ерітіндісін қолдана отырып анықтау



(G, I) (f) Мәліметтер кестесі көмегімен оқушылар өздері байқаған барлық заңдылықтарды ұсынулары керек. Мәліметтер физикалық қасиеттерді, сондай-ақ молекуладағы байланысқан ішкі энергия, электртерістілік және т.б. ақпаратты қамтуы керек. Оқушылар энергетика, байланыс, тиімді ядролық заряд және т.б. жайлы өз білімдеріне сүйеніп өзгеру заңдылықтарын түсіндіруі керек (мысалы химиялық белсенділік, құрылым түрі және т.б.)
(E) Оқушылар галогендердің орынбасу реакцияларын жүргізіп және галогендердің тотықтырғыш агент болып табылатынын түсінуі керек. Сондай-ақ олар топ бойынша төмен бағытта қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын ұғынып, оны түсіндіре алулары керек. Галогенді орын басу реакциясының көмегімен циклогександы алуға болады.

(E) Оқушылар концентрленген күкірт қышқылы мен галогенидтер KCl – KI (KF пайдаланбаңыз) арасындағы реакцияны көрулері қажет. Оқушылардан осы өнімдер үшін өлшеу әдістемесін ұсынуды сұраңыз. Олар күкірт қышқылы, қышқыл ретінде одан кейін тотықтырғыш агент ролін атқаратын реакцияларды көрулері тиіс. Олар бұл қарастылып жатқан реакцияларды тотығу-тотықсыздану процесі тұрғысынан талқылай білулері керек.


(E) Оқушылар галоген иондарын күміс нитратының көмегімен талдап, нәтижелерін тыңғылықты жазып алулары керек. Сондай-ақ тұнбаны аммиак ерітіндісінде ерігіштікке сынау керек (Мұғалім концентрленген аммиак ерітіндісінде өткізілетін сынауларды көрсете алады).

Оқушылар осы элементтердің периодты жүйедегі орындарын атап кетулері керек.

 калий немесе натрий галогенидтері қауіптіліктің төмен деңгейіне ие. Қатты сұйылтылған галоген ерітіндісін пайдаланыңыз

(0.02 моль дм-3). Бром ерітіндісі қауіпті және тіріткендіргіш болып табылады. Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.

 Бұл реакцияны зертханалық сорғышты пайдаланып шектеулі көлемде көрсетуі керек. Концентрленген күкірт қышқылы коррозиялы болып табылады. Хлор улы және қоршаған орта үшін қауіпті, бром - өте улы зат, коррозиялы және қоршаған орта үшін зиянды, йодта қоршаған орта үшін зиянды және қауіпті. Қорғаныс көзілдіріктерін және нитрил қолғабын пайдаланыңыз, анализдерді шағын көлемде жасаңыз. Қауіпсіз фторидті пайдалануға болады.


 Калий не натрий галогенидтері қауіптіліктің төмен деңгейіне ие, улы болып табылатын фторидтерден сақтану керек. Аммиак ерітіндісі қоршаған орта үшін коррозиялы және қауіпті болып табылады. Қорғаныс көзілдірігін киіңіз, ал концентрлі ерітіндіде – нитрил қолғаптарын пайдаланыңыз, тәжірибелерді сорғышы бар, жақсы желдетілетін бөлмеде өткізу керек.

Осы және келесі бөлімге оқушыларға тапсырма:



http://store.aqa.org.uk/qual/gce/pdf/AQA-2420-W-TRB-PSA03.PDF
http://chemistry.siteedit.org/page5/1/11/

шоғырланған күкірт қышқылы мен галогенидтер арасында реакцияны түсіндіру:



http://www.chemguide.co.uk/inorganic/group7/halideions.html#top

Берілген реакциялармен бейнетаспа:



http://www.youtube.com/watch?v=__96chpEILg





- хлор суының алынуын және хлордың натрий гидроксидінің сулы ерітіндісімен реакциясын білу


- хлордың суды тазалаудағы қолданылуын түсіну және бұл процестегі артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру


(T, D) Оқушылар хлордың сумен реакциясын және күн сәулесі жағдайында хлордың сумен әрі қарайғы реакциясын білулері керек. «диспропорциялау терминін енгізу керек.

Оқушылар хлордың каустикалық соданың салқын, сұйытылған ерітіндісімен реакциясын көруі керек.

Оқушылар ағартушы құрал ретінде гипохлорит (I) ионының қасиетін көруі керек.


(I немесе G) Оқушылар хлордың суды тазарту үшін қолдануы процесінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне зерттеу жүргізуі керек. Олар жоғарыда аталғанды көрсетіп, плакатта презентация жасау қажет.

 Хлор улы және қоршаған орта үшін зиянды. Оны аз мөлшерде пайдаланып, ал тәжірибені сорғышы бар зертханада өткізіңіз. Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.


Олар денсаулық үшін тазартылған су артықшылықтары мен улылық түсініктерін теңестіріп, «жаппай тазарту» этикасы туралы ойлану керек.



Оқушылар үшін пайдалы ақпарат:



http://www.chemguide.co.uk/CIE/section94/learningh.html

http://www.krugosvet.ru/enc/nauka_i_tehnika/himiya/OCHISTKA_VODI.html


Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.


G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы қоятын тәжірибе
D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

T = мұғалім түсіндіруі  = қауіпсіздік бойынша ақпарат



Химия Жоғарғы мектеп 11 - сынып

11.4C: 2-топ Сілтілік - жер металдары




Осыған дейін меңгерілген білім

11.1A


11.1C

11.1D


11.2B


Контекст

Бұл бөлім периодтық жүйе элементтерін жүйелі оқып-танудың бір бөлігі болып табылады. Бөлім әк пен оның өнімдері туралы оқушылардың жоғары мектеп білімдері негізінде құрылған. Бұл өнімдерді қолдану салаларымен танысу үшін оқушылар өздері тұратын қаланы зерттеуге, карьерлер, цемент зауыттарына барулары мүмкін.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Пәндік мақсат

Пәнге қатысты лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Оқушылар орындай алады:
Ca(OH)2 қолданылуын білу және түсіндіре білу


Оқушылар орындай алады:
Қоршаған ортада кальций қосылыстарының болуы бойынша шынайы өмір бақылауларымен теорияны сәйкестендіру.

Химиялық заттар атауларынан басқа осы бөлім үшін ерекше терминдер жоқ

Әк құрылыс үшін жарамды, себебі
Әк…өндірісінде де қолдануға болады
атмосфералық жауын-шашындағы қышқылдың концентрациясы мынадай әсерлерге ……. ие

Осы материалдарды қолдану артықшылықтары (кемшіліктері) …болып табылады

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тіл мақсаттарына» кіріспені қараңыз

Қысқаша мазмұны

Осы бөлімта 2-топ элементтері мен олардың химиялық құрамдарының кейбір маңызды аспектілері қарастырылады. Оқыту негізінен тәжірибелер өткізу және мәліметтерді пайдаланып, зерттеулер жүргізу негізінде өтеді. Бұл жерде бақылауларды түсіндіру үшін элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтар мен теория пайдаланылады.




Пән бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер

Оқыту ресурстары
















- топ ішінде төмен бағытта элементтердің балқу нүктесі, атом радиусы, біріншілік иондау энергиясы, электртерістілікті (электроңдықта) қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын білу

- гидроксидтер мен сульфаттардың сумен реакциясы кезіндегі байқалатын заңдылықтарын білу және түсіндіре алу

- Mg (OH)2 және Ca (OH)2 қолданылу аяларын білу және түсіндіре білу

- BaCl2 сульфат иондарын анықтау үшін, және BaSO4 медицинада қолданылуын білу



(E және D) Оқушыларға магний мен кальций үлгілерін көріп, олармен жұмыс істеп, физикалық қасиеттерін жазып алуға мүмкіндік беру. «Бейнероликпен түсіндірілетін элементтердің периодты кестесінде» Mg – Ba металдар туралы ақпарат табуды ұсынуға болады. Олар кальцийдің сумен, магнийдің салқын сумен , ыстық сумен және бумен реакциясын жүргізуі (немесе көрулері) керек. Сондай-ақ ауада металл жануын көруі керек. Оқушылар сол жақта көрсетілген қасиеттер туралы заңдылықтар тізімін құрып, олардың атом құрылымы, байланыстыру және оларды түсіндіру үшін энергетика туралы білімдерін пайдалана білуі керек.

(E) Оқушылар әк кесегін қыздырып, қалдықтың сумен реакциясын жүргізеді, алынған ерітіндіге CO2 қосады. Реакция кезінде pH өзгерісін индикатор немесе pH- метр пайдаланып тексереді.

(I) Оқушыларға олардың ғимаратындағы кальций қосылысының қолдану саласын табуды, оны фотоға түсіруді және қышқыл жауындары нәтижесінде туындаған мүжілуді белгілеуді ұсынуға болады.
(E) Оқушылар антацидті препараттар бойынша тәжірибе өткізеді.

(E) Оқушылар BaCl2 ерітіндісі мен сульфат ерітіндісі арасында реакцияны өткізіп осы реакция негізінде ерітіндіде сульфаттарды табу үшін қолданылатынын білуі керек.


(T) Оқушылар барий сульфатының рентгенографияда барий өлшендісі ретінде пайдаланатындығын білуі керек. Олар оның әсерін түсініп осы салада қолдануын негіздей білуі керек.


Бұл жерде деректер картасы және анықтамалық кітаптармен жұмыс істеу пайдалы.
 Кальций мен магний жеңіл тұтанады. Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыздар, магний жануына оқушылар тек күңгірттенген сүзгі арқылы ғана қараулары керек. Кальций жануының процесін бақылау кезінде қорғаныс экранын пайдаланыңыз.

Олар әр кезеңнің химиясын түсінгендері қажет (CO2 артық мөлшерімен тұнбаны қайта сұйылтуды қоса)

Олар құрылыста кальций қосылысының қолданылуын білуі керек.

Тәжірибенің осы түрі үшін көптеген тәжірибелік формулалар бар. Оның біреуі оң жақ сілтемеде берілген.




Бейнероликпен түсіндірілетін элементтердің периодтық кестесі (Ноттингем университеті, Ұлыбритания):

http://www.periodicvideos.com/

http://chemistry.narod.ru/himiya/uch_chem_neorgan12.html


Магний мен кальций қосылыстарын қолдану туралы пайдалы ақпарат:



http://www.chemguide.co.uk/CIE/section92/learningef.html

антацидті таблеткалар әсері:



http://realscience.breckschool.org/upper/fruen/files/research/2002/Trisha.doc
барий хлориді, күкірт қышқылының ке-келен тұзы
барий сульфатының жұтылу процесінің кескінімен рентгенография:

http://www.youtube.com/watch?v=imqagvBNwsM

Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.


G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы қоятын тәжірибе

D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

T = мұғалім түсіндіруі  = қауіпсіздік бойынша ақпарат


Химия Жоғарғы мектеп 11 - сынып

11.4D: Термодинамика




Осыған дейін меңгерілген білім

11.1A


11.1C

11.2B


11.2C


Контекст

Осы бөлім (11.2B) оқушылардың энергетика бойынша алдыңғы бөлімдерден жинақтаған білімдеріне негізделеді және осы бөлімде жүргізілетін химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігі туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама шеңберінде қарастырылатын қарастырылатын сұрақтар көптеген өнеркәсіптік процестер үшін маңызды мәнге ие.




Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Оқушылар орындай алады:
Борн-Габер циклын құра білу және мұндай әдіспен алынған тор энергиясын басқа есептеу нәтижелерімен салыстыру

Оқушылар орындай алады:
Теңдеуді қалай қайта құруды түсіндіру


атомизация, диссоциация, ерікті (ерікті түрде),еркіндік деңгейі, кинетикалық (және/немесе термодинамикалық) тұрақтылық

Егер мен … теңдеудің басқа шетіне … орын ауыстырсам
Теңдеудің бұл шетінде …алынады
Егер тым болмаса … көбейтіп (бөлсе)
теңдеу субъекті болады.

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тіл мақсаттарына» кіріспені қараңыз

Қысқаша мазмұны

Бұл бөлімта бұрын өтілген энергетика тақырыбы қайталанады және химиялық реакцияның термодинамикалық мүмкіндіктерін толық түсіндіру мақсатында Гиббстің еркін энергиясы мен энтропия түсініктері енгізіледі. Оқушыларға бөлшектер деңгейінде реакцияларды түсіну үшін кинетикалық және термодинамикалық аспектілерді ескеру керектігі естеріне салынады.





Пән бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер

Оқыту ресурстары






Бұл тақырып айтарлықтай күрделі болып табылады, сондықтан 11.2В блогында өткен материалды қайталау мен бекітуге ерекше назар аударған жөн. Оқушылар негізгі идеяны түсініп, Борн-Габер цикліне және келесі тақырыптарға өткенге дейін олармен жұмыс істей алуы маңызды.









- энтальпия түсініктерін қайталау және пайдалану, (ΔH) энтальпия өзгерісі, меншікті энтальпия түсініктерін меңгеру


- байланыс энтальпиясын қолданып, реакцияның ∆H есептей білу


- Борн-Габер циклын құра білу және мұндай әдіспен алынған тор энергиясын басқа есептеу нәтижелерімен салыстыру

(T, I) (f) Оқушылар мини-планшеттер немесе викторина түрінде тексерудің басқа әдістерін пайдаланып 11.2B бөлім материалын қайталауы керек. Олар ішкі энергия өзгеруінің жалпы анықтамасын түсініп, ішкі энергия өзгеруінің және оны қолданудың бірқатар ерекше атауларын ажырата білуі керек. Олар Гесс циклін қайталаулары және бірнеше сандық мысалдарды қарастыруы керек.


(E) Оқушылар ішкі энергияның қарапайым өзгерісін табу мақсатында тәжірибе жүргізуі керек (мысалы бейтараптаудың ішкі энергиясы).
(T, I) (f) Мысалдар көмегімен 11.2B блогынан ішкі энергиямен байланысын қолдануды қайталаңыз.

(D, T, G) Оқушыларға хлорда натрийдің жану реакцияларын көрсетіңіз. Алынған энергияны, тәжірибелік жолмен өлшеуге болатын бөлігін талқылаңыз. Оқушылар атомдық деңгейде процестер тізімін құруға ұмтылуы керек. Тор энергиясы түсінігін енгізіп оған анықтама беріңіз.

Оқушылардан белгіленбеген басқа жолмен ішкі энергияны алуды және иондық тор қалыптастыру үшін Гесс циклін құру проблемасын анықтауға ұсыныс беруді сұраңыз.

Борн-Габер циклін деректерді көрсетудің айрықша тәсілі деген түсінік енгізіңіз (тиісті бағанада аталған тиісті анимация өте пайдалы болады).

Оқушыларға Борн-Габер циклін құруға көмектесу үшін тапсырмалар жазылған парақ үлестіріңіз, сондай-ақ есептеулер үшін тор энергиясының басқа түрін беріңіз.

Түзілу энтальпиясы, иондану энтальпиясы, элемент пен қосылыс атомдануының энтальпиясы, байланыс диссоциациясы энтальпиясы, электрондық ұқсастық, тор энтальпиясы (тор диссоциациясы немесе тор қалыптасуы ретінде анықталатын), гидратация энтальпиясы мен ерітінді энтальпиясы.

 Натрий жеңіл тұтанады және коррозиялық зат болып табылады. Хлор улы және қоршаған орта үшін зиянды. Қорғаныс көзілдірігін киіңіз, сорғышты қолданып реакция үшін заттардың аз мөлшерін пайдаланыңыз. Сыныпта демікпемен ауыратындар болған жағдайда аса сақ болу керек.
Тор энергиясын анықтау үшін қай бағытта жұмыс істеу дұрыс деп ойлайсыз:

NaCl(s) -> Na+ (g) + Cl- (g)

немесе

Na+(g) + Cl- (g) -> NaCl(s)



Студенттер түрлі тәсілмен алынған мәндер неге ерекшеленетінін түсіндіре білуі керек.

http://chemistry.narod.ru/himiya/uch_chem_osnteorhim02.html


Осы реакция бейнематериалы:

http://www.youtube.com/watch?v=gpQCgCHc0Nw
натрий гидроксиді, металдық натрий, газ күйіндегі хлор, натрий хлориді

Борн-Габер цикліне пайдалы анимация



http://ibchem.com/IB/ibnotes/brief/ene-hl.htm#lat
оқушылар үшін тор энергиясына жақсы, толық түсіндірмесі:

http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/lattice.html#top
http://www.chemistry.ru/course/content/chapter4/section/paragraph6/theory.html




- еркін энергия (∆G) мен энтропия өзгерісі (∆S) түсініктерін түсіну және қолдана білу


- жалғыз энтальпияның кенет өзгерісті түсіндіру үшін жеткіліксіз екендігін түсініп, энтропия ұғымын енгізу

- ΔG = ΔH - TΔS теңдеуін білу және оны ΔG-ң температура өзгеруімен бірге қалай өзгеретіндігін көрсету үшін қолдану және реакция жүруі үшін қажетті температураны анықтау

(T) Әдеттегі мысалдарды пайдаланып «табиғи емес» жағдайы ретінде реттілік идеясын енгізіңіз, сондай-ақ ретсіздік өлшегіші ретінде энтропия түсінігін енгізіңіз. «Еркіндік деңгейі» түсінігіне сүйеніп осы терминді түсіндіруге өтіңіз, бұл жағдайда мысал ретінде газды пайдаланыңыз. Оқушылар ұлғаятын температура энтропиядан асатынын және энтропияны дәл өлшеуге болатынын түсінулері керек. Энтропия өзгеруін есептеудің бірнеше мысалын жасаңыз.


(T, I немесе G) Деректер көмегімен оқушылар эндотермиялық реакциялардың өздігінен өтетіндігін түсінулері және ΔH өздігінен реакция мүмкіндігінің детерминанты бола алмайтынын көруі қажет. Энтропия артуы қосымша фактор болып табылады.


(T, I) (f) Оқушыларға ΔG = ΔH - TΔS теңдеуінің ауытқуын талқылап көрсетіңіз. ΔG реакция мүмкіндігінің детерминанты ретінде байқалады. Оқушылар бірнеше рет мысалды өздері қайталауы керек. Олар T = ΔH / ΔS теңдеуін бұл реакция жүруі мүмкін болатын температураны есептеу үшін қолдана білуі керек.

(T) Оқушылар реакцияның кинетикалық және термодинамикалық мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықты түсінуі керек.



энтропияның өзгеру нысаны ретінде ΔS енгізіңіз.

Оқушылар энтропия артуына процестер қалай әсер ететіндігін біліп түсінулері керек (реакцияда бөлшектер санының өзгеруі, энергия босауы)

Оқушылар бұл теңдеудің қалай алынатындығын түсінуі керек, бірақ оны өздері қорытып шығарулары міндетті емес



Пайдалы диаграммалар мен түсіндірме:



http://alevelchem.com/aqa_a_level_chemistry/unit3.5/s351/05.htm
бейнематериал көмегімен түсіндіріледі:

http://www.youtube.com/watch?v=z0XrbWNsSwA

Қосымша материал:



http://alevelchem.com/aqa_a_level_chemistry/unit3.5/s351/06.htm
Нақты түсініктеме келесі сілтеме бойынша берілген:

http://chemwiki.ucdavis.edu/Physical_Chemistry/Chemical_Equilibrium/Kinetically_vs_Thermodynamically_Stable

Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы қоятын тәжірибе
D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

T = мұғалім түсіндіруі  = қауіпсіздік бойынша ақпарат


Сабақ жоспары


  1. Бөлім: 11.4B Сабақ 1

  1. Мектеп:

  1. Күні:

  1. Мұғалім ТАӘ:

  1. Сынып:

  1. Қатысқандар:

  1. Келмегендер:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі




  • Элементтердің электртерістілік пен қайнау нүктесі мәндерінің өзгеру заңдылықтарын түсіну және түсіндіре білу,




  • Топ көлемінде тотықтырғыштық қасиеттің өзгеру бағытын түсіндіре білу




  • Галогендердің орынбасу реакцияларын түсіну




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар мынаны жасай білулері керек:

  • топ көлемінде элемент қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіну және есте ұстау

  • молекулалардағы байланысты сипаттау

  • тотықтырғыштық қасиеттің топ бойынша төмен бағытта азаятындығын есте ұстау

  • сулы және органикалық ерітінділердегі галоген иондарының түсін білу

Көптеген оқушылар мынаны жасай алулары керек:

  • байланыс энтальпиясы мен электр терістілік тұрғысынан химиялық белсенділік заңдылықтарын түсіндіру

  • байланыстарды көрсету үшін «нүктелер және айқыштар» диаграммаларын құру

  • химиялық құрамды түсіну және осы реакциялар теңдеулерін жазу

Кейбір оқушылар мынаны жасай алулары керек:

  • тотықтырғыштық қасиет топ бойынша төмен бағытта азаятындығын түсіну және оны түсіндіру

  • элементтердің физикалық күйін молекулааралық күштер тұрғысынан түсіндіру




Тілдік міндеттер

оқушылар мынаны жасай алуы керек …

  • галогендердің алмасу реакцияларын сипаттау

Пәндік лексика және терминология:

галоген, галогенид, алмасу, экстракция, араласпайтын, қалып (қалыптар), икемділік



Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:

  • … өзгеріс…орай болады

  • Топ бойынша төмен (жоғары) …ұлғаяды (төмендейді

  • …-мен…реакцияны салыстыру жолымен мен … көре аламын

  • Менің болжамым мынадай…




Алдыңғы білім

Энергетика (11.2B): байланыс энтальпиясы

Байланыстыру (11.2C): ковалентті байланыс, электр терістілік, байланыс полярлығы

Тепе-теңдік (11.4D): динамикалық тепе-теңдік (фазалар арасында)


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері


Оқыту ресурстары

0 - 5


6 - 12

Сабақтың тақырыбымен таныстырып, оқушылардың естеріне элементтердің периодтық жүйесіндегі галогендердің орны туралы естеріне салу. Бұл орында орналасқан элементтер үшін қандай қасиеттерді атай алатындығын сұрау. Дұрыс жауап беретін оқушылардан осы қасиеттерді түсіндіріп, толық жауап беруді сұрау.

Оқушыларға олардың күйі, қайнау және балқу нүктелері, байланыс энтальпиясы, электр терістілік және т.б. туралы ақпаратпен галогендер бойынша деректер кестесін таратып беру. Бірнеше бағыттаушы сұрақтар қойыңыз, содан кейін элементтердің реакциялық белсенділігіне байланысты ақпарат берілген құрылымдалған тапсырмалары бар парақтар үлестіру. Онда химиялық және т.б. туралы сұрақтар берілетін болады. Байланыс энтальпиясы, электр терістілік және т.б. контексте жауаптарды негіздеу үшін бос орын қалдыру.







13 - 26

27 - 42


Практикалық жұмысты бастаңыз (уақыт үнемдеу үшін басшылық пен кестені дайындап қойыңыз). Циклогексан мен судың араласпайтындығын көрсету. Оқушылардан суда және циклогександа галогендер ерігіштігі туралы, сондай-ақ, қандай еріткіш оларға жақсы қолайлы болатындығы туралы сұрау. Олардан молекулааралық күштер контексінде түсініктеме беруді сұрау. Процедураны түсіндіріңіз және оқушылар қауіпсіздік мәселесін толық шамада сезінгеніне көз жеткізу.

Оқушылар тәжірибе жүргізеді. Сұрақ қоюшы оқушыларға жақындап олардың сауалдарының олардың қабілеттеріне сәйкес келетіндігіне, барлық оқушылар кем дегенде бір метакогнитивті сұраққа жауап беретініне көз жеткізу.



Нәтижелер енгізу үшін дайындалған деректер кестесінде тәжірибе жүргізу бойынша нұсқаулық

Тізімдегідей аппаратура және жабдық



43 - 48

49-53


54-60


Оқушылардан сыныпқа нәтижелерін көрсетулерін сұраңыз: тәжірибені жалпылай талқылау. Оқушылардан олардың ойынша, циклогексан құйылған ерітінділерін сілкісе не болатынын және неге олай екенін түсіндіруді сұрау. Оқушылар реакцияның нақты өнімін анықтасын, боялмаған өнімдерді болжасын. Оқушыларға галогендердің басқа заттармен реакцияға түсу қабілетінің тәртібін құруды сұрау («алмасу» деген сөзді енгізу).

Тапсырма берілген парақтарда олар өздері көрген реакциялардың иондық теңдеулерін жазады. Оларға тотығу мен тотықсыздану бойынша жұмыстар естеріне салынады. Оқушылардан реакцияларға сипаттама беруді, және топ көлемінде галогендердің тотықтырғыштық қасиеттеріне түсіндірме берулерін сұрау.

Оқушылардан, егер оларда фторды талдау мүмкіндігі болса, қандай реакцияларды болжай алатынын және неге екенін сұраңыз.

Егер уақыт болса фтордың бірнеше реакцияларымен бейнеролик көруге болады.



Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Дифференциация сабақтың көпшілігі үшін осы кезеңде жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетуге болады, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет.


Сабақта бағалаудың әдеттегі әдістерін қолдануға болады. Алайда бағалау бұл жерде формальды емес болғаны дұрыс: мұғалім түсініктерді тереңдетуге дейін апарып, сұрақ қою арқылы оқушыларды толық сұрап шығады және жеке оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін анықтауға тырысады.

Тапсырмаларды дифференциациялау мен бағалауға мүмкіндік бар сабақ кезеңдері жоспарда көлбеу әріппен белгіленген.



Натрий мен калий галогенидтері қауіптіліктің төменгі дәрежесіне ие.

Қатты сұйытылған галоген ерітінділерін қолданыңыз (0.02 моль дм-3).

Бром ерітіндісі қаупті және тітіркендіру тудырады.

Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.

Циклогексан жеңіл тұтанады, қоршаған орта үшін зиянды әрі қауіпті. Оны ашық жалынның қасында орналастыруға болмайды.

Тапсырмалар берілген құрылымды парақтар көмегімен галогендердің түрлі қасиеттерін график түрінде бейнелеп, талқылауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың түсініктерін кеңейту.



Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізуарқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.


Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен?


Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі әрекет сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет