5.
|
06.05.20
|
Науқас Т., 67 жаста, ауруханаға шөлдеу, ауыздың құрғауы, шап аймағындағы қышу, әлсіздік, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Сұрастыру барысында осы симптомдар 3 ай бұрын пайда болған. Анамнезінен: 10 жыл бойы артериальді гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады.
Қарап тексеру кезінде тері қабаттарының қызарғанын, кей жерлерде қабыршақтанғанын көрдік. Объективті: сол қарыншаның қалыңдау белгілері, соның ішінде жүрек ұшының түрткісі күшейіп, жүректің сол жақ шекарасы солға ауытқығаны анықталды.
|