Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық нұсқауын есепке алу.
«Ерекше балаларды» оқыту жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жеке оқу жоспарын, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу бағдарламасын әзірлеу мәселесін шешу.
«Мүмкіндігі шектеулі» балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2002).
- Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін мектепалды даярлық және жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның сараптамасымен жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алу құқығының болуы.
Заңның 15-бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негізде техникалық кәсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқығының қарастырылуы.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті біілм беруді ұйымдастыруға арналған әдістемесілік нұсқаулығы» «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.
«Ерекше» балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:
Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту формасын ұсынды).
«Ерекше» балаларды оқытатын сыныптар:
Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емес «ерекше» баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;
Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай жасау.
Коррекциялық-педагогикалық қолдау дефектолог, психолог, әлеуметтік педагогпен бірлестікте жүргізіледі.
«Ерекше» балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда жүргізіледі:
Келісім-шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.
Профессор Р.А.Сүлейменова мүмкіндігі шектеулі балаларды мемлекеттік қолдау моделін ұсынды:
1-деңгей. Психофизикалық дамудағы ауытқушылықты анықтауға скрининг жүргізу
Арнайы қондырғылармен және әдістермен жаңа туған баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшелігін, естуін, көруін диагностикалау.
2-деңгей. Балалардың психофизикалық дамуын тереңдете бағалау.
Психикалық ауытқушылығы бар балаларды ПМПК-ға жіберу, ал мамандар диагностика, психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптама жүргізу арқылы оқыту түрін, жеке оңалту бағдарламасын әзірлеуі, балалар мен жеткіншектерге кеңес беруі қажет.
3-деңгей. Коррекциялық ықпал, арнайы және жалпы білім беретін мекеменің кешенді әлеуметтік, медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау