Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және дәстүрлі өнер ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ БББ
|
IBB 3209– Инклюзивті білім беру пәнінің оқу - әдістемелік кешені
«Пәннің коды мен атауы»
Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) - Білім беру бағдарлама (коды, атауы) - 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика мұғалімдерін даярлау, 6В01513-Физика-информатика, 6В01514-Информатика, 6В01515-Химия, 6В01516-Химия-Биологи, 6В01518-География, 6В01519-География-тарих, 6В016198-Тарих
күндізгі
(оқу нысаны)
Қызылорда, 2023 ж.
Кешен Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі БББ мәжілісінде қаралды
Хаттама № __ « __»__ __ 2023 ж.
БББ жетекшісі__________________Бекжанова Б.Ж
Кешен Педагогика және дәстүрлі өнер бағыты бойынша Академиялық сапа жөніндегі комитетінің мәжілісінде қаралып, мақұлданған ____________________________________________.
Хаттама № «__»___ 2023 ж.
Дәрістер тезисі
Дәріс 1.Инклюзивті білім берудің жалпы теориялық негіздері.
-
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары.
-
Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары.
-
Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері.
4.Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамдық қатынас модельдері.
Барлық балаларға білім алуға жағдай жасау - дене бітіміндегі, интеллектуалдық, эмоциялық, әлеуметтік, тілдік дамуындағы ерекшелігіне қарамастан оларды педагогикалық үдеріске қосу.
Инклюзивті білім беру –
Барлық балалардың жалпы білім беру үдерісіне енуі;
Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне қарамау;
Баланының білімдік қажеттілігі мен даралық ерекшеліктеріне ортаны бейімдеу;
Адекватты білімдік жағдаятты тудыру.
Инклюзивті білім беруде Қазақстан республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:
ҚР «Білім туралы заңы»;
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау».
Мүмкіндігі шектеулі балалар:
-
18 жасқа дейінгі дене және психикалық кемістігі бар балалар;
-
Туа біткен және жүре пайда болған науқастар;
-
Естуінде кемістігі бар балалар (естімейтін, әлсіз еститін, кейіннен есту қабілеті бұзылғандар);
-
Көруінде кемістігі бар балалар (зағип, нашар көретін, кейіннен көру қабілеті бұзылғандар);
-
Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар;
-
Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
-
Ақыл-ой кемістігі бар балалар;
- Психикалық дамуында кемістігі бар балалар;
- Эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқы бұзылған балалар;
- Күрделі кемістігі бар балалар.
Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау себептері:
А) Білімдік бағдарламалардың кемшілігі;
Б) Медициналық және әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі;
В) Нақты баланың, жеткіншектің немесе ересек адамның мүмкіндігінің ескерілмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |