Бөлімі Кинематика негіздері Педагогтың аты жөні



Дата07.02.2022
өлшемі25,88 Kb.
#87775

Бөлімі

Кинематика негіздері

Педагогтың аты – жөні

Нурпеисова А.К

Күні

09.09.2020

Сынып 8 «А», «Б»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.2.1 – физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 минут



Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу
Психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады
Қызығушылықты ояту:
Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Табиғатты зертееудің қандай әдістері бар?

  2. Физиканың ең басты зерттеу әдісі?

  3. Эксперимент жасау барысында қандай реттілік орындалуы қажет?

  4. Қандай қарапайым фиикалық аспаптарды білесің?

  5. Болжам дегеніміз не?



Талқылау үшін сұрақтар беріледі
(3 минут)

  1. Температура нені сипаттайды?

  2. Дене температурасын өлшеуде термометрдің маңызы қаншалықты?

  3. Судың қатаюы мен еруінде термометрдің қандай қатысы бар?




Сәлемдеседі

Ватсап желісі арқылы «смайликтер» жібереді


Берілген сұрақтарға ауызша жауап қайтарады.


Температура туралы түсініктерін айтады.






Ватсап желісіндегі смайликтер

Сабақтың ортасы
8 минут

Жаңа сабақты түсіндіру
Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (фр. Système International d'unités, SI) — өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы.
SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған.
Бұл жүйе мына өлшемдерге негізделінеді: ұзындықжол және орын ауыстыру үшін — метр, масса үшін — килограммуақыт үшін — секунд.
Бірліктердің Халықаралық Жүйесі (SІ; СИ) — Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан басталды (ГОСТ 9867 — 61), ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер — электрлік және магниттіккельвин — жылулықкандела — жарықмоль — молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.
Халықаралық бірлік жүйесі (International Sistem Units) — 1960 жылы Парижде өткен мөлшер мен салмақ туралы XI Генералдық конференцияда барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығы салаларға және білім жүйесіне арналып, қабылдаған физикалық шамалардың әмбебап бірлік жүйесі.

Негізгі шамалар

Негізгі бірліктер

Ұзындық

Метр (м)

Масса

Килограмм (кг)

Уақыт

Секунд (с)

Температура

Градус (℃), Кельвин (К)

Ток күші

Ампер (А)

Зат мөлшері

Моль (моль)

Жарық күші

Кандела (кд)



Сабақты бекіту тапсырмалары:
1.Сәйкестендіру:



Шамалар

Өлшем бірліктері

1

Масса

секунд

2

Уақыт

м2

3

Көлем

м/с

4

Жылдамдық

м

5

Аудан

кг

6

Ұзындық

м3



Өз бетімен есептеуге арналған тапсырма:

    1. – жаттығу

Түсіндірмені мұқият тыңдап, дәптерге конспект жазып алады.









https://www.youtube.com/watch?v=4nMany6tePI


https://youtu.be/MN9hupHSPbo

Сабақтың соңы

Ашық сұрақтар қою /ауызша жауап/

  1. Физикалық шамалар дегеніміз не?

  2. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?

  3. Қандай физикалық шамалармен таныстың?

  4. Ауданның өлшем бірлігі өқандай?

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Оқу тапсырмасы: §3, 15-18 бет оқу, 1.1 – жаттығу 6.



Ауызша жауап береді




Ватсап желісіндегі бармақтар



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?





Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алавды



Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Математикаі сабағында
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет