6.
|
11.05.20
Ауруханаға 30 жастағы науқас жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуына, көз алдының қарауытуына, ентігу және тырнақтарының сыңғыштығына шағымданып түсті. Анамнезінен: 7 жүктілік, соның ішінде 4 түсік тастау, менструациясы 5-7 күн, көп. Жалпы қарап, объективті тексергенде, терісі және шырышты қабаттары бозғылт, құрғақ, таза. Тырнақтары жұмсақ, сыңғыш.
Болжам диагноз – анемия.
Зерттеу жоспары:
Жалпы қан анализі;
Жалпы зәр анализі;
Қанның биохимиялық анализі.
Лабораторлы және аспаптық зерттеу нәтижелері бойынша:
1. Жалпы қан анализінде:
Гемоглобин - 62 г/л, төмендеген, анемия,
Эритроциттер-2,6х10 12/л, төмендеген, эритроцитопения,
ЭТЖ - 30мм/сағ, жоғарылаған.
2. Жалпы зәр анализі қалыпты.
3. Қанның биохимиялық анализінде:
Сарысулық темір – 7,2 мкмоль/л, төмендегені анықталды.
Объективті, лабораторлы және аспаптық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, анемиялық синдроммен сипатталатын
|