13-дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке қабілеттерін ескеру негізінде білім нәтижелерін бағалау Жоспары:
Бағалау мақсаты.
Бақылау әдісіне мына негізгі талаптар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды бақылау мақсаттары.
Бақылау түрлері мен тәсілдері.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен бақылау жүргізу әдістері.
Бақылауды жүргізудің жалпы талаптары.
Инклюзивті білім берудің тиімді жүйесі негізінде оқу бағдарламасын меңгеруі бойынша бағалау жүзеге асырылады.
Бағалау– сыныптық жұмыс түріне байланысты ойлау мен қызығушылықтан болатын жағдайлар, үздіксіз әрекет.
Бағалау мақсаты: жіктеу, диагностика, оқу-тәрбие бағдарламаларынөңдеу, оқу-тәрбие мониторингі, оқу-тәрбие бағдараламасын бағалау.
Инклюзивті білім беруде бағалау негізінен мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке оқу жетістіктері мен білім беру нәтижелеріне байланысты. Білім нәтижелерін бағалау әдістемесі барлық балалардың мықты жақтары мен қабілетін көрсете алуы тиіc. Ата-аналар бағалау әрекетінің толық қатысушысы бола алады, олар мектепке дейінгі (мектепішілік) білім ұйымдарында балалардың өзін қалай ұстайтыны туралы мәлімет бере алады, педагогтың баламен жасаған жұмыстарының тиімділігін обьективті бағалауға мүмкіндік береді.
Бағалау әрекетінің ең маңызды бөлігі балалардың қиындықтарын алғашқы сатысында байқай алады.
Бақылау – мақсатқа бағытталған және ақпараттың жоспарлы жиынтығымен қорытындылау. Бақылау – бұл педагогикалық-психологиялық диагностиканың көне тәсілі. Оның көмегімен бала туралы кең мәлімет алуға болады. Онда ешқандай стандарттар қарастырылмаған.
Бақылау әдісіне мына негізгі талаптар қойылады:
Бақылаудың арнайы мақсаты болуы керек. Мақсат неғұрлым қысқа әрі дәл болса, соғұрлым нәтижелері тіркеліп, шынайы айғақтар жасауға болады.
Бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша өту керек. Егер бақылаушының әрекеті нысаналы болып табылса, онда алдын ала сауалнама алынады. Нәтижесі фотолармен, жазып алулармен, дыбысталуынан айғақталады.
Зерттелетін қасиеттер аз, әрі нақты болуы керек. Неғұрлым зерттелетін қасиеттерде сұрақтар тиімдірек болса, соғұрлым ғылыми құндылығы болмақ.
Психологиялық-педагогикалық құбылыстар шынайы жағдайларда бақыланады. Мысалы, зерттеуші нысаны – баланың сабақтағы оқу жұмысы болса, онда екінші, үшінші, төртінші сабақтар алу керек. Себебі соңғы сабақтарда бала шаршамайды, ал бірінші сабақтарда ұйқысынан толық ояна алмайды, шаршаңқы отырады.
Түрлі бақылау жолдарынан алынған мәліметтер сәйкестендірілуге негізделу керек: біркелкі критерийлер, мәліметтер, белгілі бір уақыт аралығында алынған.
Бақылаушы алдын ала зерттелушінің қандай қателіктері болатынын білу керек.