Білім беру бағдарламасы кәсіби қазақ тілі қостанай, 2016



Дата23.05.2017
өлшемі345,13 Kb.
#16743
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



АМК А.байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті




Бекітемін

О және ТЖ проректоры

__________ А.Абсадыков

_______________ 2016 ж.




БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қостанай, 2016


Бағдарламаның жетекшісі:


Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Досова А.Т.
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ТжӘТ кафедрасының отырысында
27.10 2016 ж. № 7 хаттамасы бойынша қарастырыған және ұсынылған.


Бағдарлама туралы мәлімет

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан, қазір қоғам өмірінің қай саласын алып қарасақ та, мамандардың мемлекеттік тілді білуі талап етіледі. Бұл талаптың жыл санап күшейе түсіп, жұмысқа қабылдаудағы қызмет сатысымен өсу барысындағы негізгі шарттардың біріне айнала бастағандығын әр қазақстандық сезіне бастады. Сондықтан да, болашақ мамандардың өз кәсіби саласына қатысты негізгі ұғымдардың атаулары мен жиі қолданылатын оралымдарды білуге деген ұмтылыс ерекше.

Бүгінгі студент – ертеңгі болашақ маман. Әр студент маман ретінде өзінің кәсіби тілінде, яғни мемлекеттік тілде қарым-қатынасқа түсе біліп, мамандығына қатысты термин сөздерді меңгеріп, белсенді қолдана білуі тиіс.

Қазақ тілін кәсіби бағытта оқыту – ертеңгі болашақ маманның кәсіби даярлығы мен дағдыларын қалыптастыра отырып, өзінің болашақ мамандығына тән барлық аспектілермен жете танысып, игерген теориялық білімдерін тиянақтап, мамандығына деген өз көзқарастарын жан-жақты қалыптастыра бастайды.


Бағдарлама мақсаты:

Жаңа ағымға сай білікті мамандар дайындау, кәсіптік оқытудың сапасын жоғары дәрежеге көтеру мақсатында оқытушылардың кәсіби мамандыққа негізделген білім беруін, кәсіби қазақ тілін оқытудағы педагогика саласындағы әдіс-тәсілдерді және жаңа инновациялық технологияларды меңгерту. Сонымен қатар кәсіби қазақ тілі пәнінің негізгі аспектілерін, оқытудың маңыздылығы және оның жолдары туралы теория жағынан гөрі, практика жағынан тереңірек қарастыру.


Бағдарлама міндеттері:

- кәсіби маман ретінде өз мамандығының материалын мемлекеттік тілде жетік білетін оқытушыларға кәсіби қазақ тілін оқытудың бағыт-бағдарын меңгеруіне көмектесу;

- заманауи бағытындағы кәсіби қазақ тілі туралы мағлұмат;

- кәсіби қазақ тілі мен қазақ тілі пәндерінің айырмашылығы;

- кәсіби қазақ тілін оқытудың талаптары мен міндеттері;

- кәсіби қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту;

- кәсіби бағдар бере отырып оқыту – қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы;

-кәсіби қазақ тілін оқыту барысындағы коммуникативтік жағдаяттар, компоненттері, контекспен байланыстылығы, тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметі;

- кәсіби қазақ тілін оқыту бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешенін құрастыру жолдары.
Осы бағдарламаны игеру барысында әр тыңдаушы:

- семинарға уақытында қатысып отыруы тиіс;

- семинар барысында өз белсенділігін танытып, кәсіби біліктілігін байқатуы тиіс;

- семинардың соңында алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету (бір сабақ үлгісін, бағдарламаның үлгісін);



Курсты аяқтаған тыңдаушы жоба қорғайды, соның нәтижесінде тындаушыларға сертификат беріледі.

Контингент: ЖОО оқытушылары, өз кәсіби деңгейін арттыруды қалаушылар қатыса алады.
Өткізілетін уақыты: Аптаның сейсенбі күні, сағат 15.30 -17.30.

Бағдарламаны меңгерген тыңдаушы
Білуі керек:

- Кәсіби қазақ тілін оқытудың мәселерін;

- оқу пәнінің мазмұнын өңдеу және жаңартуды;

-сабақтардың барлық түрлерін өткізудің тиімділігін арттыру, әдістемесін жетілдіруді.


Игеруі керек:

- ғылымның жаңашыл талаптарына, педагогика және психологияның талаптарына сай келетін әдістемелік оқу-материалдарын дайындауды;

- оқу және тәрбие жұмыстарының бар әдістерін жетілдіріп, жаңа әдістер енгізу, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізуді;

- оқу пәндерінің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыздануын жетілдіруді.


Дағдысы болуы керек:

- Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша материалды меңгертудегі  инновациялық әдістерді тиімді қолдануға;

- педагогикалық жағдайларды талдау, педагогикалық міндеттер деңгейіне ауыстыру және оларды тиімді шешуге;

- ЖОО-дағы тәрбие процесін оптимизациялау мақсатында психолого-педагогикалық диагностика әдістерін қолдануға;

- заманауи білім беру технологиялардың қолдана отырып, білім беру процесін жобалауға.
Құзыреттілігі болу керек:

- әдістемелік дидактикалық материалдарды жасау бойынша жобалау қызметінің негіздеріне;

- оқыту мен тәрбиенің заманауи, білім беру технологияларын қолдануға.

- құзырлық тәсілдеме негізіндегі кәсіби міндеттерді шешудің өзіндік тәжірибесінің дамуын рефлекстеу және оған талдау жасау мен өздігінен білім алу қызметінің жоспарын құрастыруға.




Бағдарламаның мазмұны


Күні

Оқу сабақтарының тақырыбы

Мазмұны


Сағат

Дәріс жүргізушінің

аты- жөні, тегі

Кіріспе бөлім

қараша

Кәсіби қазақ тілін оқытудың талаптары мен міндеттері.

Сабақтың құрылысы және оны ұйымдастыру жолдары.



Кәсіби қазақ тілі туралы мағлұмат беру және оның қазақ тілі сабағынан айырмашылығы. Кәсіби қазақ тілінің талаптары мен міндеттері. Күнделікті жүргізілетін сабақтың құрылысы және оны қолдана білу жолдары.

2

Досова А.Т., ф.ғ.к., доцент

Сөздік – мәтінді меңгерудің негізі

қараша

Тіл дамыту – тілді оқытудағы басты мақсат.

Білім алушының сөздік қорын байыту.

Сөздікпен жұмыс түрлері.


Студенттің сөздік қорын байыту – тіл дамытудағы негізгі мәселе.

Жаңа сөздемен жұмыс және оларды игеру жолдары.



2

Шаматова Б.А., аға оқытушы

желтоқсан

Сабақ кезінде сөйлеу мәдениетін тиімді пайдалану.

Шешендік өнерді қолдана білу. Сөйлеу шеберлігін құра білу

2

Тулегенова Ш.И.

аға оқытушы



Мәтін – негізгі оқу құралы

желтоқсан

Кәсіби лексиканы меңгертудегі мәтіннің рөлі.

Мәтін – білім алушыны оқуға үйретудің құралы.

Мәтін арқылы тіл дамыту.



2

Досова А.Т., ф.ғ.к., доцент

желтоқсан

Мәтінмен жасалатын жұмыс түрлері

Мәтінмен жасалатын жұмыс түрлері

2

Барсақбаева А.Б.,

аға оқытушы



желтоқсан

Кәсіби тілдегі мәтінді меңгертудегі педагогикалық әдіс-тәсілдер.

Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері.


2

Нұрсеитова А.А.,

аға оқытушы



Кәсіптік тіл мәтіндеріндегі грамматика

қаңтар

Кәсіби қазақ тілін оқыту бойынша жаттығулардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері

Кәсіби қазақ тілін оқытудағы лексика-грамматикалық заңдылықтардың маңызын түсіндіру.

2

Оразбаева А.С.,

ф.ғ.к., аға оқытушы



қаңтар

Кәсіптік, маман тілін оқытуда грамматикалық жаттығулардың тақырыпты меңгертудегі орны.

Грамматика – дұрыс, нақты, дәлелді сөйлеудің түп қазығы.Кәсіптік тіл мәтіндеріндегі грамматика.

2

Нұрсеитова А.А.,

аға оқытушы



қаңтар

Кәсіби терминдерді қолдану үлгілері

Кәсіби терминдерді қолдану үлгілерін меңгерту.

2

Қайыпбаева А.,

Ф.ғ.к., доцент






Кәсіби терминдерді меңгертудің тиімді жолдары

Кәсіби терминдерді меңгертудің тиімді жолдары

2

Барсақбаева А.Б.,

аға оқытушы



Ақпараттық технологияларды кәсіби қазақ тілі сабағында қолдану

қаңтар

Кәсіби қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері


Кәсіби қазақ тілін оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін меңгерту.


2

Оразбаева А.С.,

ф.ғ.к., аға оқытушы



ақпан

Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруда қолданылатын әдіс тәсілдердің интерактивтік сипаты



Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың басты міндеттерінің бірі ретінде жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығын таныту

2

Журсиналина Г.К.,

ф.ғ.к., аға оқытушы



ақпан

Қазақ тілі сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану

ЖОО қазақ тілі сабақтарын интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану

2

Алтыбаева А.Б.

аға оқытушы



ақпан

Жаңа технология үрдісіндегі қатысым әдісі

Қатысым әдісі арқылы тіл үйретушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Қатысым әдісіндегі амал-тәсілдердің мазмұны

2

Абильбекова Б.Т.,

аға оқытушы



ақпан

Қазақ тілі сабағында модульді оқыту

Оқытуда модульдік технологияларды қолдану

2

Алтыбаева А.Б.,

аға оқытушы



наурыз

Сабақ барысында проблемалық жаттығуларды қолдану

Тіл үйренушінің терең, жан-жақты ойлануына және өз беінше мәселені шешудегі проблемалық жаттығулардың орны жайлы және оны құрастыру жолдары.

2

Абильбекова Б.Т.,

аға оқытушы



наурыз

Интеграциялық оқу мен оқыту мәселелері


Шәкірттің оқу-танымдық әрекетін жандандыру, оқытушының кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай қол жеткізу.


2

Журсиналина Г.К.

Ф.ғ.к., аға оқытушы



сәуір

Тілдің көркемдік ерекшеліктері

Тілдің көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.

2

Қайыпбаева А., ф.ғ.к.,

доцент


сәуір

Ақпараттық технологияларды кәсіби қазақ тілі сабағында қолдану.

Проблемалық сабақ түрлерін жандандыру жолдары.

Проблемалық жаттығулар түрлері.


Электронды сабақ. Интерактив арқылы оқыту.

Сабаққа презентация жасау.



2

Абильбекова Б.Т.,

аға оқытушы



мамыр

Жазбаша аударма жасаудың жолдары мен тәсілдері

Жазбаша аударма жасаудың жолдары мен тәсілдері

2

Барсақбаева А.Б.,

аға оқытушы



Кәсіби қазақ тіліне арналған оқу бағдарламасын құрастыру

мамыр

Кәсіби қазақ тіліне арналған оқу бағдарламасын құрастыру жолдары.

Оқу бағдарламасына қойылатын талаптар мен міндеттер.



Кәсіби қазақ тіліне арналған оқу бағдарламасын құрастыру жолдары.

Оқу бағдарламасына қойылатын талаптар мен міндеттер.



4

Досова А.Т.,

ф.ғ.к., доцент



Тыңдаушылардың өздік жұмысының мазмұны

қаңтар

Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясын меңгеру.

4

Тыңдаушылар

қаңтар

Қазақ тілінің орфографиясы

Қазақ тілінің орфографиясын меңгеру.

4

Тыңдаушылар

ақпан

Орфоэпия

Орфоэпияны меңгеру.

4

Тыңдаушылар

ақпан

Тіл мәдениеті

Тіл мәдениетін меңгеру.

4

Тыңдаушылар

наурыз

Практикалық сабақ үлгісін көрсету және өткізу.

Тыңдаушылар өз беттерінше сабақ үлгілерін дайындау. Өз тәжірибелерімен бөлісу.

4

Тыңдаушылар

сәуір

Презентациялық сабақ үлгілері

Тақырып бойынша презентациялық сабақ үлгілерін дайындау.

4

Тыңдаушылар

мамыр

Кәсіби қазақ тіліне арналған оқу бағдарламасын құрастыру

Оқу бағдарламасына енгізілетін лексикалық тақырыптарды жүйелеу.

2

Тыңдаушылар

мамыр

Кәсіби қазақ тіліне арналған оқу-әдістемелік кшенін құрастыру

Кәсіби қазақ тіліне арналған оқу-әдістемелік кшенін құрастырудың талаптары мен міндеттерін білу.

2

Тыңдаушылар




Өздік жұмысына арналған барлық сағат саны




28







Бағдарлама бойынша барлық сағат саны




72




Каталог: images -> LIOT
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
LIOT -> Білім беру бағдарламасы инновациялық Әдістер мен интербелсенді жана педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану қостанай,2016


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет