Әр баланың қызығушылығын, қабілетін, қажеттілігін анықтау
Бақылау педагогке баланың жеке қабілетін білуге көмектеседі, яғни бағдарламаға дұрыс мотивациялар енгізуге болады.
Белгілі бір уақытта баланың өсу және даму жүйесін бағалау
Бақылау педагогке ойлау, физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын көрсетеді.
Қоршаған ортада өзгерістердің қажеттілігін анықтау
Баланың ойын орындары мен құралдарды пайдалануын бақылауда педагог баланың қажеттілігін қанағаттандырылғандығын біле алады (мысалы, екінші дананың не үшін қажеттілігі немесе ойын орындарын ауыстыру қажет пе?).
Мәселені анықтау
Балаларға арнайы көмек қажет екендігін анықтайды. Бұл түрлі кезеңдер болуы мүмкін есту нашарлығынан бастап, қосымша күтімнің қажеттілігіне дейін. Мұндай мәселелер анықталса, арнайы мамандар тартылады.
Оқу жоспарының коррекциялық қажеттелігін бағалау
Бақылау негізінде педагогтар оқу жоспарының немесе күн тәртібінің бала қажетіне байланысты қызығушылығын қорытындылайды.
Ата-аналар және басқа мамандар үшін пайда келтіретін балалар туралы ақпараттар жинақтау
Бақылау түрлері мен тәсілдері
Бақылауға алынған бақылау – жағдайды алдын ала ойластырылып, жоспарланған бақылау. Көбіне педагог бақылаушымен таныс, бірақ оған кейбір нақты мәселелер қажет болғанда жүргізіледі.
Бақылауға алынбайтын бақылау – педагогтің (бақылаушының) болып жатқан оқиғаға еріксіз қатысуы. Бақылаушы өзін балаларға зерттеуші түрінде білдірмей, кейбір әлеуметтік бақылау жүргізу. Мұндай бақылау балалардың алғашқы оқу кездерінде басталып, одан әрі қарай түрлі ақпараттармен толықтырылады.
Ашық бақылау – бақыланушыға оларды бақылап тұрғандығы туралы хабардар ету.
Жабық бақылау – бала өзінің бақылауда екендігі туралы білмейді. Мұндай бақылау өте тиімді. Себебі өзі керек сұрақтарға шынайы жауап алуға болады. Оның әрбір әрекеттерін, қажеттіліктерін нақты анықтауға болады.