Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика



бет42/42
Дата07.10.2023
өлшемі7,47 Mb.
#184086
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы (коды, атауы) Білім беру ба дарлама (код

ГЛОССАРИЙ

Инклюзив – сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.


Инклюзивті білім беру - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Толықтай кіріктірілген оқыту – дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы (балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).
Толық емес кіріктірілген оқыту – психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі.
Жекелей кіріктірілген оқыту – қажетті іскерлік пен дағдыларды игеру.
Аралас кіріктірілген оқыту – сыныпта балалардың бірге оқуы, дефектолог, логопед, психолог мамандардан жүйелі көмек алуы.
Жартылай кіріктірілген оқыту – оқу күнінің жартысын арнайы сыныпта, ал жартысын әдеттегі сыныпта өткізуі.
Уақытша кіріктірілген оқыту – айына екі рет балалардың бірлесе мерекелік іс-шараларға, жарыстарға қатысуы.
Толықтай кіріктірілген оқыту – 1-2 баланың әдеттегі сыныпта немесе топта оқи алуы, коррекциялық көмекті де алуы.
Дамуында ауытқушылығы бар адамдарды оқшаулау моделі - мүмкіндігі шектеулі адамдарды «қоғамға зиян», «аяушылық нысаны», «қайырымдылық объектісі» ретінде қабылдау.
Мүгедектіктің моральдік (діни) моделі – христиан дінінде мүгедектік «күнәлары» үшін жазалау, мүгедек адам жазаланушылар деп түсіндірілсе, бұл адамның негативті әлеуметтенуіне және әлеуметтік ортадан оқшаулануына алып келеді.
Классикалық медициналық модель – адамның соматикалық және психикалық өзгешеліктерінің патологиялық ауытқумен, дефект терминдерімен түсіндірілуі.
Мүгедектіктің оңалту моделі - адамның белгілі бір қызметтерді орындай алмауы, ол үшін функционалдық ауытқушылықтарды жою немесе конпенсациялаудың маңыздылығының айқындалуы.

Өзгерістерді тіркеу парағы



Өгеріс

Бөлім

Парақ

Өзгерісті енгізу күні

Жауапты тұлғаның қолы


















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет