Байланысты: Білім беру ба дарламасы (коды, атауы) Білім беру ба дарлама (код
Дәріс 7. Гипербелсенді және Даун синдромы бар балалармен жұмысты ұйымдастыру 1.Гипербелсенді балаларды педагогикалық психологиялық сүйемелдеу және психологиялық диагностикалау.
2. Даун синдромы бар балаларды педагогикалық психологиялық сүйемелдеу және диагностикалау
Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігінің белгісі
Ата-аналар баласының аса жоғары белсенділігінің бірінші белгілеріне сәби кезінен-ақ ұшырасуы мүмкін. Әрине, энергиясы шамадан тыс асып , желігіп тұрған кез-келген баланы жүйке жүйесінің бұзушылығы бар немесе ауруы бар балалар санатына жатқызуға болмайды. Егер балалар кей-кейде қырсығып немесе айтқанды істемей жатса – бұл бірқалыпты жағдай. Мысалы, ұйықтайтын уақыт болғанда балалар төсек үстінде жүгіріп, ұйқыдан ерте тұрып алса немесе дүкенде наз көрсетіп, жүріп алса бәрі нормаға сәйкес жайт. Алайда ата-аналар осы жағдайды өз бетінше жоя алмай, бала ашулы және импульсивті халде қала берсе, онда мамандарға жүгіну қажет болады.
ГЗЖБ көптеген балаларда кездеседі (әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша шамамен осы белгіден сәбилердің 10 % зардап шегеді) және бұл белгі олардың әлеуметтік бейімделуіне кедергі етеді . Осы белгі қыздарға қарағанда ұлдарда 4-5 есеге жиі кездеседі. ГЗЖБ бастапқы пайда болуын кейде бала өмірінің бірінші жылында-ақ байқауға болады. Бұндай балалар әр түрлі қоздырғыштарға (мысалы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, баланың күтіміне байланысты анасының әр түрлі әрекеттеріне т.с.с) аса сезімтал болады, олар қатты жылаумен, ұйқысының жиі бұзылуымен (әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, сергектігі басым) айрықшаланады, қимыл-қозғалыстық әрекеттерінде аздап қалыс қалушылық байқалуы, (1-2 ай кейін аунап, еңбектеп, жүре бастауы мүмкін), сондай-ақ кеш сөйлеуі мүмкін, олар инертті, пассивті және айтарлықтай эмоционалды болмайды.
Сәбидің бірінші жылында ата-аналар үшін баланың аса көп қозғалуы, олардың бейберекеттігі (қозғалыстық тынышсыздығы) уайым болады. Осындай балаларды бақылаған кезде дәрігерлер олардың сөйлеу мәнерінің дамуында кідірісті байқайды (балалар кеш сөйлай бастайды) , балаларда моторлық икемсіздік (ебедейсіздік) байқалады және олар күрделі қозғалыстарды (секіруді) кеш жасайды.
Бір қалыпты даму жағдайында үш жас - бала үшін ерекше жас болып табылады. Бір жағынан осы жаста баланың зейінділігі мен есте сақтау қабілеті қарқынды дамыса, , екінші жағынан дамудың бірінші дағдарысы байқалады. Осы кезеңдегі негізгі проблемалар баланың өз -өзімен және белсенді болғаннан басқа теріс қылықтың (негативизм), қырсықтық пен асаулықтың артуы болады. Осы жаста бала жеке адам ретінде өзінің ықпал ету шекарасын белсенді түрде қорғап, өзінің «Менін» көрсетеді. Сондықтан 3-4 жастағы балалардың ата-аналары бұндай мінез-қылықты бірқалыптыға жатқызып, дәрігерге көрінбей жүре береді де кейіннен бала-бақшаға барған кезде тәрбиеші баланың тәрбиеге бағынбайтынын айтқан кезде немесе мұғалімі баланың гипербелсенділігіне және сабақ кезінде бір жерде тыныш отырып, тапсырманы орындай алмайтынына шағымданған кезде олар үшін қолайсыз жайт болады. Осы барлық «күтпеген» мінез-құлықтар гипербелсенді баланың жүйке жүйесіне түскен физикалық және психикалық жүктемелердің ауыр болуына байланысты және оның өзіне қойылған жаңа талаптарды еңсере алмауына байланысты орын алып жатады.
Бұндай бала кейіннен өз қылықтарының неге апаратынын білгісі келмей, жасөспірім кезінде кейде агрессиямен ұштасатын импульсивтілігімен қоғамға қайшы келетін қылықтарды көрсетіп, беделді адамдарды мойындамайтын болады.
Қандай жаста болмасын өз балаларынан осындай бұзушылықтарды байқаған ата-аналар баланы невропатологке немесе психиатрға апарып , тексертіп алуы тиіс. Себебі, кейде ГЗЖБ бетпердесінің астында одан да күрделі басқа аурулар жасырынып жатуы мүмкін.
ГЗЖБ диагностикалау
Бар белгілерге қарай осы диагноздың үш нұсқасы айқындалған Зейіннің жетіспеушілігісіз гипербелсенділік.
Гипербелсенділіксіз зейін жетіспеушілігі (бұл көбіне қыздарда байқалады, олар байсалды, тыныш, қияли болады).
Гипербелсенділік пен зейіннің жетіспеушілігі
Бұдан басқа бұл диагноздың қарапайым және күрделі түрі болады. Егер осы белгі бірінші жағдайда тек зейінсіздікпен және гипербелсенділікпен сипатталса, екінші жағдайда осы белгіге бас аурулары, дене тартулары, кекештену, ұйқының бұзылуы секілді қолайсыз бұзушылықтар қосылады.
Зейіннің жетіспеушілігі бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да туу кезіндегі зақымдаулар мен ЦНС инфекциялық зақымдаулары секілді басқа аурулар нәтижесінде туындауы мүмкін.
Мінез-құлықтың ерекшеліктері
Баланың еті тірі, қозғалып қалған, белсенді болса несі бар ? Оның үстіне ол кішкентай болғанына қарамастан компьютерді әжесінен бұрын жақсы меңгеріп, күрделі ойыншықты қозғалысқа келтіре алды деп ақталуымыз мүмкін. Оның қажеті болмайды, себебі, дәрігерлер баланың дамуына кідіріс бар деген жоқ. Алайда оның тынышсыздығы, баймаздығы, жүгірісі, жыбырлақтығы, шыдамсыздығы, түсініксіз жауаптары кез-келген адамның ашуына тиюі мүмкін. Кез-келген ширақ баланы гипербелсенділер қатарына жатқызуға асықпаңыз. Егер балаңыздың энергиясы шегінен асып, бойына сыймайтындай көп болып, кейде қырсығып жатса немесе тіл алмай жатса бұл гипербелсенділікті білдірмейді. Егер сіз ұзақ уақыт құрбыларыңызбен сөйлесіп , ол ашуға салып, тыныш тұра алмаса немесе тыныш отыра алмаса – бұл да қалыпты жағдай. Сонымен бірге бұндай балаларды ұзақ сапарлар, көшіп-қонулар, мерекелер , қонақтар мен басқа да «ісшаралар» қатты шаршатуы мүмкін.
ГЗЖБ пайда болуы
Зейінсіздік:
Бұндай бала кез-келген тапсырманы (мектепте, балабақшада) орындау кезінде өзі қателіктер жіберіп алған жерге зейінін салуға қабілетті болмайды;
өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді;
бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізбейді және өзіне ұнамаған жұмысқа наразылығын осылай білдіретін болады, сондай-ақ, ол жұмыс ережелерін біліп, оларды ұстануға тырыспайды
өз қызметін ұйымдастыру кезінде үлкен қиындықтарды сезінеді;
ұзақ күрделі ақыл жұмысын қажет ететін тапсырмалардан барынша аулақ болуға тырысады;
мектепте және үйде қажет болатын заттарын жиі жоғалтады: анасы алдын-ала барлығын жинап, салып берген болса да балабақшада қалпағын, сыныпта қаламын немесе күнделігін таба алмай жүреді.
сыртқы ынталандырмаларға оңай алаңдап кетеді;
үнемі бірдеңені ұмытып жүреді.
Гипербелсенділік:
бала тынышсыз, мазасыз, себепсіз қолды, аяқты көп сермей береді, орындықта шайқалақтайды, үнемі артына қарай береді;
орнында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз ұшып тұрады, сыныпта ерсілі-қарсылы жөнсіз жүре береді және т. б.;
бұндай баланың әдетте қозғалу белсенділігі белгілі бір мақсатқа ие болмайды. Ол жай ғана жүгіріп, айналып, көтеріліп, кейде қауіпті болатынына қарамастан бір жерге мініп алуға тырысады.
тыныш ойындарды ойнай алмайды, демалып, тыныш отыра алмайды, белгілі бір нәрсемен айналыса алмайды;
көп сөйлейді.