1.
|
04.05.20
Науқас 32 жаста, ауруханаға қоңыр түсті қақырық бөлінуімен жөтелге, оң жақ бүйіріндегі ауырсынуға, қалтырау, дене температурасының 39℃- дейін жоғарлауына, ентігуге шағымданды. Жедел ауруын суықтаумен байланыстырды. Жалпы қарап, объективті тексергенде, айқын ентігу, кеуде қуысының зақымданған бөлігі дем алу актісінен қалатыны анықталды. Жағдайы ауыр дәрежеде. ТАЖ- 40 рет/мин. Перкуссияда оң жақта 4 қабырғаның алдында және жауырын артында перкуторлық дыбыс тұйықталған, бронхиальді тыныс, бронхофония күшейген. Пульс - 96 рет/ мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Температура - 38.8℃.
Болжам диагноз – Ошақты төменгі бөліктік оң жақтық пневмония.
|