Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика


Дәріс 2. Инклюзивті білім берудің нормативтік құқықтық базасы



бет3/42
Дата07.10.2023
өлшемі7,47 Mb.
#184086
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы (коды, атауы) Білім беру ба дарлама (код

Дәріс 2. Инклюзивті білім берудің нормативтік құқықтық базасы.

  1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуын қамтамасыз ететін құжаттар.

2.Әлемдегі инклюзивті білім берудің даму перспективалары

1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің мүмкіндігі шектеулі адамдарының білім алуы мен қамтамасыз етілуі мәселесін төмендегідей құжаттармен айқындап берді:


1948 ж.Адам құқығы туралы Декларация;
1960 ж.Білім саласындағы дискриминациямен күресу туралы конвенция;
1959 ж.Бала құқығы туралы Декларация;
1971 ж.Ақыл-ойы кем адамдар туралы Декларация;
1975 ж.Мүгедектер құқығы туралы Декларация;
Адам құқығы туралы декларацияда білім берудің гуманистік құндылығы былай беріледі:
«Білім беру адам тұлғасының толыққанды дамуына бағыттау және адам құқығын құрметтеуді арттыру.Білім беру өзара түсіністікке,төзімділікке халықтар,нәсілдер,діни топтар арасындағы достыққа бағыттауы және БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдауына ықпал етуі қажет».
1959жылы- Адам құқығытуралы декларация

  • Соматикалық,психикалық және әлеуметтік қатынастағыауытқушылығы бар балаларға білім беру,қамқорлық жасауы және арнайы күн кестесін әзірлеуі қажеттігі мәселесінің нақтылануы.

1960жылы- Білім беру саласындағы дискриминациямен күресу туралы конвенция.
а) Жеке тұлға немесе топ үшін білім беру саласындағы кез келген мекеме немесе деңгейінің жабық болуы.
1971жылы- Ақыл- ойы кем адамдардың құқығы туралы декларация:
1)Ақыл ойы кем адамдардың құқықтарының да өзге адамдармен бірдей сақталуы;
2)Ақыл ойы кем адамдардың емделуі, білім алуы,еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруі арқылы олардың мүмкіндігін дамыту, отбасында өмір сүруі немесе арнайы мекемеге жіберілуі.
1971жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың одағы құрылып, жаңа әлеуметтік тұжырымдама әзірленіп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындығы қоғамдағы кедергілерге байланысты туындағаны талданды. Қоғам осындай кедергілерді тудыра отырып мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды дамуын тежейді.
1975 жылы -Мүгедектер құқығы туралы декларация. Ментальдық және өзгеде денсаулығындағы ауытқушылығы бар адамдардың білім беру және әлеуметтік құқығын қамтамасыз ету нормалары.Бұл құқықтар нәсілдік,жыныстық,тілдік,діни,саяси немесе өзгеде сенімдерге ұлттық немесе әлеуметтік тегіне,материалдық жағдайына қарамастан мүгедек үшінде және оның отбасы үшінде сақталуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет