Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика


-дәріс. Педагогтар мен әр түрлі мамандардың инклюзивті білім



бет14/42
Дата07.10.2023
өлшемі7,47 Mb.
#184086
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы (коды, атауы) Білім беру ба дарлама (код

9-дәріс. Педагогтар мен әр түрлі мамандардың инклюзивті білім
берудегі әртүрлі функционалдық міндеттері
Жоспары:

  1. Педагогтар мен әр түрлі мамандардың инклюзивті білім берудегі әртүрлі функционалдық міндеттері.

  2. Қосымша білім беретін педагогтар міндеттері.

  3. Педагог-психологтардың қызметтерінің негізгі бағыттары.

  4. Коррекциялық-дамыту жұмыстарының формалары.

Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңаша идея мен білімді талап етеді. Әр түрлі мамандар мен педагогтардың, мүмкіндігі шектеулі балаларға, тәрбие беру мен оқытуының мәні, бүкіл ұжым балалардың жақсы жағдайда білім алуына қатысады.Ұжымда жұмыс жасай отырып, топтың әр мүшесі алдына қойылған мақсат пен тапсырылған жұмысты уақытында орындау керек.


Сонымен, дефектолог-оқытушы міндеті:

  • Мектепке дейінгі және мектептегі, мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптағы, сабақ барысын ұйымдастыру;

  • Тәрбиешілер кеңесі, музыка мұғалімі, дене шынықтыру мұғалімі, әлеуметтік педагог, қосымша түзету педагогикалық процесі мен топтағы балалар әрекеті бойынша сұрақтарға жауап беру;

  • Топтық сабақтар мен конференциалды сабақтар методикасы бойынша іріктеуде көмек көрсету.

Оқытушы-логопед сөйлеуінде мүкістігі бар балалар мен коррекциялық жұмыс жасайтын маман.
Оқытушы-логопедміндеттері:

  1. Тәрбиеленушілерді зерттеп, олардың сөйлеуіндегі деффектілерді анықтау;

  2. Топтық, индивидуалдық сабақтар өткізу арқылы коррекциялық жұмыстар жүргізу;

  3. Сөйлеуінде кемістігі бар балаларға, түзету жұмыстарына байланысты, қажетті кеңестер беру.

Педагог-психолог маманның міндеттері:

  • Баланың әлеуметтік, психологиялық, соматикалық жағдайын бір қалыпта сақтау;

  • Ата-аналар мен балаларға, педагогтар мен ұжымға нақты бір қиындықта шешім қабылдауға көмек беру;

  • Психологиялық диагностика жүргізу;

  • Балалардың дамуындағы (ақыл-есінен,физикалық,эмоционалды)ерекшеліктерін зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет